№3 Лекция тақырыбы: Критериалды бағалау оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру технологиясы ретінде
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі мақсаты, міндеттері, мәні мен мазмұны, қағидаттары және негізгі идеялары туралы білімді қалыптастыру, оқыту үдерісіндегі педагогикалық бақылауды талдау, оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін, өзін-өзі және өзара бағалау дағдыларын қалыптастыруда критериалды бағалаудың тиімділігін зерделеу.
Лекция мазмұны: Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
Оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалау дағдыларын қалыптастырудың қажеттілігі
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде.
Критериалды бағалау жүйесі бағалау рәсімдерінің сапалылығына, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне және әр оқушының оқудағы қажеттілігіне бағытталған. Бағалау ұғымы латын тілінде «assessio» деген сөзбен беріледі. Оның мағынасы «бірге отыру» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде мұғалім оқушымен «отырады», оқушының рәсімді қолдануы үшін ғана емес, рәсімді онымен бірге және ол үшін өткізеді. Сондықтан, критериалды бағалау жүйесінің негізгі басымдықтары оқушыларды дамыту, олардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, бағаға қатысты қобалжуын, қорқынышын бағалау рәсімдеріне қатыстыру және түсіндіру арқылы азайту болып табылады. Егер анық және өлшенетін бағалау критерийлері болса, әр оқушыға және оның ата-анасына түсінікті болса бұған жетуге болады. Нақты жасалған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да мыналарды түсінетін болады:
• Оқушы оқудың қай сатысында?
• Ол өзі оқуда неге талпынады?
• Оның оқуда күтілетін нәтижелерге жетуіне көмектесу үшін не істеу қажет?
«Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру»(2014) ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру,маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар ретіұсынылған. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу,жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерінанықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттықстандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімдіжүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімдіқолдану қажеттілігі ескертіледі.