Лекция тақырыбы: Критериалды бағалау оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру технологиясы ретінде Лекцияның мақсаты мен міндеттері



бет8/9
Дата24.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#86021
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3-лекция Бағалаудың өлшемдік технологиялары

Мұғалімнің бағалауы Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалауүдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстардымұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруіолардың қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолданаалуына байланысты.
Өзін-өзі бағалау Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзібағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзібағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өзбетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек.Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күштіжәне әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білімалушыларды не білетініне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективтіқарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінінанықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауытым жоғары немесе өте төмен болатын жағдайлар да кездеседі. Бұлсабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді.Мұндай білім алушыларға мұғалім барынша объективті түрде көмекбергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануынаболады (1-кесте).
1-кесте. Өзін-өзі бағалауға қатысты сұрақтардың мысалы



Бұдан басқа, өзін-өзі бағалау кезінде мұғалім білім алушыларға дәлелдер келтіру, өзін-өзі бағалау нәтижелерін талқылау, дескрипторларды қолдану, үздік жұмыс үлгілерін көрсету және т.б. арқылы да көмек беруіне болады.


Өзара бағалау
Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы. Д.Уильям кері байланыс беруші және сыныптасының жұмысын зерделеуші білім алушылар өз нәтижелерін келешекте айтарылықтай жақсартатынын атап көрсетеді. Бұл арқылы олар бағалау критерийлерін терең түсініп, қолдана бастайды, сондай-ақ, «жақсы» жұмыстың қандай болатыны туралы ұғымы пайда болады. Сондықтан ұйымдарда критерийлер мен бағалау тапсырмаларын құрастыруда, білім алушылардың жұмыстарының үлгісін таныстыруда өзара бағалауға көбірек назар аударады. Өзара бағалау салыстыру, аргумент келтіру, коммуникация, дәлелдер іздеу, сыни ойлау сияқты белгілі дағдыларды меңгеруге
мүмкіндік береді. Білім алушылардың жауапкершілігін, ынтасын, қызығушылығын арттыруда өзара бағалаудың мүмкіндігі ерекше. Білім алушылар кеңесші және сарапшы рөлінде сөйлеуге мүмкіндік ала отырып, өз түсініктерін сыныптастарының түсінігімен салыстыра алады. Мұның барлығы өзара бағалау қалыптастырушы бағалаудың маңызды
компоненті екенін көрсетеді. Білім алушылардың өзара бағалау үдерісінде мұғалімнің рөлін атап өту қажет. Мұғалім білім алушылардың өзара бағалау мақсатын түсінетініне, сыныптағы мәдениетті сақтап, дамытатынына, өзара бағалауда нақты болжалды ұсынатынына көз жеткізуі керек. Мұғалімнің өзара бағалау үдерісінде жетекшілік жасауы, нұсқау беруі ғана емес, мүмкін болатын салдарларды қадағалауы да маңызды. Мұнда өзара бағалау білім алушылардың нәтижелерін жетілдіруге мүмкіндік бере ме, олардың арасындағы өзара бағалауды арттыра ма және т.б. сұрақтар қойылуы қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет