Лекция тақырыбы: Периодтық системаның VIІI b топ элементтері



бет5/7
Дата22.04.2023
өлшемі42,74 Kb.
#85687
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
14 лекция

ҚолданылуыТемір топшасы элементтерінің көбінесе құймалары қолданылады: өндірістің барлық салаларында. Кобальт аса қатты құймалар алуға, никель органикалық синтездерде катализатор ретінде, темір(ІІІ) оксиді бояу жасауға, никельден химиялық қондырғылар жасауға, никель ракета техникасында, темірден жасалған конструкциалық материалдарды никельмен жабуға никель қолданылады
Никель, темір, кобальт иондары микроэлементтер.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын есептер мен жаттығулар
1. Балқытқан кезде жүретін мына реакциялар теңдеулерін аяқтау қажет:
а) Fe2O3+KNO3+KOH→…; б) Fe2O3+KClO3+KOH→…
2. Күкірт қышқылы ортасында K2FeO4 және калий иодиді арасында жүретін реакция теңдеуін жазу керек.
3. Na2CO3 ерітіндісін а) темір(II) сульфаты ерітіндісіне: б) темір(III) сульфаты ерітіндісіне қосқанда қандай процесс жүреді? Реакциялар нәтижесі неге әр түрлі? Реакциялар теңдеулерін жазу керек.
4. 1т 24%-ті K4[Fe(CN)6] ерітіндісін тотықтыру үшін хлордың
(00С және 101,3кПа) қандай көлемі қажет?
5. Аз еритін судағы темір(II) карбонаты ерітіндісі а) оны көміртегі диоксидімен қанықтырғанда; б) ауада тұрғанда қандай құбылыс болатындығын реакция теңдеулерімен көрсету керек.
6. Ішкі сфераны нитрит-ионымен біртіндеп ауыстырып [Co(NH3)6]Clкомплексінің К3[Co(NО2)6] комплексіне өтуінің қатарын көрсету қажет.
7. Көмір(II) оксидімен темір, кобальт, никель қандай қосылыстар түзеді? Зарядсыз темір, кобальт, никель атомдарының электрондық структурасына сүйеніп, бұл қосылыстар құрамының әр түрлі болатындығын түсіндіру қажет.
8. Стандартты электродтық потенциалдар мәніне сүйеніп, мына тотықсыздандырғыштардың а) Zn; б) Ni; в) H2S қайсылары (қайсысы) Fe2O3 оксидін бос металға дейін тотықтырады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет