Бейметалдарменқосылыстары тек галогендермен, күкіртпен валенттіліктеріне сәйкес қосылыстар түзеді: 2Fe + 3Cl2→ 2FeCl3;
Co,Ni + Cl2 → ЭCl2. Галогенидтері суда жақсы ериді, гидролизге ұшырайды.
Fe + S → FeS; Э + S → ЭS(Co,Ni) сульфидтері суда ерімейді.
Э(ЭО) + 2HCl → ЭCl2 + (Н2)H2O; ЭF2 ғана суда ерімейді, Co +S→CoS;
CoCl2 + (NH4)2S → CoS↓ + 2NH4Cl.
Сульфаттарын металдарды не оксидтерін сұйытылған күкірт қышылында ерітіп алады: Э (ЭО) + H2SO4(сұйыт.) → ЭSO4 + H2 (H2O);
Ерітіндіден олар кристаллогидрат ретінде бөлінеді: ЭSO4 ×7H2O(купорос):
FeSO4 ×7H2O – ашық жасыл, CoSO4×7H2O – қызыл, NiSO4×7H2O – жасыл. Fe2O3 + 3H2SO4(конц.) → Fe2(SO4)3 + 3Н2О.
Fe2(SO4)3×6Н2О не Fe2(SO4)3×10Н2О;
Нитраттар: 3Э + 8HNO3(сұйыт.) → 3Э(NO3)2 + 2NO + 4H2O;
Э(NO3)2 . 6Н2О тек Fe(NO3)3 - те ғана кристаллогидрат белгілі:
Fe + 6HNO3(25%) +6H2O → Fe(NO3)3 ×6H2O + 3NO2 + 3H2O.
Карбонаттар: FeCO3; CoCO3.6H2O; NiCO3.6H2O. Қос тұздар (шениттер): (NH4)2[Fe(SO4)2]; (NH4)2[Fe(SO4)2]×6H2O – Мор тұзы, темірдің +2 тотығу дәрежесі бұл қосылыста тұрақты, ал FeSO4 тұзында +2 тотығу дәрежесі ауа оттегісімен тез тотығады. Ашудастар (NH4)2SO4×Fe2(SO4)3×24H2O; (NH4)2SO4×Co2(SO4)3×24H2O тек темір мен кобальтта белгілі, никельде осындай қосылыстар жоқ; Бұл элементтерді анықтау үшін:
Fe3+ анықтау үшін (сапалық реакция): Fe3+ +NH4CNS → Fe(CSN)3 қызыл;
Ni+2 + диметилглиоксим (Чугаев реактивы) → қызыл↓
Fe2+ + гем →гемоглобин;
Fe(OH)2 сілтілермен әрекеттеспейді, бірақ минералды қышқылдармен әрекеттесіп, тұздар түзеді. Кобальттың(ІІ) гидроксидтері 2 модификация түрінде болады: көк тұнба – α-Со(ОН)2 және β- Со(ОН)2 – алқызыл тұнба.
Сонымен, бұл металдардың қышқыл-негіздік қасиеттерінің, тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің өзгеруінде, тотығу дәрежелерінің тұрақтылықтарында белгілі бір заңдылықтар бар. Темірге тұрақтырақ т.д. +3, никельге − +2, ал кобальт қосылыстары үшін +2,+3 т.д. тұрақтылықтары бірдей. Сондықтан кобальт пен темірге аралас оксидтер (Э3О4) түзу тән, никельде аралас оксид жоқ. Барлық d-металдар комплекс қосылыстар түзуге қабілетті. Э(+2) иондары үшін аммиакты комплекстерінің тұрақтылығы Fe – Co – Ni қатар бойынша артады.
[Э(NH3)6]2+ суда ерігенде олар бұзылады:
[Э(NH3)6]2+ + 2Н2О → Э(ОН)2 + 2NH4+ + 4NH3.
Никельдің аммиакты комплексі тұрақты. [Э(ОН)6]3+,[Fe(СN)6]3+; [Fe(СN)6]4+; [Fe(С2O4)3]3+ тағы сол сияқты комплекстері бар. Цианидты комплекстер темір мен кобальтқа тән, тұрақты, бұл комплекстердің бос күйінде комплекс қышқылдары да бар. Цианидты темірдің комплекстері темір(ІІ, ІІІ) анықтауға қолданылады:
4FeCІ3 + 3К4[Fe(СN)6]→ Fe4[Fe(СN)6]3 ↓ +12КСІ калийдің гексациано(ІІ) ферраты, темір(ІІІ) үшін реактив, ол көк түсті тұнба түзеді, берлин лазурі деп аталады:
3FeCІ2 + 2К3[Fe(СN)6]→ Fe3[Fe(СN)6]2 ↓ +6КСІ, калийдің гексациано(ІІІ) ферраты, темір(ІІ) үшін реактив, ол көк түсті тұнба түзеді, турнбулль көгі деп аталады. Темір топшасы металдары СО-мен қосылып карбонилдер деп аталатын комплекстер түзеді. Олар реакцияға түскіш, улы заттар. Карбонилдер аса таза металдар алу үшін қолданылады.