Лекция тақырыбы: Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



бет2/4
Дата06.10.2023
өлшемі37,83 Kb.
#113233
түріЛекция
1   2   3   4
Т әрбие мақсаты Тәрбие процесі Тәрбие нәтижесі
Бұдан туындайтын ой – мақсат тәрбие процесінің мазмұнын айқындайды, мақсат тәрбие нәтижесінде негіз болады, мақсат – педагогтің кәсіби іс-әрекетінің баға өлшемі, мақсат – педагог санасының үздіксіз айналымды жүретін ой обьектісі. Бұған қосымша, тәрбие жүйесі толығымен мақсатқа тәуелді, оған орай өз мағынасына ие болады.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымын қалыптастырады, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан, тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Тәрбие - біртұтас үдеріс
Тұтас педагогикалық үдеріс дегеніміз - оқушылар мен мұғалімдердің, тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің келісілген қызмет жүйесінен тұратын ғылыми талаптарға сәйкес құрылған оқу-тәрбие процесі. Егер тәрбие біртұтас үдеріс күйінде ұйымдастырылса ғана, оның барша мүмкіндіктері толығымен ашылады. Осы тұрғыдан тәрбиелік үдерісті педагог пен шәкірт әрекеттері іске асыруы тиіс жүйе құрастырушы жағдаятты, мақсаты тәрбиеленуші тұлғасын дамыту болған біртұтас қозғалысты жүйе ретінде қарастыруға болады. Тәрбиелік үдеріс тәлім мекемесіндегі педагогикалық қызметтің ажыралмас өзегі. Сонымен бірге бұл үдеріс оқу-үйретім, тәрбие мекемесінің ұйымдастыру аймағымен шектелмей, әлеуметтік ортадан болатын барша ықпалдарды да ескерумен атқарылады.
Тәрбие үдерісінің қозғаушы күші - бұл тәрбиеленушіге бағытталған әрқилы да әртарапты әсерлер мен оның біртұтас тұлғасын қалыптастыру ниеттері арасындағы қайшылықтар тоғысында туындайды. Егер педагог тарапынан қойылған тәрбие мақсаттары шәкірттің даму мүмкіндіктерінің жақын аймағынан болып, әрі олардың маңыздылығы оның болмысына сәйкес келсе, қандай да қарама-қарсылық ықпалды қозғаушы күшке айналады.
Бұл тұрғыдан, “тәрбие үдерісі” және “тәрбие жүйесі” түсініктерінің арасындағы өзара байланыстықты қарастырған жөн. Әлбетте, бұл екі құбылыс арасындағы байланыс табиғи құбылыс. Біртұтас педагогикалық үдеріс есептелетін тәрбие жұмыстары педагог пен тәрбиеленушілер арасындағы әрекеттестік байланыстарға негізделеді. Жетекшілік бұл үдерісте педагогтар есесіне тиеді. Тәрбие жұмысы үш түрлі қызметтің іске асуына байланысты жүргізіледі:
- педагогтың шәкіртке тікелей ықпал жасауы: бала дамуының ерекшеліктерін, қоршаған ортасы мен қызығуларын зерттеу; тәрбиелік ықпалдарды бағдарлау; баламен жеке-дара жұмыс алып барудың әдістері мен формаларының кешенін іске асыру; тәрбиелік ықпал тиімділігін талдау;
- тәрбиелеуші орта түзу: ұжымды ынтымақтастыру; жайма-шуақ көңіл жағдайын қалыптастыру; тәрбиеленушіні әртүрлі әлеуметтік қызметтерге тарту; балалардың өзіндік басқарым тетіктерін дамыту;
- әлеуметтік қатынастар субъекттерінің балаға тигізетін әсер-ықпалдарын реттеп бару: отбасыға әлеуметтік жәрдем; педагогикалық ұжыммен әрекеттестікке келу; бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын реттеп беру; әлеуметтік келеңсіз ықпалдарын оқшаулау; басқа да тәлім-тәрбиелеу мекемелерімен байланыстар түзу. Тәрбие жұмысындағы педагогтың басты қызметі – ұйымдастырушылық, яғни мақсат белгілеу, жоспарлау, үйлестіру, тиімділікті талдау, т.с.с.
Өзіндік тәрбие өзіндік басқарым үдерісінде орындалады. Бұл үшін әр адамның өз мақсатын, әрекет бағдарламасын жасап, бағдарлама орындалуына бақылау қойып, нәтижелерді бағалау, қажет болса, реттеу, түзетулер енгізе білуі қажет.
Өзіндік тәрбие әдістері:
- өзін өзі тануы: өзіндік бақылау, өзіндік талдау, өзіндік баға, өзіндік салыстыру;
- өзін өзі меңгеру: өзіндік сенім, өзіндік қадағалау, өзіндік билеу, өзіндік иландыру, өзіндік қолдау, өзіндік есеп, өзіндік мәжбүрлеу;
- өзіндік ынталандыру: өзіндік бейім, өзіндік қуат-қолдау, өзіндік жаза, өзіндік шектеу.
Өзіндік талдау, өзіндік баға, өзіндік қадағалау, өзіндік реттеу, өзіндік сендіру - өзіндік тәрбие тәсілдерін қолдану.
Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» үғымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі, өйткені бұл жөнінде әртүрлі көзкарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі-ак дәлел бола алады.
Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.
И.С.Макаренконың анықтамасы бойынша тәрбие әдісі - бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау.
В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. Сонымен әртүрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады.
Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс- әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді.
Адамзат дамуының кай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттілігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттілігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттілікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан карағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам-жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі. Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық тарихи жағдайларына тәуелді болады.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық философиялық ой- пікірлер пайда болып қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады. Білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес. Сондықтан да В.И.Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп дәлелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды деді ол. Философия, социология, этика ілімдерімен қаруланған педагогика ғылымы адамды барлық жағынан дамытып, жарасымды етіп тәрбиелеуді өз алдына айқын мақсат етіп қойды. Халықка білім беру кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіріп отыруды көздейді. Бұл әсіресе қазіргі қайта құру кезеңінде ерекше маңызды.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырды. Олай болса әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне міндеттері мен мақсатын жете түсіну керек. Осыған орай тәрбиенің негізгі мақсаттары:
а) жастарды өзі өмір сүретін қоғамға бейімдеу, әлеуметтендіру;
ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
б) бәсекелестікке төтеп беретін қасиеттерге тәрбиелеу.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің кұрамды бөліктері: ақыл-ой тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б. Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін-өзі дамытып, барлық іскерлігімен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әрқашан дайын болуы қажет. Міне, сонда ғана мектептегі тәрбие жұмысының жемісті болуы мүмкін.
Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның коғамға, адамдарға өз-өзі қатынастар жасауға және олардық шеңберін кеқейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық мәнінің өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын оның рухани жан дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні-адамның қоғамдық мазмұнының әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастар жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бір қатар мәселелерін шешуді қамтиды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет