Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет17/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Òà?ûðûáû Ò?ðê³ ôèëîëîãèÿñûíû? òàíûìäû?, ò?ðáèåë³ê ì?í³.

Бақылау сұрақтары:

  1. Араб тілі мен жазуының өріс алған кезеңі.

  2. Араб жазулы түркі ескерткіштерінің жанры.

  3. «Диуани луғат-ит түрк» еңбегі туралы.

  4. «Диуани хикмет» туралы.

  5. Араб жазулы түркі ескерткішін зерттеушілер.

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

  1. Араб жазулы қыпшақ ескерткіштері.

  2. Араб жазулы көне түркі ескерткіштері, олардың жиналуы және зерттелуі.

Қажетті әдебиеттер:

  1. А.Аманжолов. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – А., 1996

  2. М.Ескеева. Қазақ жазуының тарихи негіздері. – Астана, 2002

  3. Ә.Қайдар., М.Оразов. Түркітануға кіріспе. – А., 2004

13 лекция. Тақырыбы: Араб алфавитінің құрамы мен оның түркі тілдерінде қолданылу тарихы.



Жоспары:

  1. Араб алфавитінің құрамы.

  2. Барлық әріптердің дауыссыз дыбысты таңбалайтыны.

  3. Араб алфавитінің арамей жазуының бір тармағы набатей алфавитінің негізінде шығуы.

  4. Араб графикасының түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілі жүйесіне сәйкес болмауы.

Лекция мақсаты: Араб алфавитінің түркі тілдерінде қолданылу тарихынан мәлімет беру, араб алфавитінің құрамымен таныстыру, қазақ тілі жүйесіне сәйкес болмау себептерін түсіндіру.

Лекция мәтіні: Түркі тайпалары арсында ІХ-ХІІ ғ. ислам дінінің таралуына байланысыты араб тілі мен араб жазуы кең өріс алды. 633 жылы арабтардың «дін үшін соғыс» деген жаулап алушылық жорықтары басталып, дінбасылары билейтін қуатты мемлекет көп уақыт өтпей Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак жерлерін басып алған соң, Орта Азияны бағытқа алды. Араб жаулаушылары 709 ж. Амудария өзенінің шығысындағы түркі халықтарының мекені – Мауренахр аймағына жорыққа шығып, Бұхараны 712-713, 714 ж.ж. Самарқанд, Ферғана, Шаш қалаларын өздеріне қаратады.

Оңтүстік Қазақстан мен жетісуды мекендеуші халықтар да бұдан тыс қалмады. Араб жазуы семит тілдеріне жататын флективті тіл – араб тілінің дыбыстық жүйесіне негізделіп жасалған консонанттық буын жазуы. Жазу бағыты оңнан солға қарай. Араб әліпбиі дауыссыз дыбыстарды белгілейтін 28 әріптен тұрады. Дауыссыз алиф, уау, йа әріптері созылыңқы а, у, и дауыстыларын таңбалауға да қолданылады. Ал қысқа дауыстыларды белгілеу үшін диакритикалық белгі пайдаланылады: 1. Фатха (а). 2. Дамма (у). 3. Кясра (и).

Түбір құрамы негізінен консонантты тұратын араб тілінің ерекшеліктеріне ыңғайластырып жасалған араб әліпбиі дауыссыздарға негізделген буындық жазу болғандықтан дауыстылар буын құрай алмайды. Сондықтан дауысты дыбысты беруде қолданылатын алиф, уау, йа әіптерінің үстіне хамза (,) дәйекшесі қойылады, дәйекшк қойылған дауысты дыбыс көмей мен жұтқыншақтың қатысы арқылы дыбысталады. Араб әліпбиінің өзіндік ерекшеліктерінің бірі – жазылуда іргелес әріптердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігінің әртүрлілігі. Алиф, уау, заль, даль, ра, зейн дыбыстарын белгілейтін таңбалар өзінен кейінгі әріптерге тіркесе алмайды, сондықтан сөз шенінде екі түрлі таңбамен белгіленеді (жекеше, сөз соңында). Ал қалған 22 әріптің өзінен кейінгі әріппен тіркесу мүмкіндігі бар. Сондықтан сөз шенінде төрт түрлі таңбаланады ( жеке тұрғанда, сөз басында, ортасында, соңында). Әріптер тіркесінің тағы бір ерекшелігі – лямнің жазу таңбасы мен алифтің жазу таңбасы іргелес келгенде лигатура әдісмен қосылып жазылады. Араб тілінің дыбыстық жүйесіне, грамматикалық құрылымына негізделіп жасалған араб жазуын ислам дінінің таралуына байланысты х-ХІ ғасырлардан бастап қолдана бастаған түркі халықтарының көптеген жазба мұралары осы әліпбимен жазылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет