Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет16/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Бақылау сұрақтары:

  1. Ұйғыр алфавиті.

  2. Ұйғыр жазуының зерттеле бастауы.

  3. Зерттеушілер туралы.

  4. Дауысты дыбыстар.

  5. Дауыссыз дыбыстар.

  6. Үндестік заңы.

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Ұйғыр алфавитінің құрамы (реферат).

Қажетті әдебиеттер:

  1. Ғ.Айдаров. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – А., 1986

  2. А.Аманжолов. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – А., 1996

  3. О.Бүркіт. Түркітану. – А., 2003

  4. М.Ескеева. Қазақ жазуының тарихи негіздері. – Астана, 2002

12 лекция. Тақырыбы: Араб жазуындағы ХІ- ХVІ ғ.ғ. түркі тілдес ескерткіштер.



Жоспары:

  1. Араб алфавитінің ХІ ғ. бастап түркі тілдерінде пайдалануы.

  2. Араб алфавитіндегі түркі жазба ескерткіштері, олардың ерекшеліктері.

  3. Араб жазуындағы орта түркі ескерткіштері.

Лекция мақсаты: Лекцияда араб алфавитінің ХІ ғ. бастап түркі тілдерінде пайдалануы, араб алфавитіндегі түркі жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері туралы теориялық мағлумат бере отырып түсіндіру.

Лекция мәтіні: Кең байтақ аумақты мекендеген түркі тайпалары арасында ІХ-ХІІ ғасырларда ислам дінінің таралуына байланысты араб тілі мен араб жазуы кең өріс алды. 633 жыры арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен жаулап алушылық жорықтары басталып, дін басылары билейтін қуатты мемлекет көп өтпей-ақ Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак жерлерін басып алған соң, Орта Азияны бағытқа алды.

Араб жаулаушылары 709 ж. Амудария өзенінің шығысындағы түркі халықтарының мекені – Мауренахр аймағына жорыққа шығып, Бұхараны 712-713, 714 ж.ж. Самарқанд, Ферғана, Шаш қалаларын өздеріне қаратады. Жергілікті түркі халықтары тарапынан арабтарға қарсы бірнеше көтерілістер болғанмен нәтижесіз аяқталды. Араб мәдениеті мен діні, жазуы түркі халықтарына тарала бастады. Тарихшылар 776-780 жылдары Мауренахрда ислам діні біржола орныққан дейді. Орта Азия мен Таяу Шығыстың жақындаса бастауы осы кезеңнен басталады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірі де бұл үрдістен тыс қалмады. Араб үстемдігі Оңтүстік Қазақстанның халифат құрамына кірген бір бөлігінде жүргенімен, оның қалған бөлігі мен жетісуда да мұсылман дінінің кеңінен тарала бастағандығы ХІ-ХІІ ғ. анық байқалады. Осы кезеңнен бастап араб жазуы кең өріс алып ХХ ғ. дейін қолданылды.

Араб жазуы б.з.д. 2-1- мың жылдықтарда қалыптасқан финикий жазуының шығыста дамыған тармағы арамей жвзуының бір түрі набатей жазуынан тараған куфи жазуының негізінде пайда болған.

Жалпы түркі жұртшылығының жеке-жеке халық болып қалыптаса бастаған кезеңі – орта ғасыр дәуірінің (Х-ХV) бізге жеткен жазба жәдігерлерінің көпшілігі араб жазуымен жазылған. Араб жазулы түркі ескерткіштерінің жанры жағынан прозалық үлгілері де, поэзиялық үлгілері де кездеседі. Дастандарда негінен ғашықтық, діни, дүниетанымдық, дидактикалық мәселелер сөз болса, прозалық шығармаларда тарихи оқиғалар желісі, әлеуметтік-танымдық мәселелер арқау болады. Сол сияқты филологиялық ғылыми зерттеулер де кездеседі.

Қарахан әулеті түріктерінің ішінде араб жазуымен жазылған көне түркі ескерткіштеріне Ж.Баласағұнидың «Құтадғу біліг» (1069), М.Қашқаридың «Диуаны» (1074), А.Йүгінекидің «Хибатул хақайық» ( ХІІ ғ.) шығармалары, сондай-ақ құран сүрелерінің мәнін түсіндіруге арналған тафсирлер бірнеше түсініктемелер жатады.

Орта Азия түріктерінің тілінде жазылған араб жазулы көне түркі ескерткіштерінің негізгілері ретінде Қ.А.Ясауидың «Диуани хикметін» (ХІ ғ.), Ибн Муханнаның «Тарджуман фарси уа турки уа моғоли» (ХІІІ ғ.) шығармаларын, Әл-Замахшаридың «Мухаддимат ул-адабын», Әбілғазының «Оғызнамасын» (ХІV) т.б. атап өтуге болады.

«Диуани луғат ит-турк» - Қарахан дәуірінде жазылған түркі тілдерінің тұңғыш грамматикасы. Тарихи-салыстырмалы әдісті қолдана отырып, түркі тілдеріне классификация жасау да осы еңбектен басталады. Еңбекте 31 түркі диалектісі аталып, олардың негізгілерінен (оғыз, арғу, пенджек, қыпшақ, түрк, бұлғар, қарлұқ т.б.) мысалдар келтіреді. М.Қашқари түркі түбірлерінде дыбыстық өзгерістердің аз екендігін айта отырып, тайпалық тілдер арасындағы 9 түрлі дыбыс сәйкестіктерін ( и-ж, и-ы, м-б, п-в-б-у, дз-з-й, з-с, к-қ) және а дыбысының алдында һ протезасының келуі, ғ,г дыбыстарының элизиясы тәрізді дыбыстық өзгерістерді көрсетеді. Бұл шығарма ерте орта ғасырдағы түркі тайпаларының тек тілі ғана емес, әдебиеті, өнері, медицинасы, географиялық жағдайы, сол аймақтық фаунасы мен флорасы, рухани және материалдық құндылқтары жайлы мәлімет беретін энциклопедиялық мұра.

Еңбек түпнұсқасы сақталған, бізге жеткен жалғыз көшірмесі 1266 ж. жазылған. Лингвистикалық тұрғыдан зерттеп, аудармаларын жасаумен айналысқан ғалымдар: В.Бартольд, В.А.Гордлевский, Т.А.Боровков т.б. Қазақ тіл білімінде Т.Сауранбаев, С.Аманжолов, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов, Ғ.Айдаров, М.Томанов, А.Ибатов, А.Егеубаев т.б.

«Диуани хикмет» - сопылық дәстүрде жазылған жыр жинағы. Тек түркі жұртшылығына емес, бүкіл ислам әлеміне танымал ұлы ақын, ойшыл А.Ясауидың бұл еңбегі ХІІ ғ. араб жазуымен оғыз-қыпшақ тілі негізінде жазылған. Бұл еңбектің түпнұсқасы сақталмаған, бірнеше көшірменің ішіндегі ХV ғ. жасалған ең көнесі Стамбұл қаласынан табылған. Шығарманың ең толық нұсқасы 149 хикметтен тұрады. Еңбекті зертееумен түрік ғалымы М.Ф.Кепрюлю-заде, орыс ғалымдары А.Н.Самойлович, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Г.Ф.Благова, өзбек ғалымдары Э.Р.Рустамов, Н.М.Моллаев, В.И.Захидов т.б. айналысты. Қазақ тіліне М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы, М.Шафиғи аударды.

«Бақырғани кітабы». ХІІ ғ. Орта Азия түркілерінің тілінде жазылған шығарма. Авторы А.Ясауидің шәкірті – С.Бақырғани (Әкім Ата). Ол өзінің гумманистік бағыттағы ой-тұжырымдарын ислам діні қағидалары негізінде философиялық тұрғыдан түсіндіреді. С.Бақырғани еңбегі толық зерттеліп болған жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет