организмге дереу қан немесе қанның орнын басатын сұйық ертінді құю керек. Судың тұтқырлығы бір
өлшеуіш
шамаға тең болып алынса, сумен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1,7—2,2, ал қанның
тұтқырлығы 5,0-ге тең болады. Қанның тұтқырлығы ондағы әр түрлі белоктар мен эритроциттердің
мөлшеріне байланысты. Егер организмнен әр түрлі физиологиялық жағдайларға байланысты су көп
шығарылса (іш өткенде, көп терлегенде, қанда эритроциттердің саны көбейгенде), қанның тұтқырлығы
артады. Қанның сыбағалы салмағы 1,050—1,060, эритроциттердікі — 1,090, плазманыкі—1,025—1,034
аралығында болады,
Қ а н н ы ң о с м о с қ ы с ы м ы. Жартылай өткізгіш жарғақ арқылы бөлінген екі ерітіндінің (NаСІ)
біреуінің ішінде ерітілген заттың концентрациясы (екіншісімен салыстырғанда) көп болса, су
концентрациясы көп ерітіндіге қарай ауысады. Себебі жартылай өткізгіш жарғақ еріткішті, яғни суды
өткізеді де, ерітілген затты өткізбейді. Жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің (су) өтуіне жұмсалатын
күшті
осмос қысымы деп атайды. Организмде қан тамырларының қабырғасы жартылай өткізгіш жарғақ
қызметін атқарады. Сонда жартылай өткізгіш жарғақтың іш жағында қан, сырт жағында ткань сұйықтығы
жатады. Қанның осмос қысымының биіктігі ондағы электролит иондарының сандық мөлшеріне,
белок
молекулаларына, органикалық заттардың мөлшеріне байланысты болады да, криоскопиялық әдіс
арқылы анықталады.
Ерітіндінің қату температурасы — ішіндегі ерітілген заттың концентрациясына байланысты.
Неғұрлым ерітіндідегі заттың концентрациясы көп болса, соғұрльім ерітіндінің қату температурасы төмен
болады. Ерітіндінің қату температурасының 0 градустан төмен мөлшерін көрсететін шаманы депрессия деп
атайды. Сонда химиялық таза судың қату температурасы депрессия көрсеткіші болып есептеледі. Адам
және сүтқоректілер қанының депрессия көрсеткіші — 0,56—0,58, ал бұл шама дене температурасы 37°С
болғанда, осмос қысымының 7,7—8,1 атмосфера санына сәйкес келеді, осы осмос қысымыныц 60%-і
қандағы NаСІ ерітіндісінің үлесіне тиеді.
Эритроциттердің және, дене клеткаларының осмос қысымы клеткаларды қоршап жатқан сұйықтықтың
осмос қысымымен бірдей болады.
Қан мен ткань арасындағы су алмасу процесін реттеуінде қан, лимфа және ткань сұйықтығының осмос
қысымының маңызы өте зор. Клетканы қоршап жатқан сұйықтықтың осмос қысымы өзгерсе, ондағы су
алмасу процесі бұзылады. Бұл өзгерісті эритроциттерден байқауға болады. Егерде эритроциттерді
плазманың осмос қысымынан жоғары NаСІ ерітіндісіне салса, онда құрамындағы суынан айрылып, көлемі
өте кішірейіп бүрісіп қалады. Мұндай ерітіндіні гипертоникалық ерітінді деп атайды. Ал эритроциттерді
плазманың осмос қысымынан төмен NаСі ерітіндісіне салса, оларға су кіріп, көлемі үлкейіп ісінеді де,
жарылып кетеді. Мұндай ерітіндіні гипотоникалық ерітінді деп атайды.
Эритроциттердің гипертоникалық және гипотоникалық ерітінділерде бүзылып, тіршілігін жоюын
гемолиз деп атайды.
Изотоникалық ерітіндіде эритроциттер мен дененің басқа клеткаларының тіршілік процесі сақталады.
Изо — бірдей, тоника — қысым. Сонда изотоникалық ерітінді деп — осмос қысымы бірдей ерітінділерді
айтады. Изотоникалық қандағы NаСІ ерітіндісін физиологияльщ ерітінді деп атайды. Жылы қандылар үшін
изотоникалық ерітіндіде 0,9% NаСІболады.
Қанның құрамындағы глюкоза, мочевина т. б. органикалық қосылыстар, оның осмос қысымын онша
көп өзгерте .алмайды, себебі, плазмада
тұздармен салыстырғанда, олардың молекулалық салмағы өте
үлкен болғанмен, мелшері аз. Қанның осмос қысымының 1 процентке жуығын плазманың белогы
құрайды.
Қан тамырларының қабырғасы электролиттерді жақсы өткізеді, сондықтан олардың концентрациясы
қанда, лимфада және ткань сұйықтығында бірдей болады да„ осмос қысымын өзгерте алмайды. Ал
белоктарды қан тамырларының қабырғасы өткізбейді, өйткені олардың қан тамырларының екі жағындағы
концентрациясының арақатынасының шамасына байланысты, су қаннан тканьге, не керісінше, тканьнен
қанға ауысып өтіп тұрады. Егер қанда белоктыц мөлшері азайса, мысалы ашыққанда, су қан тамырынан
тканьге өтеді де, соның нәтижесінде денеде ісік пайда болады. Қанның белогы арқылы пайда болған осмос
қысымын — онкотикалық (ісік) қысым деп атайды.
Организмдегі ақырғы қалдық өнімдерді сыртқа шығаратын органдарға бүйрек, тер бездері жатады.
Осы органдар осмос қысымын реттеп отырады. Бұл органдар қызметінің нәтижесінде зат алмасу
процесіндегі үнемі бөлініп тұратын ақырғы қалдық ыдырау өнімдері де осмос қысымын өзгертпейді. Қанға
қарағанда несеп пен тердің осмос қысымы өте тұрақсыз, тез өзгергіш келеді. Тердің депрессия көрсеткіші
0,18—0,60, ал несептікі 0,2—2,2. Дене қызметі қанның осмос қысымын өзгертеді.
Қ а н н ы ң а к т и в р е а к ц и я с ы . Қанның актив реакциясы гидроксил (ОН') және сутегі (Н)
иондарының. арақатынасымен анықталады да, практика жүзінде сутегі көрсеткішімен беріледі. Ол рН
деген белгімен белгіленеді Сутегі көрсеткіші – рН - сутегі ион концентрациясының теріс ондық
логарифмы. Қанның бұл реакциясы (рН) орташа есеппен 7,36-ға тең. Қанның рН 7-ден тәмен немесе 8-ден
жоғары болып езгеруі организмніц тіршілігі үшін өте қауіпті.
Буфер системасына және сыртқа шығару органдарына байланысты, организмде қанның актив
реакциясы біршама тұрақты болады.
Қ а н н ы ң б у ф е р с и с т е м а с ы . Қанның рН реакциясын өзгертпей, тұрақты сақтап тұратын
қоспаларды буфер системасы деп атайды. Буферлік қасиеті бар ерітіндіде әлсіз немесе аз
диссоциацияланатын қышқыл және сол қышқылдың сілтілі тузы болады. Мұндай буферлік қасиеті бар
ерітіндіге күшті қышқыл немесе сілті қосса да, ерітіндінің рН ортасы қышқылдық немесе сілтілік жаққа
ауыспайды.
Оның себебі, ерітіндіге қосылған күшті қышқыл ертіндідегі әлсіз қышқылды оның негізінен
ығыстырып шығарады. Сонда ерітіндіде әлсіз қышқыл және оның күшті қышқыл тұзы түзіледі. Ал буфер
ерітіндісіне күшті
сілті қосса, онда әлсіз қышқылдың тұзы мен су пайда болады да, ерітіндінің сілтілі
жаққа ауысуынан сақтайды. Буфер системасы қанның рН реакциясын тұрақты сақтайды. Организмде 3
түрлі буфер системасы бар:
1. Бикарбонат буфер системасы.
2. Фосфат буфер системасы.
3. Белок буфер системасы.
1. Б и к а р б о н а т б у ф е р с и с т е м а с ы — көмір қышқылынан және натрий мен калийдің
бикарбонатынан тұрады:
[ Н
2
СОз]
[Н] = К
------------------
[ВНСОз]
Мұндағы В - калий мен натрий иондарының белгісі, ал К - тұрақты шама, константа [Н] —
сутегі ион концентрациясы. Организмде зат алмасу процесініц нәтижесінде ыдырау өнімдері — біріншіден
ұнемі сүт қышқылы және басқа да қышқылдар — тұзіледі. Олар клеткалардан қанға өтеді де, қандағы
бикарбонаттың натрий немесе калий ионын ығыстырады. Соның нәтижесінде сұт қышқылы және басқа да
түзілген қышқылдардың тұздары және көмір қышқылы (Н
2
СОз) түзіледі.. Тұзілген көмір қышқылының
артығы организмнен шығарылып, қышқыл жаққа қарай ауысқан қанның актив реакциясын бүрынғы
қалпына келтіреді.
Қанда неғұрлым көмір қышқылы көбейсе, сутегі ионының концентрациясы артады да, тыныс
алдыратын нерв орталығын қоздырады. Сөйтіп, өкпенің желдеткіш қызметін атқарады. Соңың нәтижесінде
көмір қышқыл газы сыртқа шығарылады. Осыған байланысты көмір қышқылының бикарбонаттарға
қатынасы бұрынғы қалпына келеді.
Ал
егер қанға, зат алмасу процесінің нәтижесінде, сілті көп бөлінсе, олар көмір қышқылымен
нейтралданады. Бұл жағдайда тыныс алу орталығының қызметі төмендейді. Өкпе арқылы көмір қышқыл
газы көп шығарылады. Ал қанда түзілген бикарбонаттың артық мөлшері бүйрек арқылы организмнен
шығарылады. Мүнда да қандағы көмір қышқылының бикарбонаттарға қатынасы алғашқыдай болады.
Организмнің қалыпты жағдайында қандағы бикарбонат мөлшері көмір қышқылынан 18 есе көп,
сондықтан қанның буферлік сыйымдылығы сілтіге қарағанда, қышқылдылығы көбірек болады. Мұның
биологиялық маңызы өте зор, себебі организмдегі зат алмасу процесінің нәтижесінде сілтіге қарағанда
қышқыл көп түзіледі. Қандағы бикарбонаттарды қанның сілті қоры деп атайды.
Егер организмде зат алмасу процесінің нәтижесінде қышқыл өте қөп түзілсе, қанның сілті-қышқыл
теңдігін бикарбонат буфер системасы бір қалыпта сақтап тұра алмайды. Мұндай жағдайда фосфат буфер
системасы іске қосылады.
2. Ф о с ф а т б у ф е р с и с т е м а с ы . Б і р негізді фосфор қышқыл тұздары натрий немесе калийдің
екі негізді фосфор тұзына қатынасымен анықталады:
ВН
2
Р04
ВН
2
Р04
(В — калий мен натрий иондарының белгісі). Мұнда түзілетін бикарбонаттардың мөлшері, зат алмасу
процесінің нәтижесінде түзілген кемір қышқылының санына байланысты болады.
Н
2
С0
3
+В
2
НР04 = ВН
2
Р04+ВНСОз
Бір негізді фосфор қышқыл натрий немесе калий тұз-дары диссоциацияланғанда қайтадан сутегі иондары
пайда болады, бірақ олардың концентрациясы бос қышқылдағы сутегі иондарының
концентрациясынан
әлдеқайда аз болады.
3 . Б е л о к б у ф е р с и с т е м а с ы . Плазмасының белогындағы қышқыл және сілті тобының
арқасында қан амфотерлік реакция көрсетеді де, буферлік қасиетке ие болады. Плазма белогы өзінің
амфотерлік қасиеті арқасында қанның рН реакциясына қарай, қанның ортасы қышқыл болса сутегі ионын, ал
сілтілі болса — гидроксил ионын байланыстыра алады.
Гемоглобин (Нв) белок буфер системасына қатысады. Бұл гемоглобиннің натрий немесе калий тұзына
байланысты, гемоглобин көмір қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан, өзінің калий немесе
натрий ионын береді де, өзі Н - ионын қосып алып, әлсіз диссоциациялаңатын қышқылға айналады.
ВНв + Н
2
СОз = Н • Нв + ВНСОз
Белок буфер системасымен салыстырғанда бикарбонат буфер және фосфат буфер системалары
қанның тұрақты активтік реакциясын сақтауда маңызы шамалы. Қандағы барлық буферлік қасиеттің 75
процентке жуығы гемоглобин белок системасынан құралады. Буфер системасы тканьдердің рН реакциясын
тұрақты сақтап тұрады. Олардың негізгі буфер — белоктар мен фосфаттар. Қанның рН реакциясын сақтауда
тыныс алу органының да маңызы зор. Мысалы, өкпе арқылы артық көмір қышқыл газы шығарылады.
Организмде қанның рН реакциясын тұрақты сақтау ушін сілтінің, қышқылдың артығын сыртқа шығаруда
ыдырау өнімдерін шығаратын органдарының да ролі өте зор, Сонымен организмнің қалыпты жағдайында
қанның сілті — қышқыл теңдігін тұрақты үстап тұратын қышқыл және сілті эквиваленті екен. Егер адам
ұзақ
уақыт демалмай, өте ауыр дене қызметімен шұғылданса немесе қатты науқастанса, қанның активтік
реакциясы қышқыл жаққа қарай ауысады. Мұндай қанның активтік реакциясының өзгерісін ацидоз деп
атайды. Ал кейде керісінше, қанның активтік реакциясы өкпенің қызметі күшейгенде сілтілік жаққ ауысады,
оны алкалоз деп атайды.
Қ а н н ы ң ұюы. Қанның ұюы плазмадағы еріген белок фибриногеннің, ерімейтін фибрин белок
жіпшелеріне айналуынан болады. ФибриннІң түзілуі тромбин ферментінің қатысуымен жүреді. Қанда оның
тек қана активсіз формасы — протромбин болады.
Протромбинді актив фермент тромбинге айналдыру үшін, фермент протромбиназа керек, бірақ ол қанда
актив күйде болмайды. Фибрин жіпшелері түзілуі үшін, алдымен плазмадағы тромбоген ферменті
активтеліп тромбинге айналып, дайындық қызметі жүреді. Ұю процесінің барлық кезеңдері кальций
ионының қатысуымен жүреді.
Қальций ионын қымыздық қышқылды натриймен тұндырса, қанның ұю қасиеті жойылады.
Фибриноген белогы мен протромбин ферменті бауырда жасалады. Прртромбиннің жасалуына К
витамині қатысады.
Қ а н н ы ң ұюы — ете күрделі тізбектелген реакциялардан тұратын процесс.
Қанның ұюын 4 негізгі фазаға бөлуге болады
1) протромбиназа ферментінің активтелуі;
2) протромбиннің тромбинге айналуы;
3) белок фибриногеннің фибрин жіпшелеріне айналуы;
4) ұйыған қанның тығыздалуы.
Қ а н н ы ң ұ ю ы н д а ғ ы тромбоциттердің р о л і. Қан пластинкалары (тромбоциттер) — ядросыз,
өте кішкентай қанның тұрақсыз клеткалары. Тромбоциттердің қызметі қанның ұюына өте тығыз
байланысты. Қанның ұюының басталуыны өзі тромбоциттер бұзылған кезде түзілетін актив фермент
тромбокиназа әсерінен жүреді.
Ас қорыту органдарының кілегейлі қабығындағы ерекше клеткаларда
серотонин деген биологиялық
актив зат жасалып қанға өтеді де, ондағы тромбоциттерге сіңеді. Қан тамырлары жараланған жерде
бұзылған тромбоциттерден босаған серотонин сол жердегі тамырдың тарылуын қамтамасыз етеді.
Тромбоциттердегі ерекше зат ретрактозим, қанның ұйығандағы қоймалжың затының тығыздалуы үшін,
фибрин жіпшелерінің қысқарып жуандауының жылдам жүруін қамтамасыз етеді.
Қанның ұю жылдамдығы әрбір организмнің ерекше қасиетіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: