эритроциттердің көлемі кішілеу, саны кеп болады. Көлемінің кішіреюі жалпы санының көбеюі есебінен
жалпы ауданының өсуіне мүмкіншілік береді. Неғүрлым ауданы үлкен болса, соғұрлым тыныс алу қызметі
жоғары болады. Эритроциттердің пішінінің де, құрылысының да өзгеруі осыған байланысты. Олардың
ортасының ойыс болуы (адам эритроциттерінің екі жағы ішке қарай ойысынқырап келеді) эритроциттердің
денесіне оттегінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді. Ал тромбоциттер сияқты эритроциттерде ядро
болмайды, себебі ішін толық гемоглобин алып жатады.
Г е м о г л о б и н және о н ы ң қ ұ р ы л ы с ы мен қ а с и е т і. Гемоглобин организмде оттегін
тасушы, көмір қышқыл газын шығарушы пигмент болып табылады.
Гемоглобин — (Нв) ете күрделі химиялық қосылыс Молекула салмағы — 68.800. Ол белок глобин және
белоксыз бөлімі төрт молекула гемнен құралады. Әрбір гемоглобин молекуласында темір атомы болады. Ол
Оттегімен оқай қосылып, айрыла алады. Гем актив — фермент, ал глобин — гемнің белок тасушысы.
Оттегімен қосылысқан гемоглобинді оксигемоглобин деп атайды. Оны НвО2 деп белгілейді. Гемоглобиннің
бір молекуласы темірдің қосымша байланыстары арқасында 4
молекула оттегімен әрекеттесіп, темір екі
валентті күйінде қалады. Гемоглобиннің көмір қышқылымен қосылысын карбогемоглобин деп атайды. Ол
былай НвС0
2
деп белгіленеді. Мұнда гемоглобин көмір қьішқылымен өте тұрақсыз, жеңіл
диссоциацияланатын қосылыс береді. Сондықтан ауада азғантай мөлшерде иіс болса да қанға өтіп,
оттегі
мен гемоглобиннің әрекеттесуіне кедергі жасайды. Мұндай жағдайда адам иіс тиіп өліп қалады.
Гемоглобинге азот тотығы, метилен көгі сияқты темірді тотықтыратын заттар әсер еткенде, темір үш
валенттіге айналады. Мұндай гемоглобинді метгемоглобин (НвО) дейді. Метгемоглобин де,
карбооксигемоглобин сияқты, гемоглобиннің оттегімен әрекеттесуіне кедергі жасайды. Организмде
эритроциттердің бұзылуына байланысты гемоглобин ыдырап отырады. Гемоглобин сүйек
кемігінде
эритробласт клеткаларында жасалады.
Бауыр және көк бауырда эритроциттер бұзылып, кұрамындағы гемоглобин ыдырағанда, гемнен темір
молекулалары бөлінеді де, әрі қарай тотықтану реакциясы жүріп, гемоглобиннен
пигмент билирубин
түзіледі. Ол өттің құрамы мен ұлтабарға барып, онда стеркобилин мен уробилинге айналып, нәжіс пен несеп
арқылы организмнен шығарылып тасталынады.
Скелет және жүрек еттерінде миоглобин деген гемоглобин бар. Олардың гемін тасушы глобин
белогының молекулалық салмағы гемоглобиннің белогынан азырақ болады.
Миоглобин организмде барлық қосылысатын оттегі санының 14 процентін байланыстырады. Еттер
жиырылып, қан капилляры тарылып, қан келмей қалған уақытта миоглобин ет талшықтарын оттегімен
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: