Мұндай операциядан кейін организм дене қызметін, күрделі қызметінің реттелмеуі нәтижесінде, организмге
қажетті оттегі толық жетіспейді.
Жүректің соғуының жылдамдауы және күшеюі симпатикалық нервтердің қозуымен қатар кезеген
нервтер орталығының бөгелуіне байланысты. Сол сияқты жүректің соғуының баяулауы және төмендеуі
кезеген нерв орталығының қозуымен қатар бір уақытта симпатикалық нерв орталығының қозуының
төмендеуіне байланысты.
Ж ү р е к т і ң г у м о р а л ь д ы қ ж о л м е н р е т т е л у і. Қанның физикалық және химиялық
қасиеттері біршама тұрақты болғанмен ондағы кейбір заттардың мөлшері әсіресе сутегі ионының
концентрациясы өте аз мөлшерде болса да жүректің қызметіне әсер етеді.
Қанның құрамындағы кейбір физиологиялық актив заттар арқылы жүрек қызметінің реттелуін
гуморальдық реттелу деп атайды.
Гуморальдық факторлардың ішінде жүректің қызметіне екі фактор ерекше әсер етеді. Бірінші, қанның
құрамындағы бүйрек үсті безінің гормоны адреналин, симпатикалық нерв системасындай әсер етеді. Екінші,
жүрек нервтерін тітіркендіргенде канда пайда болатын химиялық өзгерістер. Кезеген нервті тітіркендіргенде
жүректен кері ағатын қанда калий ионының концентрациясы көбейеді де кезеген нерв ұштарында
ацетилхолин түзіледі. Ацетилхолин де, калий ионы да кезеген нервтей әсер етіп, жүрек еттерінің
жиырылуын тежейді. Ал симпатикалық нервті тітіркендірсе, қанда кальций ионы көбейеді, нервтің
ұштарында гормон адреналинге ұқсас симпатин деген зат жасалады. Қальций ионы және симпатин
симпатикалық нервтей әсер етіп, жүректің жиырылуын жылдамдатады.
Қан т а м ы р ы н д а қ а н н ы ң а ғ у з а ң д а р ы . Қан тамырында қанның жылжып ағуы жүрек
еттері жиырылғанда белінген энергия мен қолқадағы қанның қысымына байланысты. Қан қысымы қанның
қан тамырларында жылжып ағуын қамтамасыз етеді, ал қанның тамырларда ағуы физикадағы сұйықтықтың
түтіқше системасындағы қозғалыс заңына бағынады.
Қан қысымының көпшілігі ішкі және сыртқы кедергіні жоюға жұмсалады да, азырақ мөлшері аққан
қанның жылдамдығына кетеді. Үлкенді-кішілі қан тамырларында, капиллярларда қанды жылжытып
ағызушы жүрек. Капиллярлардың қабырғасының жиырылатын әрі созылатын қасиеттері бар.
Қапиллярлардың толық жиырылуы, не жартылай жиырылуы, не болмаса созылуы олардың көлденең
қимасының тарылып, кеңеюі арқасында қанның тканьге көп немесе аз мелшерде бөлінуін қамтамасыз етеді.
Қанның вена тамырларында жылжып ағуына да жүректен шыққан энергияның қалдығы және кейбір
қосымша жағдайлар әсер етеді.
5) Қөкірек қуысындағы теріс қысымның нәтижесінде қан жоғары қарай жылжиды.
6) Көкірек және құрсақ қуыстарындағы қысым бірдей болмайды. Құрсақ куысындағы қысым
атмосфера қысымынан жоғары, ал көкірек қуысындағы қысым атмосфера қысымынан төмен, сондықтан да
қан тамырлар арқылы қаң қысымның көп жерінен, аз жағына қарай ығысып ағады.
3) Босаңсу кезінде жүрекшелерде қысым төмен болғандықтан, жүрек қанды жоғары қарай сорып
тартады.
4) Вена тамырларының қабырғасы жұқа болғандықтан, скелет еттері мен ішектің ет қабырғалары вена
тамырын қысып, қанды жүрекке қарай айдайды.
Вена тамырларының қабырғасында қанды кері қарай қайта ағызбайтын қақпақтары бар.
Қ а н н ы ң қ.ан т а м ы р л а р ы н д а ү з д і к с і з а ғ у ы. Қарыншалар систоласында қан
қолқаға, өкпе артериясына шығарылады да, қанның ағуын жылдамдатады. Қанның тодқын тәрізді қатты
ағуы жүрекке жақын жатқан қан тамырларында ғана байқалады, алыстаған сайын ағысы төмендеп,
бірқалыпты жүреді. Ал артериолдар мен капиллярлар да, тіпті алыста жатқан вена тамырларында қанның
ағу жылдамдығы үнемі бірқалыпты болады, өйткені артерия тамырларының серпімділігі мен кедергінің
көптігінен.
Артерия тамырында қанның ағу жылдамдығы тамырдың кедергісі мен қысым айырмашылығына
байланысты. Қан тамырларының тарамдалуынан олардың келденең кесіндісінің қосындысы көбейіп,
кедергісі артады да, қанның қысымы төмендеп, ағысы баяулайды. Қан тамырларының ең тар жері қолқа
болғандықтан, онда қанның қысымы өте жоғары болады да, басқа жеке ірі тамырлармен салыстырғанда
қанның ағу жылдамдығы ете шапшаңдайды.
Қанның ағысының жылдамдығы барлық органдарда бірдей болмайды, ол органдардың әрекеттерімен
ондағы қан тамырларының тарамдалуының көп-аздығына байланысты. Органдардың қызметі
жоғарылағанда қан тамырларының көлденең кесіндісі кеңіп, қысым төмендеп, кедергі азайып, қанмен
қамтамасыз етілу жоғарылайды.
Қанның ағу уақыты деп қанның қан тамырлар системасының белгілі бір бөлімінен ағып өтуін атайды.
Достарыңызбен бөлісу: