Әр айда өткізілетін тәрбие жұмысы 4 бөлімнен тұруы мүмкін.
Сынып жетекшісі педагогикалық кеңесте немесе сынып жетекшілері бірлестігінде есеп береді. Оқу жылының аяғында сыныбындағы тәртіп пен үлгерімге байланысты жазба есеп береді.
№6. Лекция
Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс -әрекетінің жүйесі
Жоспар
Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері, жұмыс бағыттары, қызметі
1. Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі. Сынып жетекшісі – ол кім? Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады. Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер-педагог, ал өсіп келе жатқан бала үшін:
жалпы адамзаттың мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесін қажетті өзгерістер енгізуі; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші.
Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы: - Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиесін күштердің (мектеп,- отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Сынып жетекшісінің негізі мақсаты қоғамның талаптарымең тікелей байланыста, ал әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интеллектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау. Сынып жетекшісінің міндеттерін айқындағанда, мына идеяларды негізге алдық: - Ең «қиын» деген оқушының өзі де жақсы болып, түзеліп кетеді, бірақ оған айналасындағы адамдардың сенімі, сыйластығы, сүйіспеншілігі, көмегі қажет: - Тәрбиелейтін тәрбие сағаты, ақыл айту, оқушының қателіктерін бетке басу емес, тәрбиелейтін бірігіп атқаратын әрекет, ынтымақтастық қатынастар, бір-біріне деген жьшы сезімдер.
Достарыңызбен бөлісу: |