Лекция терминология туралы жалпы мәлімет дәріс жоспары: терминология пәні. Терминологияның зерттеу нысаны



бет4/7
Дата25.09.2024
өлшемі37,47 Kb.
#145640
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-3 лекция

4. Тілдік нормаға сәйкес келуі - кәсіби жаргондардың, фонетикалық және грамматикалық нормадан ауытқулардың болмауы.
5. Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы. Бұл талап терминнің ықшам болуы қажет деген талаппен үндеседі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына кіретіндіктен неғұрлым қысқа, ықшам атауларға сөз тудырушы жұрнақтарды үстіүстіне жалғау арқылы бір түбірден немесе негізден бірнеше туынды сөз, жаңа атау жасауға болады. Ал көп құрамды атаулар бұл талапқа жауап бере алмайды. Бұл талапты терминге сөз тудыруға (деривациялық) қабілеттілігі деп те атайды. Ықшам жасалған, қысқа терминнен туынды термин жасау мүмкіндігі қашанда мол.
6. Терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың болмауы. Жалпы ғылым тілі бейнелікті, образдылықты емес, әр ұғымды өз атымен атауды қажет ететін дәлдікті, нақтылықты қалайды. Сол себептен де ғылым тілінің негізін құрайтын терминдердің эмоционалдық тұрғыдан бейтараптық танытып, оларға экспрессияның тән болмауы талап етіледі. Ескерту: Терминге эмоционалдық пен экспрессиялық жат емес деп санайтын тілші-терминолог ғалымдар да бар. Солардың бірі В.Н. Прохорова «Терминнің эмоционалдығы туралы» деген мақаласында лексика-семантикалық жолмен жасалған терминдердің метафоралығы мен метонимиялылығы оның эмоционалдығын білдіреді... Сондай-ақ егер термин белсенді қолданыстағы эмоционалды сөздерден жасалса, онда термин де сол эмоционалдық бояуды сақтайды – дейді.
7. Эстетикалық талаптарға сай келуі. Терминнің дыбысталуы айтуға қолайсыздық туғызбай, естуге жағымды болуы. Құлаққа қораштау естілетін, айтуға ауыр қарапайым лексика қатарынан, жаргон, арго сөздердің термин ретінде таңдалмағаны жөн.
Кейбір ғалымдардың «терминнің үндесімділігі» деп атап жүргені осы эстетикалық талапқа сәйкес келеді. Терминнің үндесімділігі – терминге қойылатын бұл талаптың екі аспектісі бар. Оның біріншісі – терминнің айтуға қолайлы болуына байланысты туындайтын орфоэпиялық тұрғыдан жағымды дыбысталуы. Мысалы, құқық. Екіншісі – термин өзі қолданылатын саладан тыс қажетсіз, жағымсыз ұқсастық ассоциация туғызбауы керек. Мысалы, боқша, қарайғыр, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет