Лекция терминология туралы жалпы мәлімет дәріс жоспары: терминология пәні. Терминологияның зерттеу нысаны



бет3/7
Дата25.09.2024
өлшемі37,47 Kb.
#145640
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-3 лекция

Терминге қойылатын талаптар – қазіргі заманғы термин жауап беруге тиісті негізгі шарттар.
Тіл мамандары мен терминтанушылардың басым көпшілігінің еңбектерінде атап көрсетіліп жүрген терминге қойылатын негізгі талаптар мыналар:
1. Терминнің бірмағыналығы. Терминнің негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағынаны білдіруі, синонимдерінің болмауы. «Бір таңбаланушыға – бір таңба, бір таңбаға – бір таңбаланушы» сәйкес келуі керек деген қағидаттан туындаған бұл талапты орындауға салалық мамандардың қай-қайсысы да мүдделі. Кейде бұл талаптың да орындалмай қалып жататындығын кездестіруге болады. Терминнің бірмағыналығы абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін. Бұл талаптың негізінен белгілі бір арнаулы терминология шеңберінде қойылатындығын ұмытпаған абзал.
2. Терминнің қысқалығы мен ықшамдылығы. Бірнеше сөздің тіркесуінен тұратын көп сыңарлы терминнің ұғым атауы ретінде, атаусөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді. Атау сөздердің қысқа да нұсқа болғаны жақсы-ақ. Тіл үнемділікті ұнатады. Тіліміздегі көптеген көп құранды тіркестердің лексикалануы, біріккен, кіріккен сөздердің пайда болуы, күрделі атаулардың ықшамдалуы осы үнем заңының талаптары. Алайда терминологияда бұл талап үнемі орындала бермейді. Терминологиялық тіркестер, терминдер жүйесінде көптеп кездеседі. Терминнің көп құрамдылығы оның кемшілігі емес, қайта ондай атаулардың ұғым мазмұнын дәл беру тұрғысынан артықшылықтары бар деп санайтын ғалымдар да бар. Бұл тұрғыдан келгенде «Термин мағынасының дәлдігі оның қысқалығынан маңызды. Сондықтан да терминнің көп сыңарлы болуын оның кемшілігі деп есептеуге болмайды. Егер қандай да бір ұғым бір-бірімен өзара жақсы үндескен сөздерден тұратын тіркеспен аталса, онда ол терминнің жүйелігін және сол ұғымның өзге ұғымдармен байланысын көрсетеді».Терминнің қысқалығын а) Лексикалық ықшамдылық; ә ) тұлғалық ықшамдылық деп іштей екіге жіктеп көрсетушілер де бар.
3. Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі. Терминдер де негізінен жалпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы туындайды. Салалық терминдердің көпшілігі әр саланың ғалымдарының, практик мамандардың қаламынан туындайды. Салалық мамандардың барлығы бірдей ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін, тілдік заңдылықтарды, дыбыстардың тіркесі мен қосымшалардың жасалу ерекшелігін, сөздердің тіркесу қабілетін жетік біледі деп айту қиын. Оның үстіне ұтымды атау жасау үлкен талғампаздық пен шығармашылық қабілетті қажет ететін күрделі жұмыс. Сондықтан да терминологияда сөзжасам заңдылықтарын қанағаттандыра бермейтін термин-сөздер ұшырасып қалып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет