Лекция терминология туралы жалпы мәлімет дәріс жоспары: терминология пәні. Терминологияның зерттеу нысаны


Терминнің қолданысқа енгізілгендігі (внедренность термина)



бет5/7
Дата25.09.2024
өлшемі37,47 Kb.
#145640
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-3 лекция

8. Терминнің қолданысқа енгізілгендігі (внедренность термина) – терминді мамандардың, ғылыми қауымның қабылдауы немесе оның жаппай бірізді қолданылатындығы.
9. Синонимдердің болмауы – терминологиядағы «бір ұғымға – бір ғана атау» қағидатына сәйкес синонимдердің болмауы талап етіледі. Мінсіз жасалған терминологияға қойылатын бұл талап үнемі орындала бермейді. Алайда «терминологияға да синонимділік тән» деп санайтын көзқарастың бар екендігіне қарамастан, терминологияда синонимділіктің болмауы үнемі талап етіліп келеді.
10. Инварианттылық – фонетикалық, графикалық, морфологиялық, сөзжасамдық және синтаксистік варианттардың болмауы.
11. Терминнің уәжділігі – термин мағынасының ұғынықты, өзі белгілейтін ұғымы жөнінде анық мәлімет беруі.
Жоғарыда аталған талаптарды терминнің мағынасына, тұлғасы мен қолданысына қарай – семантикалық талаптар (1. Мағыналық қайшылықтың болмауы, 2. Бірмағыналылық, 3. Терминнің толық мағыналылығы, 4. Синонимдердің болмауы), терминнің тұлғасына қойылатын талаптар (1. Тілдік нормаға сәйкес келуі, 2. Терминнің ықшамдылығы (қысқалығы), 3. Сөз тудыруға деривациялық қабілеттілігі, 4. Инварианттылық, 5. Уәжділік) және прагматикалық талаптар (1. Қолданысқа енгізілгендігі, жатық айтылуы немесе жағымды дыбысталуы) деп үшке жіктеп қарастыру жиі ұшырасады.
Негізінен терминологиялық әдебиеттердің көпшілігінде жоғарыдағы талаптар аталады.
Ол үш топтың ішіне жоғарыда біз көрсеткеннен өзге де кейбір талаптарды да қосатын ғалымдар бар. Кейде жекелеген ғалымдар тарапынан бұл талаптардан өзге талаптар да аталып жатады. Мәселен, прагматикалық талаптардың қатарына терминнің қазіргі уақытқа лайық заманауилығы (современность), әлем ғалымдары арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетуге қызмет ететін халықаралықтығы (интернациональность) және кейбір сала мамандарының (медицина т.б.) өздері ғана түсінуге тиіс құпиялығы (эзотеричность) жатады деп санайтын ғалымдар да бар.
Терминнің халықаралықтығы - бірнеше ұлттық тілдердегі (кемінде үш тілде) тұлғалануы жақын немесе бірдей және мазмұндары сәйкес келетін терминдердің болуы. Терминге қойылатын бұл талапты ұсынушылар оның себебін ғылыми зерттеушілердің оның халықаралықтандыру үрдісінің жанданып, мамандардың халықаралық байланысын жасауға деген сұранысының артуына орай туындап отыр деп түсіндіреді.
Екінші қырынан қарағанда, терминологияны халықаралықтандыруға қарсы – деинтернационализация, яғни терминологиялық лексиканың ұлттық сипатын арттыру үрдісі де бар. Әлемнің бірқатар елдері осы бағытты ұстанып отыр. Сондықтан да бұл талапты да терминге қойылатын негізгі талаптар қатарына қосудың негізі берік емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет