Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1


Тіл бұзылысының пайда болу себептері



бет16/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
2. Тіл бұзылысының пайда болу себептері
Тіл кемістігінің себебі деп сыртқы және ішкі зияндық факторларының немесе екеуінің бірдей ағзаға жағымсыз әсер етуі деп түсінеміз.
Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері:
- Әртүрлі іш құрсақ патологиясы. Ол іштей нәрестенің дамуына зиян тигізеді. Сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәресте дамуының бұзылуына анасының екіқабат кезіндегі токсикоз және т.б. себеп болады.
- Босану кезіндегі вирусты және эндокринді аурулары, жарақат алуы, резус факторы бойынша қанның сыйымсыздығы, жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттектің жетіспеуі).
- Баланың алғашқы балалық кезіндегі әр түрлі аурулар (әсіресе вирустык, инфекциялық аурулар).
- Бас сүйеігінің жарақаттануы.
- Тұқым қуалаушылық факторлар.
- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы.
Жоғарыда атап өтілген факторлардың әрқайсысы немесе осы факторларының үйлесіп келуі тіл кемістігінің пайда боуына себеп бола алады. Тіл бұзылысының пайда болуына себеп болатын факторларды табиғи (органикалық) және функционалды деп бөледі.
Табиғи себеп деп шеттегі немесе орталық бөлімдеріндегі тіл механизмдері анатомиялық-физиологиялық құрылысының қатты бұзылуынан болатын себепті айтамыз. Функционалды себептеріне анатомиялық-физиологиялық құрылысы әдеттегі күйінше сақталынып, тек қана тіл механизмінің бұзылуы жатады. Сонымен барлық тіл кемістіктерін, оларды туғызатын себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады.
- Табиғи тіл к бұзылысы (органикалық);
- Функционалды тіл кемістіктері.
Табиғи тіл кемістіктері зақымның таралуы орнына байланысты бөлуге болады: а) тілдің табиғи бұзылуының орталықтан пайда болуы (осыған бас ми қабығында орналасқан тіл механизмдерінің бұзылуының нәтижесінде болатын афазия, алалия және т.б. жатады); б) тілдің табиғи бұзылуының шеттен пайда болуы (оған ринолалияны, механикалық дислалияны және т.б. жатқызуға болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет