Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1



бет15/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Артикуляциялық бөлімі мұрын, ауыз және жұтқыншақ қуыстарынан тұрады. Артикуляциялық бөлімінің негізгі мүшелері: тіл, ерін, жақ (жоғарғы, төменгі), қатты және жұмсақ таңдай, альвеолдар (қызыл иек). Артикуляция мүшелері белсенді және енжарболып бөлінеді. Белсенді мүшелері: тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ сүйегі; қалғаны енжар мүшелері болып табылады (1 қосымша, 3–Сурет).


Білімалушылардың білімін бақылауға арналған сұрақтар
1. Сөйлеу аппараты дегеніміз не? Сөйлеу аппаратына қандай мүшелер кіреді?
2. Сөйлеу аппараты орталық бөлімінің құрылысы және атқаратын ролі туралы тұжырымдаңыз.
3. Сөйлеу аппараты шеткі бөлімінің құрылысы
4. Сөйлеу кезіндегі тыныс алу процесі.
5.Фонация. Дауыс шығару механизмдері да, ауа көмекейден еркін өтеді.
6. Физиологиялық және сөйлеу кездегі дем алудың айырмашылығы.
7. Дауыс шығару механизімін ашып айтып беру.
8.Артикуляциялық аппараттында кездесетін әр түрлі ақаулықтар. Олардың сөйлеу тіліне тигізетін әсері.


Лекция №8
Тіл бұзылыстары және оның себептері

1. Тіл бұзылысы туралы ұғым


2. Тіл бұзылыстарының пайда болу себептері
3. Табиғи және функционалды тіл бұзылыстары
Тіл бұзылысы деп -сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мүлшерден ауытқуын айтамыз. Қатынас теориясының көзқарасында тіл бұзылысы ауызша сөйлеу қатынасының бұзылуы болып есептеледі. Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегінше сипатталады:
1) Өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді;
2) сөйлеушінің жас мүлшеріне сәйкес келмейді;
3) оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялық ықпал жасауды талап етеді;
4) баланың одан әpi дамуына жағымсыз әcepiн жиі тигізеді;
5) тіл бiлмeйтiндік-диалектизм-тiл бұзылысы болып саналмайды;
6) сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмінің ақаулықтарымен байланысты.
Аталған ерекшеліктер тіл ке бұзылысының айырмашылығын көрсетеді. Логопедияда «сөйлеу тілінің жетілмеуі», «сөйлеу тілінің бұзылуы», «тіл бұзылысы» деген ұғымдар кездеседі.
Сөйлеу қабілетінің немесе сөйлеу жүйесінің құрамдарының төмен деңгейде қалыптасуы сөйлеу тілінің жетілмеуі деп саналады.
Сөйлеу тілінің құрамының әр түрлі бөлімдерінің сөздік қоры, грамматикалық құрылысының мүлшерден ауытқуы және тілдің негізгі функциялары – қарым-қатынас, ойлау қабілеттерін атқара алмауы тіл кемістіктері деп саналады. Әрине, ол ауытқулар әрқалай және әртүрлі мүшерлерде кездесуі мүмкін. Сөйлеуші кейде тек бір дыбысты бұзып айтуы немесе мүлдем айта алмауы мүмкін. Әрине мұндай жағдайда тіл өзінің нeriзгі функцияларын жоғалтпайды, дегенмен кейбір жағдайда ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Тіпті жеңіл тіл бұзылыстары адамдардың актер, диктор, мұғалім т.б. мамандықтары бойынша жұмыс істеулеріне бөгет келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет