1. Иек–тіл бұлшық еттері; төменгі жақтың ішкі беткейінен басталып, тіл түбі аймағында бекітіледі. Осы бұлшық ет тілді алға қарай созыға мүмкіндік береді.
2. Тіл асты–тіл бұлшық еттері; тілден төмен және артқы қарай орналасқан тіл асты сүйегінен басталады. Осы бұлшық ет талшықтары жоғары және алға қарай жылжып, тіл мойынының кілегейлі қабатына бекітіледі. Тілді төмен қарай түсіруге арналған.
3. Біз тәрізді–тіл бұлшық еттері; ми сауытының негізінде орналасқан біз тәрізді өсіндіден басталып, алға қарай тілдің шет жақтарына кіріп, иек–тіл бұлшық еттеріне қарама–қарсы бағытталады. Осы бұлшық ет арқылы тілді ауыз қуысының ішіне қарай тартуға болады.
Тілдің екінші топ бұлшық етеріне осылар жатады: 1. Тілдің жоғарғы көлденең бұлшық еттері. Ол тіл мойынының кілегейлі қабатының астында орналасқан. Оның талшықтары тілдің мойыны мен ұшының кілегейлі қабатында аяқталады. Осы бұлшық еттің жиырылуы кезінде тіл қысқарып, оның ұшы жоғары қарай иіледі.
2. Тілдің төменгі көлденең бұлшық еті. Тілдің төменгі беткейіндегі кілегейлі қабаттың астында орналасқан. Осы бұлшық ет жиырылғанда тіл ұшы төмен қарай иіледі.
3. Тілдің бірыңғай салалы бұлшық еті. Тілді тарылтып, үшкірлетуге мүмкіндік беретін бұлшық ет. бұлшық ет жүйесінің күрделі түйісуі, олардың әр түрлі жерлерде бекітілуі шайнау, жұту және сөйлеу кезінде тілдің қандай болсын бағытқа өзеруін қамтамасыз етеді.
Тілдің бетін жауып жатқан кілегейлі қабатта дәм сезуталдағышының соңғы аппараты болып табылатын – дәм сезу емізікшелері болады.
Тілдің тамырында тіл миндальі болады, ол әсіресе балаларда жақсы дамыған.
Ауыз қуысының түбі төменгі жақтың шетінен тіл асты сүйегіне баратын бұлшықетті–жарғақты қабырғадан пайда болады. Тілдің төменгі беткейіндегі кілегей қабат ауыз қуысының түбіне барып, тіл асты байланысын түзеді. Кейде осы байланысты мықты болмағандықтан, тілдің қозғалысын шектейды. Ауыз қуысына сілекей бездерінің жолдары ашылады. Шықшыт безінің өзегі жоғарғы екінші азу тіске қарама-қарсы, ұрттың ішкі беткейіне ашылады, ал тіл асты және жақ асты бездерінің өзегі ауыз қуысы түбінің кілегейлі қабатына ашылады.