Бақылау сұрақтары:
1.Сөйлеу дыбыстарының пайда болуы (артикуляция)
2. Бала тілінің негізгі даму сатылары
3. Ұяң дауыссыздар
4. Сөйлеу дыбыстарының акустикалық ерекшелігі
5. Барлық дауысты дыбыстыр артикуляциясы
6. Барлық дауыссыз дыбыстыр артикуляциясы
№14 дәріс тақырыбы: Сөйлеу мүшелерінің патологиясы
Жоспары:
1.Мұрын мен мұрын қуысының аурулары
2.Ауыз қуысының аурулары
Сөйлеу мүшелерінің патологиясы
Есту мүшелерінің патологиясын жоғарыда сипаттағандай осы тарауда тек педагогтер үшін практикалық маңызы зор патологиялық процестер қарастырылады. Әсіресе дауыс пен сөйлеу қызметінің бұзылыстарына әкелетін сөйлеу мүшелерінің құрлысы мен қызметіндегі өзгерістер. Осы тарауда кемшіліктердің (дефектілердің) дамуы, сонымен қатар шеткі сөйлеу аппаратының аурулары толық қарастырылады. Ал сөйлеу қызметінің орталық механизмдер патологиясы невропатология курсының міндеті.
1. Мұрын мен мұрын қуысының аурулары Мұрынның мүлде жоқ болуымен, мұрын ұшының қысылып келуімен, екі мұрынның болуымен туа пайда болған ауытқулар сирек кездеседі және мұрын қуысының туа, жүре пайда болған өзерістері сияқты сондай практикалық маңызы зор емес.
Мұрын қуысының тарылуы мен өсіп кетуі. Кейде бір немесе екі жақ мұрын қуыс жолдарының тарылуы туа пайда болуы мүмкін. Басқа жағдайларда туа пайда болған тарылу тек мұрын кіре берісінде болып, таңаудың толық өсіп кетуімен (атрезия) аяқталуы байқалады.
Салыстырымды түрде сирек кездесетін аномалия – таңауды кеңейтетін бұлшық еттердің әлсіздігінен туындайтын мұрын қанаттарының инспираторлық (дем алу) сорылуы. Ондай жағдайларда танау дем алу кезінде кеңеймейді, керісінше, мұрын қанаттары мұрынның ішіне қарай сорылады, ал бұл мұрын қуысына ауаның кіруіне кедергі келтіреді.
1.Мұрын жарақаты. Әсіресе балалық шақта мұрын жарақаты
жиі кездеседі. Жарақат мұрынның сүйекті қаңқасының сынуымен пайда болады. Мұрын сүйектерінің жарақаты нәтижесінде мұрынның
деформациясы байқалады. Кеңсірік шеміршегінің зақымдалуы кезінде
кілегей қабатының астында өте жиі қанның кетуі, немесе көп
жағдайларда абцесске айналатын гематом болады
Кеңсірік шеміршегінің абцессі балаларда мұрын мойынының жалпақтануына әкеледі. Бұл мұрын деформациясын (ер тоқымды мұрын), кейде мұрынның резонаторлық қызметінің бұзылуын тудырады. Кеңсірік шеміршегінің жарақаты кезінде абцисстің дамуын және
кейіннен мұрынның деформациясын алдын алу үшін ерте кезден бастап емдеген жөн. Сондықтан кеңсірік шеміршегінде гематомның пайда болуына күмән болса (бір жақ мұрын қуысының бітелуі), онда баланы тез арада дәрігер-отоларингологқа көрсету қажет.
Өйткені олар ойынаған кезде әр түрлі ұсақ мұрынға салады: тас, мойыншақтар, түйме, шие дәні,
бұршақтар және т.б. Осы бөгде заттар бір кейде екі мұрын қуыстарын бітеп, мұрынның кілегейлі қабатының іріңді қабынуын тудырады
Бала мұрынынан ірің иісі бар бөліністер бөлінсе (әсіресе ірің тек бір жақтан ғана бөлінетін болса), бұл ондағы бөгде заттардың болуын білдіреді. Көп жағдайларда бөгде заттар мұрынның төменгі бөлімінің басында қалып қояды, тәжірибелі дәрігердің көмегімен ол заттарды алып шығуға болады. Мұрыннан бөгде заттарды тез арада алып тастауға асықпаған жөн, оның мұрында бірнеше күн болуында ешқандай қауіптілік жоқ. Сондықтан бөгде заттарды өздігінен алуға тырыспау қажет. Пинцет немесе әр түрлі ұстағыштар арқылы мұрындағы бөгде заттарды алу оның әрі қарай тереңірек итерілуіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |