Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет20/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Денотатты мағыналы атаулық тіркестер денотаттың накты атауын таңбалайды. Нақты зат не құбылыс атауын белгілегендіктен де, оларды туынды сөз ретінде тану аса қиындық келтірмейді. Дәстүрлі грамматикада күрделі зат есім ретінде танылатын мұндай атаулар мен олардың уәжділігі жақсы талданған.
1) заттың түсі арқылы уәжделген атаулар: ақ тиін, ала бұлдырық, ала бұлбұл, ақ шағала, ақ тарлан, ақ түтек, ақ қоян, ақ түлкі т.б.
2) заттың белгісі арқылы уәжделген атаулар: ит жидек, мал қора, am қора, т.б.
3) болмыстың ерекше сипаты арқылы уәжделген атаулар: кіші жүз, ұлы жүз, орта жүз, Алтын орда, ақ орда, ана miлi, қазақ тілі, шетел тілі, т.б.
4) болмыстың табиғи қасиеті, меншіктілігі арқылы жасалған атаулар: асық жілік, қол жілік, ортан жілік, кәрі жілік, тоқпан жілік, сан жілік, ана тілегі, ай сәулесі, күн нұры, теңіз дақылдары, қазақ жері, қазақдаласы, орыс орманы, т.б.
5) жер-су атаулары: Жаңаөзен ауылы, Қаражал ауылы, Дәуіт ауылы, Шиелі ауданы, Ұлытау ауданы, Сыр суы, Арал теңізі, ұқктырма өзені т.б.


Бақылау сұрақтары:
1.Аналитикалық сөзжасам қалыптары
2.Тұлғалардың бірігу қалыбы
3.Тұлғалардың қосарлану қалыбы
4.Тұлғалардың тіркесу қалыбы


    1. Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.,1989
2. Оралбай Н., Қазақ тілінің сөзжасамы (оқулық) А., 2002
3. Салқынбай А.Б., Қазақ тілі сөзжасамы (оқу құралы) А.,2003
4. Қасым Б.Қ. Сөзжасам: семантика, уәждеме, (оқулық) А.,2003
5. Салқынбай А., Қазақ тілі сөзжасамы (оқу-әдістемелік кешені) А.,2007
6. Ибатов Ә., Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі, А.,1988
7.Н.Оралбай, К.Құрманәлиев, Ж.Балтабаева. Қазақ тілінің сөзжасамы. –А., 2014.

12 лекция. Тақырыбы: Лексика-семантикалық тәсіл


Жоспар:
1. Лексика-семантикалық тәсіл жайлы тіл біліміндегі әр түрлі көзқарастар
2.Сөздің мағыналық жақтан дамуы
3.Сөз мағынасының дамуындағы конверсия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет