Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет16/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

тан, -тен, (-дан, -ден, -лан, -лен). Құрамы -та және -н тұлғаларынан құралатын бұл жұрнак екі түрлі түбіртектен құралатындықтан, өзінше күрделі семантикалық сөзжасамдық кұрылымға ие. Валенттілік ыңғайына қарай: синкреттілік негізді атаулардан кейін (ашулан, қатулан, ойлан, жандан, қолдан, үйлен т.б.); абстрактылы мәнді атаулардан кейін (арлан, борыштан, рахаттан, сезіктен т.б.): иелік мән туғыза алатын атаулардан кейін (малдан, үйлен, пайдалан, қарыздан т.б.); кісінің мінез-құлқына қатысты атаулардан кейін қулан, кайраттан, мазасыздан, ашулан, қайсарлан, жалқаулан, еріншектен, шамдан, т.б.) жалғанады.
-тас, -тес, -дас, дес, -лас, -лес. Құрамы екі -та және -с тұлғаларынан тұрғандықтан, мағыналық құрылымы да күрделі келеді. -Та, -те тұлғасының сөзжасамдық мағынасына -с формасының ортақтықты білдіретін мәні қосылады. —Тас, -тес сөз тудырушы тұлғасы та+с, те+с (етістік тудырушы жұрнақ+ортақ етіс) жұрнағымен түлға жағынан бірдей, мағынасы жағынан ұқсас болғанымен, екеуі бірдей емес. -Тас, -тес сөз тудырүшы тұлға атауға жалғанып, екіншілік мағына туғызғанда құрамы тұрақты болады да, ажырағанда мағына жасалмайды. Сондықтан да, А.Ысқақов мұндай тұлғаларды құранды жұрнақ деп атаған. Мысалы: көмектес, ақылдас, айлас, мұндас, құр ай, -ей (кейде -ғай, -гей) сөз тудырушы тұлғасы -а және -й жұрнақтарының қосылуы негізінде қалыптасып, күрделі сөзжасамдық мағына үстейді. -Қар, -кер тұлғасы арқылы негізделіп, жіктеліп шыққан түлға болғандықтан, семантикалық-генетикалық сабақтастық сақталады: көркей, марқай, қартай, сарғай, қарай, күнгей, молай, көбей, азай, т.б
- қар, -кер, -ғар, -гер - ежелгі сөзжасамдық тұлғаның бірі. Әртүрлі дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде кұрамы өзгеріп, бірнеше СТТ-ның жіктелуіне негіз болган. Қазақ тіліндегі -ар, -ер, -ай, -гыз тұлғалары осы формадан жіктеліп шығып, өзіндік семаға ие болған деген ғылыми пікір бар.
Іс-әрекеттің белгілі субъекті арқылы орындалатынын көрсететін сема: басқар, атқар, теңгер, суғар (суар), ("іскер" сөзі осы тұлғаның лексикалануы арқылы қалыптасқан);
іс-әрекеттің орындалуын қалау семасы: ескер, жеткерт т. б.
-ар, -ер, -р. Жоғары атап өткеніміздей, -қар түлғасы арқылы жіктелген СТТ. Негізінен бұл СТТ-ның сөзжасамдық мағынасында сындық ұғымды таңбалайтын атауларға жалғану қабілеті мол. Мұндай семантикалық қасиеті -ар, -ер, -р есімшесімен генетикалық байланыстың бар екенін көрсетеді.
Мысалы: қызар, жасар, көгер, жақсар, тазар, жаңар, ескір, ұзар, қысқар т.б.
былас, достас, сырлас, дәмдес, елдес, пікірлес т.б.
-ық, -ік - көне синкретті жұрнақтың бірі.
Іс-әрекетті орындаушы субъектінің көп болуын, жиылуын білдіретін сема: бірік, молық, кезік, жолық, өшік т.б,
Іс-әрекеттің, қимылдың сипатын, өту жағдайын танытатын сема: зорық, торық, қамық, құнық, сезік, дәнік, т.б.
-сыра, -сіре, -сы, -сі, -сын, -сін тұлғаларының шығу тегі бір болғандықтан, мағыналық қыры да бір-біріне жақын, бір семантикалық өрісте жатады.
-іс-әрекеттің өту амалы семасы: босаңсы, тосансы, әлсіре, жетімсіре, ойсыра т.б.
- субъектінің әртүрлі көзқарасын таңбалайтын сема: білгішсі, үлкепсі, адамсын, кісімсін, батырсын, кәрісін, жатсын, ғалымсын, ақынсын т.б.
2 Себепші негізге заттық мағына қосатын сөзжасамдық тұлғалар:
-шы, -ші. Қазак тілінде аса өнімді СТТ ретінде танылады. Сөз тудырушы тұлға ретінде себепші негізге адамның кәсібі мен қызметіне сәйкес иелік мән туғыза отырып, мынадай парадигмалық байланыстарды айқындайды: Мысалы: орманшы, түйеші, малшы, сүйекші, балшы, арбашы, садақшы, елші, барлаушы т.б.
-шылық, -шілік сөз тудырушы тұлғасы құрамы құранды болғандықтан, мағыналық құрылымы да күрделі болып келеді. -шылық, шілік жұрнағы жалғанған туынды сөз мағынасында құбылыстың молдығы, көптігі семасы "лық" тұлғасы арқылы беріледі: Мысалы: азшылық, молшылық, көпшілік, тоқшылық, баршылық, айшылық, күншілік, тіршілік, т.б.
-тық, -тік, -дық, -дік, -лық, -лік. Өнімді СТТ ретінде тілде белсенді жұмсалады. Мысалы: кісілік, балалық жастық, байлық, молдық, жақсылық;
-ыл, -іл, -л. сындық мәннен жана сема туғызады: шикіл (сары), қатал, т.б. Мұндағы -ыл, -іл жұрнағының туғызатын семантикалық қыры тарихи қызыл, жасыл" сөздерінің мағыналық калыптасу жолымен сабақтас деуге болады.
-кер, -гер - сөз тудырушы тұлғасы -шы, ші тұлғасымен бір парадигмалық байланысқа түседі, өйткені жаңа сөз жасаудағы сөзжасамдық мағынаға қосатын семалық үлесі бірдей. Мысалы: суреткер, іскер, заңгер, жауынгер, сазгер, балгер, саяткер, сайыскер, жұмыскер, табыскер, даукер, саудагер, кәсіпкер, т.б.
кеш, -паз, -қор, -қой, -хана, -стан сияқты кірме жұрнақтар. Мысалы: арбакеш, күлекеш, өнерпаз, әсемпаз, еңбекқор, жемқор, сәнкой, ақылғой, әзілқой, кіталхана, емхана, Қазақстан, Қыргызстан т.б.
па, -пе, -ба, -бе, -ма, -ме СТТ тіліміздегі -мақ тұлғасы арқылы жасалған. Мысалы: ілме, суырма, тапсырма, баяндама, жолдама, ескертпе т.б.
-м, -ым, -ім. Белсенді жұмсалатын СТТ. абстрактылы мән туғызатын сема: сенім, сезім, төзім, тыйым, ұғым, кешірім, т.б.
қы, -кі, -ғы,-гі. Себепші негізге жалғанып, мынадай сөзжасамдық мән қосалады: Мысалы: сүзгі, бұргы, шалғы, сыпыртқы, шапқы, шанышқы, қалтқы т.б.
-ыс, -іс, -с. Ежелгі кезде кимыл атауы қызметінде жұмсалған бұл тұлға тілдің дамуында мағыналық жіктеліске түсіп, әртүрлі семалық сипатқа ие болған.
3. Себепші негізге сындық мағына қосатын сөзжасамдық тұлғалар:
-қы,-кі, -ғы, -гі. Өзге сөз тудырушы жұрнақтар сияқты, бұл тұлғаның да себепші негізге жалғануының өзіндік валенттілік қасиеті бар. Себепші негіз бен сөз тудырушы тұлғаның байланысуы ішкі мағыналық құрылымының мәндес, ыңғайластығына негізделеді. Мысалы, ауызғы, төргі, үйдегі, төменгі, жоғарғы, жазғы, көктемгі, ертеңгі.
-ты, -ті, -ды, -ді, -ны, -ні барлықты, молдықты нақтылап көрсетеді. Мысалы, ардақты, уйлі, малды, әдепті, ақылды, ашулы, мұңды.
-сыз, -сіз білімсіз, жылусыз, сусыз, үйсіз.
-шыл, -шіл сыншыл, ырымшыл, күлшіл, кінәмшіл.
-тай, -тей,-дай, -дей, -лай, -лей құстай, сүттей, аққудай, Абайдай.
-ыс, -іс, -с: таныс, біліс, жүріс, тұрыс;
-қыр, -ғыр, -кір, -гір: білгір, өткір, ұтқыр, ұшқыр, т.б.
-мыш, -міш: жасамыс, тарамыс, жазмыш, болмыс, тарамыс, т.б.
-қы, -кі: жинақы, қазақы, бүлдіргі, күрдіргі, сыдырғы;
- ыр, -ір, -р: жұмыр, сығыр, тықыр, білгір, алғыр т.б,;
- у: таяу, баяу, қызу, жадау т.б.;
-аған, -еген: тебеген, жатаған, сүзеген, қашаған, алаған, береген т, б.;
-мсақ, -мсек: келімсек, әлмшсек, тілемсек, жарамсақ, алымсақ, т.б.
-алақ, -елек: еңкелек, қаңғалақ, бұлтанақ, шыжғалақ, жалталақ т. б.
-анақ: сұганақ, шығанақ, шұқанақ, т.б.
-ын, -ін, -н: ортан, түтін, еркін, ұзын, жайын т.б.
4. Себепші негізге үстеулік мағына қосатын сөзжасамдық тұлғалар:
-ша, -ше. Дәстүрлі грамматикада бұл тұлға үстеу тудырудағы негізгі әрі өнімді жұрнак ретінде түсіндіріледі.
Себепші негізге валенттілігіне карай жалғанатын -ша, -ше СТТ-сы әртүрлі семалық парадигмалық қатынас жасай алады:
• іс-әрекеттің істелу сипаты: батырша, адамша, менше, сенше, т.б.
• іс-әрекеттің орындалу амалы: қысқаша, басқаша, көнеше, жаңаша т.б.
• іс-әрекеттің орындалу сипатын салыстыру мағынасында: Құнанбапша, Оразбайша, кұсша, сұңқарша, итше т.6.
-тай, -тей, -дай, -дей, -лай, -лей. Себепші негізге жалғанып сын есім, үстеу туғызады. (Қараңыз: сындық мағына туғызушы тұлға).
-тайын, -тейін, -дайын, -дейін. -тай және -ын жұрнақтары арқылы жасалған құранды тұлға болғандықтан, сөзжасамдық мағынасы да күрделі болады: бөрідейін, түлкідейін, қырандайын, аққудайын, тотыдайын, сұңкардайын, т.б.
-шама, -шалық. Құранды жұрнақ болғандықтан, сөзжасамдық мағынасы да күрделі. Себепші негізге мөлшерлік сема қосады: осыншалық, соншалық, мұншалық, мұнша, сонша, т.б.
-шылап, -шілеп: сиыршылап, малшылап, Сәкеншілеп, Маратшылап т.б.
-қары, кері: себепші негізге іс-әрекеттің бағыты семасын қосады. ішкері, сыртқары, ушқары, тысқары;
-ын,-ін: үстіртін, кешкісін, жазғытұрым, жасырын, астыртын, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет