Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет17/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Бақылау сұрақтары:
1. Синтетикалық тәсілмен жаңа сөз жасаудағы тілдік бірліктер
2.лексикалық мағыналы уәждеме сөз
3.сөзжасамдық жұрнақ

  1. Негізгі сөз бен туынды түбір

  2. Лексикалық мағына жасайтын сөзжасамдық жұрнақ

4.Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақ


Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.,1989
2. Оралбай Н., Қазақ тілінің сөзжасамы (оқулық) А., 2002
3. Салқынбай А.Б., Қазақ тілі сөзжасамы (оқу құралы) А.,2003
4. Қасым Б.Қ. Сөзжасам: семантика, уәждеме, (оқулық) А.,2003
5. Салқынбай А., Қазақ тілі сөзжасамы (оқу-әдістемелік кешені) А.,2007
6. Ибатов Ә., Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі, А.,1988
7.Н.Оралбай, К.Құрманәлиев, Ж.Балтабаева. Қазақ тілінің сөзжасамы. –А., 2014.

11 лекция. Тақырыбы: Аналитикалық сөзжасам тәсілі


Жоспар:
1. Аналитикалық сөзжасам қалыптары

  1. Тұлғалардың бірігу қалыбы

  2. Тұлғалардың қосарлану қалыбы

3.Тұлғалардың тіркесу қалыбы
Лекцияның мақсаты: Аналитикалық сөзжасам тәсілін түсіндіру.
Лекцияның мазмұны: Болмыстың танылған ерекше белгілерін таңбалаудың көнеден келе жатқан тәсілінің бірі — аналитика-семантикалық сөзжасам тәсіл. Аналитика-семантмкалық сөзжасам тәсілі тілдің дамуында маңызды рөл атқарған. Тілдің ежелгі бастауында түбіртектің, түбірдің бірігуі арқылы екіншілік мағына жасалып, жаңа сөздер туындаған. Тіліміздегі бір буынды түбірлер санатындағы ГСГ (ГС+Г, Г+СГ т.б.) тұлғасындағы атаулар түбіртектердің осындай бірігуі нәтижесінде болған деп пайымдауға негіз бар. Қазіргі қазақ тілінде аналитикалық-семантикалық сөзжасам тәсілінің мынадай сөзжасамдық қалыптары қалыптасқан: тұлғалардың бірігу қалыбы; тұлғалардың қосарлану қалыбы; тұлғалардың тіркесу қалыбы.
Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілінің өзіндік ішкі байланысу заңдылығы бар. Кез келген екі тұлғаның бір-бірімен қосарлануы не бірігуі, тіркесуі мүмкін бола бермейді. Өзге де сөзжасамдық тәсілдердегі сияқты мұнда да парадигматикалық және синтагматикалық қатынастар орындалуы тиіс. Халықтың болмыс белгілері мен қасиеттері туралы ұғымды, түсінікті танып, оны таңбалауының ішкі заңдылықтарына сәйкес аналитика-семаитикалық сөзжасам тәсіліде де халықтық дәстүрлі дүниетаным мен ментальдылықтың берік жүйесі орныққан. Осыған сәйкес жаңа номинативтік белгісі бар ұғымды таңбалауда лингвистикалық және экстролингвистикалық факторлардың, орындалуы шарт.
Өзге сөзжасамдық тәсілдермен салыстырғанда, аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілінің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік аналитика-семантикалық сөзжасамның толық мағыналы сөздер арқылы жаңа туынды мағына жасай алуымен байланысты. Туынды сөздің жаңа сөзжасамдық мағынасының ішкі семантикалық құрылымы күрделі болады, әрі оған екі негіз мағынасы да бірдей қатынасып, "ортақ" жаңа сема жасайды. Жаңа сөзжасамдық зерттеулерге сүйене отырып, аналитикалық-семантикалық тәсіл негізінде пайда болған сөздердің ішкі мағыналық құрылымы арқылы да олардың жаңа атаулық қасиетін айқындаймыз. Себебі кез келген жеке сөз өзінше қалыптасқанымен, оның ортақ заңдылықтары болды. Ал сөздердің жеке атау ма немесе еркін сөз тіркесі бола ма деген сұраққа жауап берілу үшін, оның тек морфологиялық құрылымын айқындау аздық етеді.
Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулар адам танымының нәтижесінде танылған ұғымды номинативтік белгілерінің ерекше касиеті мен сапалық сипатының өзге заттар мен құбылыстардың бойындағы жақын, мәндес, ұқсас, қарама-қарсы, абстрактылы, ассоциативгі мән туғызу жағдайына орай таңбалайды. Айталық "баспасөз' лексемасының екіншілік мағынасының жасалуына себепші негіз болған "баспа" және "сөз" тұлғаларының қайсысының мағыналық деңгейі жоғары не төмен, жаңа атау жасауда қайсысы артық сема қосып, тірек сыңар қызметін атқарып тұрғанын айқындау мүмкін емес. Өйткені сөзжасамдық мағына үшін екі тұлғаның қосар мағыналық үлесі бірдей. Туындаған жаңа сөзжасамдық мағына екі тұлғаның да мағыналық құрылымындағы номинативтік белгілерді тиісінше қабылдап, өзінше ерекше семалы жаңа денотаттық мағына туғызады. Бұл туынды екіншілік мағына себепші негіздердің мағынасы арқылы бірдей уәжделеді. Демек, аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің құрамындағы себепші негіздердің біреуі тірек сөз, біреуі көмекші сөз деуге келмейді. Туынды сөздің екіншілік сөзжасамдық мағынасында себепші негіздің екеуінің де семалық үлесі болады, әрі олардың үлес салмағы екіншілік мағына семасының ерекше семасын туғызуға бірдей қатысады. Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы туынды сөз жасалу процесінде бір тұлғаның мағынасы негізінде бірнеше атау жасалуы ықтимал. Бірақ бұл оның тірек мағыналылық сипатын таныта алмайды, тек сөзжасамдық парадигма жасау қабілетін көрсетеді.
Егер сөзжасамдық тұлғалардың біреуін тірек сыңар ретінде таныр болсақ, олардың орны тұрақты болар еді. Ал тілдік деректерде мұндай тұрақтылық байқалмайды. Яғни тұлғалық сипаты тұрғысынан да, мағыналық жағынан да себепші негіздердің біреуі тірек сыңар бола алмайды, екі сыңар да туынды сөздің мағыналық құрылымын туғызуға бірдей дәрежеде қатынасады. Сондықтан аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің құрамындағы атаулардың кез келгені ішкі мағыналық құрылымының ауқымына байланысты әртүрлі сөзжасамдық парадигмалық қатар туғыза алуы мүмкін. Бұл сөзжасамдық парадигма бойынша жасалған туынды сөздердің мағынасы әр алуан болып, құрамындағы себепші негіз мағынасы бойынша уәжделеді де, әртүрлі грамматикалық тұлғамен түрлене таңбалануы мүмкін. Айталық, жоғарыда келтірілген атауларда сигнификаттық, денотаттық, коннатациялық мағына мөлшері әртүрлі. Сегізкөз, алабота, алабұға, алақарға сөздерінің денотаттық мағынасы, көк көз, отты көз, өткір көз, ала көз, ала таң, бадырак көз, күлім көз, жаутаң көз,жаутаң көз, қысық көз — сөздерінің сигнификаттық мағынасы, ала көз, ала көңіл, ала аяң, күн десе көзі, ескі көз, төрт көзі (түгел), ала көздену, ала жібіне аттамау, ала құйын, ақ көз, ала көз - сөздерінің коннатациялық мағынасы мол, әрі айқын. Мұндай мағыналық көпқырлылық танымның тереңдігімен, болмыс туралы ұғымның номинативтік белгілерінің танылу деңгейімен байланысты болса керек.
Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің тағы бір негізгі ерекшелігі олардың байланысу сипатында. Құрамы мен мағынасы күрделі туынды сөздердің бір-бірімен байланысу жолдарының да өзіндік қалыптасу жолы мен жүйесі бар.
Аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер бір бүтін бірлік деп санар болсақ, олардың арасында салаластық не сабақтастық қатынас болу мүмкін емес. Өйткені туынды сөздің мағыналық құрылымы ортақ тұлғалық тұтастығы анық, синтаксистік тұтастығы бар. Әуелде екі тұлға арқылы бірігіп немесе еркін сөз тіркесі түрінде жұмсалғанымен, тіл дамуында жеке атау ретінде ұғынылып, екіншілік сема иеленіп, туынды сөз ретінде танылған соң, олардың арасындағы сабақтаса не салаласа байланысу да бірте-бірте жоғалады, жаңа атау жасауда оның орнына синтагматикалық қатынас орнайды. Яғни болмыстың танылған белгісі мен қасиетін таңбалауда бір бүтін күйінде, жеке атау сипатында жұмсалады.
Қазіргі тіл дамуында, жаңа атаудың жасалуында аналитика-семантикалық сөзжасам маңызды рөл атқарады. Өйткені бұл тәсілдің сөзжасамдық қабілеті мен мүмкіндігі аса мол. Сөздердің, әсіресе, бір буынды сөздердің себепші негіз ретінде жұмсалу мүмкіндігі айрықша мол, сөзжасамдық қалып сипаты кең. Сондықтан қазіргі қазақ тілінде аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулардың саны мол.
Сөзжасамдық мағына тұрақталып, дайын атау ретінде еркін қолданысқа түскендіктен, аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөздердің құрамындағы себепші негіздердің мағынасы да бір-біріне біте қайнасып, ортақ сема денгейінде мағыналық сіңісу дәрежесіне жетеді.
Мағыналық сіңісу — себепші негіз мағыналары арқылы уәжделген туынды сөздің сөзжасамдық мағынасы. Мағыналық сіңісу нәтижесінде көптеген күрделі сөздер жеке атау ретінде таңбаланғанда, олардың лексикалық құрамы жеке-жеке толықтай түсінікті бола бермейді. Атаудың негізгі сөзжасамдық мағынасы айқын болғандықтан, бір себепші негіз мағынасының көнергендігі, оның мағынасына ешқандай түсініксіздіктің көлеңкесін түсіре алмайды. Ортақ негізгі сөзжасамдық мағына айқын болғандықтан, жеке сыңардың мағынасыздығына көңіл бөлінбейді. Айталық, жігіт-желең, қыз-қырқын, ығай-сығай, көрші-қолаң, ту-талақай, некен-саяқ, ым-жым, тым-тырақай, т.б. сияқты атаулардың бір сыңарының мағынасы тілдің қазіргі дамуында көнергендігі не көмескіленгендігі, бұл атаулардың түсініксіздігін туғызбайды. Сөзжасамдық мағына жалпы халық тілінде түсінікті болғандықтан, атау ретінде белсенді жұмсала береді. Қазіргі тіл тұрғысынан алғанда, қос сөз немесе біріккен сөз құрамындағы көмескіленген немесе мүлде мағынасы көнерген сыңарлардың мағынасы тілдің көне тарихи бастауында бір-біріне барабар (эквивалент) немесе жақын мәнде жұмсалған тұлғалар болып шығады.
Сонымен, аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілінің негізгі ерекшеліктерін былайша көрсетуге болар еді:
1) құрамындағы екі не үш толық мағыналы (кейде көмекші мағынадағы) себепші негіз мағынасы арқылы екіншілік сөзжасамдық мағына түзіледі;
2) құрамындағы себепші негіздің тура не ауыспалы мағынасы арқылы уәжделеді;
3) туынды сөздің сөзжасамдық мағынасында себепші негіздердің екеуінің де мағыналық үлесі болады;
4) бір себепші негіз арқылы сөзжасамдық парадигма туындай алады;
5) себепші негіздер бір-бірімен салаласа не сабақтаса байланыспайды, тек арасында синтагматикалық қатынас орнайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет