Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет6/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Бақылау сұрақтары:

  1. Сөздің мағыналық тобын ажырату

  2. Сөздің лексикалық мағынасы туралы түсінік

  3. Сөздің грамматикалық мағынасы туралы түсінік

  4. Сөзжасамдық мағына жайлы түсінік

  5. Лексикалық мағына туралы пікір айтқан ғалымдар

  6. Грамматикалық мағынаның түрлері, оның белгілері

  7. Сөзжасамдық мағына және оның құрылымы

  8. Сөзжасамның кешенді бірліктері

Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. А., 2002.
2. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы А., 1991.
3. Салқынбай А., Қазақ тілі сөзжасамы А., 2003, 2007.
4. Салқынбай А., Қазіргі қазақ тілі. А., 2008.
5. Қасым Б. Сөзжасам; Семантика, уәждеме. А., 2003.
6. Оразов М., Сөз теориясы, Ташкент 1985
7. Оразов М., Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктер А., 1980.
8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.
9.Н.Оралбай, К.Құрманәлиев, Ж.Балтабаева. Қазақ тілінің сөзжасамы. –А., 2014.

5 лекция . Тақырыбы: Сөзжасамдық үядағы туынды сөздердің құрылымдық ерекшелігі


Жоспар:
1.Сөзжасамдық ұя туралы түсінік
2.Түбір мен түбірлес сөздердің мағыналық байланысы
3.Сөзжасамдық ұяның құрылымы
4. Сөзжасамдық тізбек
5.Сөзжасамдық саты
6.Сөзжасамдық жұп
7. Сөзжасамдық тарам
Лекцияның мақсаты: Сөзжасамдық үядағы туынды сөздердің құрылымдық ерекшелігін түсіндіру
Лекцияның мазмұны: Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар: Сөзжасамдық ұя;- сөзжасамдык мағына; сөзжасамдык қалып; сөзжасамдык тізбек; сөзжасамдық жұп; сөзжасамдық саты;сөзжасамдык тарам; сөзжасамдық үлгі;Сөзжасамдық процес нәтижесінде жасалған атаулар сан алуан. Оларды жүйелеп, белгілі ізге салу үшін әртүрлі теориялық ұғымдар айқындалады. Осындай ғылыми-теориялық ұғымның бірі - сөзжасамдық ұя. Себепші негіздерден сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалып, атау қызметін атқаратын белгілі құрылымдағы түбірлес туынды сөздердің жиынтығы солжасамдық ұя деп аталады. Яғни сөзжасамдық ұя болу үшін: I) бір негізден тарайтын түбірлес сөздердің жиынтығы болуы қажет; 2) түбірлес сөздердің әрқайсысының жеке номинативтік мағынасы болуы шарт; 3) түбірлес туынды сөздер әртүрлі тәсіл арқылы жасалуы ықтимал; 4) түбірлес туынды сөздердің мағыналық жақындығы себепші негіз арқылы сақталып, бір семантикалық өрісте жатуы қажет. 5) Омонимдес тұлғалар сөзжасамдық ұяға ене алмайды.
Сөзжасамдық ұяға енетін сөздер бір түбірден тараған тұлғалар болғандықтан, формалық және мағыналық жағынан бір-біріне жақын келеді. Мысалы: Оқы, оқу, оқығыш, окығыштық, оқырман, оқыған, оқығандық, оқымысты, оқы.мыстылық, оқыту, оқытушы, оқытушылық, оқулық, оқулықтап, т.б.
Ой, ой-арман, ойдағыдай, ойлан, оқығыш, ойлампаз, ойлап-пішу, ойластыру, ойлау, ойлы, ойсыз ойлылық, т.б
Көрсетілген мысалдардағы сөзжасамдық ұяға енетін сөздердің тұлғалық жақындығы олардың түбірінде оқы, ой создерінің болуы арқылы анықталса, мағыналық жакындыгы барлық сөздердегі арнайы семаның оқу мен ой ұғымына қатыстылығы арқылы көрініс табады. Яғни сөзжасамдық ұядағы сөздер себепші негіз мағынасы аркылы уәжделіп тұрғанын аңғарамыз. Сөзжасамдық ұя термині қолданысының өзі оның ішкі мәнін ашады. Яғни қандай тәсіл арқылы жасалганына қандай тізбек құрамына енетініне т.б. белгілеріне қарамастан бір себепші негіз арқылы жасалған екіншілік мағыналы туынды сөздердің барлығы сөзжасамдық ұя құзырына ене алады. Сөзжасамдық ұядағы сөздердің сандық және сапалық сипаты әртүрлі бола алады. Сөзжасамдық ұяға кіретін сөздердің санының молдығы оларды негіздеп тұрған түбірдің немесе негіздің ішкі мағыналық құрылымымен байланысты. Егер түбір сөздің мағынасы ауқымды, кең болса, оған негізделетін сөздердің тобы да мол болады. Түбір мағынасының кеңдігі мен ауқымдылығы оның өзге туынды сөздерді негіздеп, екіншілік мағына жасай алуының кепілі. Бұл жөнінде түркологиядағы ғылыми зерттеулерде кеңінен айтылған (А.А.Юлдашев, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев, Ф.Ганиев, Ә.Ибатов, Е.З.Қажыбеков, Б.Сағындықұлы, т.б.).
Сөзжасамдық ұядағы сөздер өздері негізделіп тұрған түбір сөздің негізгі мағынасы арқылы уәжделіп, ұғымды таңбалау процесінде одан әрі мағыналық жіктеліске түседі. Түбірдің омонимдігі арқылы жасалған сөздер бір сөзжасамдық ұяға ене алмайды, әрқайсысы жеке сөзжасамдық ұя құрайды. Өйткені омоним сөздердің мағынасы бір-бірінен мүлде басқа болатындықтан, олар бір сөзжасамдық ұяда бола алмайды. Біз омонимдерді магыиалық жағынан мүлде бөлек, басқа, түлғалық жамылғышы кездейсоқ үксас болған атаулар деп танимыз. Біздің пайымдауымызша, омоним сөздерге тарихи синкретизм ретінде танылатын түбірлер енбейді. Тарихи синкретизм сөздер тілдің тарихи дамуы барысында мағыналық жіктелістің нәтижесінде жасалғандықтан, олардың арасында мағыналық байланыс пен ортақ сема сақталады. Сондықтан ондай сөздер бір сөзжасамдық ұядан тараган тізбек ретінде таныла алады. Айталық, ана себепші негізінің магынасы арқылы жіктелетін мынадай семалар бар: I) туған ана; 2) жалпы ана мәні; 3) негіз, түп, тамыр мәні; Осы мағыналар мен себепші негіз арқылы таралатын барлық туынды сөздер сөзжасамдық ұяға енеді. Мысалы: аналық, ана сүті, ана тілі, су анасы, отанасы, жер ана, анадай, аналау, аналы-балалы, аналы, анасыз, ана сүті аузынан кептеу, анадан туғандай, т.б. Ал омонимдес тұлға болып танылатын сонау, ана бір деген мағынада жұмсалатын ана сөзі бұл сөзжасамдық ұяға ене алмайды. Анадай (жерде), анау, анау-мынау, анадағы, анада, анағұрлым, анадан-мынадан. т.б. атаулар ана есімдігі арқылы негізделіп, өзінше жеке сөзжасамдық ұя жасап, өзіндік сөзжасамдық жұп пен тізбектерді құрайды. Ал қазіргі тілімізде әртүрлі мағында жұмсалып, әртүрлі сөз табының қызметін атқаратын синкретті түбірлердің терең семантикалық құрылымында мағыналық жақындық, тектестік, генетикалық бірлік болғандықтан, бір сөзжасамдық ұядан табыла алады.
Сөзжасамдық ұя сөзжасамның басқа бірліктерімен салыстырғанда, ең маңызды, әрі күрделісі саналады. Сөзжасамдық ұя - түбірлес туынды сөздердің басын құраушы негізгі орталық. Ұяда түбірлес сөздердің әртүрлі тәсіл арқылы жасалған туынды мағыналары көрінеді. Бір сөзжасамдық ұядағы туынды атаулар бір семантикалық өрісте жатады да, ортақ, өзек мағына иеленеді. Бір себепші негізден тараған түбірлес туынды сөздер бір сөзжасамдық ұяда жатқандықтан, өзара парадигматикалық, синтагматикалық қатынаста болатыны заңдылық.
Сөзжасамдық ұя өзіндік парадигмалық шеп құрай алады. Сөзжасамдық парадигмалық шеп дегеніміз - сөзжасамдық жаңа мағынасы бар туынды түбірлес сездердің тарамдық қатары. Кез келген бір түбірден таралған түбірлес түлға сөзжасамдық парадигмалық шепке ене алмайды. Парадигмалық шепке енудің негізгі шарттары: I) сөздердің бір түбірден тарауы; 2) екіншілік мағына иеленуі. Осылайша сөзжасамдық ұяның парадигмасын танысақ, ондағы сөзжасамдық жұп пен сөзжасамдық тізбектің сипатын да айқындауға болар еді. Сөзжасамдық ұяға енетін туынды сөздердің қай-қайсысы да олардың мағынасын негіздеуші түбір сөздің негізгі, өзек семасына тәуелді. Туынды сөздің семантикасын жеке атау ретінде зерттеу үшін, оның басқа түбірлес лексикалық бірліктермен терең жүйелі байланысы бар екенін айқындау қажет. Мұның өзі тілдің ішкі дамуымен байланысты жаңа мағыналық номинациялық атаудың пайда болуы мен сөз құрамы дамуының жүйелілігінен, кешенділігінен келіп шығады. Жаңа атаудың пайда болуын сөз жүйесіндегі өзге құрылымнан бөлек қарау мүмкін емес. Ал олардың мағыналық жүйелілігі мен мағыналық сабақтастығы, ең алдымен, сөзжасамдық ұяның негізінде қалыптасады. Сөзжасамдық ұядағы сөздер себепші негіз мағынасына негізделеді. Сөзжасамдық ұяның кұрамындағы сөздер іштей сөзжасамдық тізбек пен сөзжасамдық жұпқа, сөзжасамдық сатыға жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет