Бақылау сұрақтары:
1.Сөзжасамдық ұя туралы түсінік
2.Түбір мен түбірлес сөздердің мағыналық байланысы
3.Сөзжасамдық ұяның құрылымы
4. Сөзжасамдық тізбек
5.Сөзжасамдық саты
6.Сөзжасамдық жұп
7. Сөзжасамдық тарам
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. А., 2002.
2. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы А., 1991.
3. Салқынбай А., Қазақ тілі сөзжасамы А., 2003, 2007.
4. Салқынбай А., Қазіргі қазақ тілі. А., 2008.
5. Қасым Б. Сөзжасам; Семантика, уәждеме. А., 2003.
6. Оразов М., Сөз теориясы, Ташкент 1985
7. Оразов М., Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктер А., 1980.
8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.
9.Н.Оралбай, К.Құрманәлиев, Ж.Балтабаева. Қазақ тілінің сөзжасамы. –А., 2014.
№6 лекция. Тақырыбы: Сөз және атау теориясы
Лекцияның жоспары:
Ұғым мен ой, атау және таңба арасындағы байланыс
2.Жаңа атау жаслуындағы ұлттық таным
Лекцияның мақсаты: Сөз және атау , сөзге атау беру мәселерін түсіндіру
Лекцияның мазмұны:
....Атау теориясы (номинация теориясы) табиғаттағы заттар мен құбылыстардың аталу себебім түсіндірді. Номинация термині латынның «nominatio» (атау) деген сөзіне негізделген. Атау процессі болмыстың, ұғымның, есімнің арасындағы қатынас арқылы айқындалады. Болмыс – атаудың денотаты, яғни атау арқылы таңбаланған бүкіл заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен белгілрінің жиынтығы. Ұғым – есімнің мәні, яғни атаудың категориялық – тілдік белгілерінің, эксперссиялық белгілерінің жиынтығы. Есім – белгілі мағына мен мәнге негізделген дыбыстық қатардан тұратын тілдік танымдағы атау сөз. Есім санада тілдің құрылымдық жүйесінде сәйкес анықталатын тілдік кілт (языковой код) арқылы танылады. Бұл үшеуінің қатынасын ғылым тілінде семантикалық үшбұрыш деп те атайды.
Ойлау – тіл - қарым-қатынас – тілдің өмір сүруінің негізі. Болмысты тек ойлау арқылы ғана тану мүмкін емес, ойдың ең негізгі қаруы – тіл. Адамзат баласының өзін айнала қоршаған заттармен құбылыстарды тануы тек қана тіл арқылы орындалады. Сондықтан тіл мен ойлау бір – бірімен тығыз байланысты. Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари сонау ХІ ғасырдың өзіңде-ақ адамның ойлау жүйесі мен тілдің байланысын, оның оралымдылығын, бейнелілігін жоғары бағалаған. Әл-Фараби «Слово о классификации наук» атты трактатының бірінші «Наука о языке» деген бөлімінде тіл ғылымын екі бөліп қарастырады. Оның біріншісі халықтың дүние танымын айқындайтын сөздердің танылуы және оны айқындайтын білім, екіншісі сөздерді бағындырып тұрған заңдардың ілімі. Ол тіл білімінің ішкі заңдылықтарын әмбебап, жалпы пікірді айқындайтын заңдар ретінде зерделейді. Ж.Баласағұн өзінің атақты «Құтты білігінде» тілге, сөзге, ойдың оралымдылығына қатысты көптеген ойлы пікірлерін арнаған. М.Қашқаридің әлемдік тіл білімінде орны ерекше. Ол әлемде алғашқы болып салыстырмалы тарихи тәсіл негізінде түркі тілдерінің жүйесін саралап, сөзжасамның негізін салған, түркі тілдерінің лингвистикалық картасын жасаған.
Атау ономасиалогиялық аспектіде анықталғанда заттың болмысы (денотат), атаудың мәні (сигнификат) катынас арқылы түсіндіріледі сөйтіп маңызды басты мәні ретінде болмыс табиғаты зерделенеді. Семасиологиялық аспектіде анықталғанда атаудың мәні таным тәсілдері мен болмыстың атын айқындауы негізінде қарастырылады. Болмыс атаудың денотаторы ретінде өмір сүреді де, атаудың қасиетімен мәнін, белгінің табиғатын, төркінінң көрсетеді. Олай болса атау - сөйлеу нәтижесі.
Атау мен сөзжасам теориясы бір – бірімен тығыз байланысты. Сөз жасаудың негізгі мәселесі жаңа атау туғызу болса, атаудың тууы табиғаттағы заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленген «мүсіннің» танбалануы арқылы анықталады. Сөз – шындық өмірдегі болмыстың адам санасында бейнеленген тілдік таңбасы, осы таңбаның тілде белгілі заңдылыққа бағынып, қалыптасқан тәсілдер арқылы жасалуын сөз жасам саласы зерттейді. Ал, сөзжасам семантикасы сөзжасам тәсілдерімен жасалынған туынды сөздердің мағыналық құрылымын, мағыналық ерекшілігін, мағыналық топтарын қарастырады. Туынды сөздің ішкі мағынасы олардың құрамындағы сөзжасамдық тұлғалар арқылы анықталады және ол атау теориясы мен сөзжасамның арасындағы байланыстан көрінеді.
Кез келген болмыс атауы ұғым арқылы танылып, таңбамен таңбаланғанда, сол заттың бүкіл қасиеті мен белгісі бірдей танылып, өз көрінісін бере алмайды. Тек негізгі бөліктерінің қасиетін, ерекше белгілерін айқындайды. Яғни денотаттың ең негізгі белгілері арқылы түсінік қалыптасып, атау туындайды. Заттың өзге ерекше қсиеттері бірте-бірте танылады да, осының нәтижесінде сөздің көп мағыналылығы, синонимдігі және антонимдігі келіп шығады.
Дүниедегі әрбір нысан сан алуан қасиетке ие, әрі әрқайсысы да жүйелі дамуда болғандықтан, бір-бірімен шексіз қарым-қатынасқа түсе алады. Бірақ бұл шексіздік зат мәнінің танылуы үшін маңызды бола бермейді. Әрбір нақтылы жағдайда нысан өзінің ерекше бөлігімен, өзгеше белгісімен, қасиетімен ерекшеленеді. Мысалы, жылқымен салыстырғанда, түйенің негізгі ерекше белгісі - өркешінің болуы. Ал түйенің шуда жүні, маң-маң басқан жүрісі, ирек мойыны, денесінің үлкендігі т.б. өзіне тән белгілері болғанымен, жылқымен салыстырғандағы негізгі айырма белгісі көзге елестеп, көңілге бірінші оралатыны - өркеші. Бұл осы көрсетілген денотаттың алуан түрлі қасиеті мен белгісінің ішіндегі ерекше белгісі, сондықтан денотаттық ұғымның қабылдануында ерекше рол атқарады. Атаудың мәні – танылған затпен дәлме-дәл келуінде емес, адам баласының әлем бейнесін танып білудегі қызметінің нәтижесін абстрактілі түрде жеткізілуі. Атау – когнитивтік процестің тілдік бейнесі. Номинациялық атау жасалу үшін денотаттың (заттың) материалдық қасиеті ғана емес, әлеуметтік қызметі мен қажеттілігі де негізгі рол атқара алады. Мәселен, оқу құралы, оқулық, монография дегендер жеке-жеке заттың атауы. Әрқайсысының өзіндік ерекше белгісі мен айырмасы бар. Ал осы атаулардың негізгі белгілері арқылы «Кітап сөзімен жинақтық мәнде берілуі заттың өзіне тән мазмұндық сипатына, қызметіне, тұлғасына сәйкес келеді.
Тілдің ұзақ даму жолында пайда болған атаулар біркелкі емес. Оның барлығы да әлем бейнесін сол қалпын да нақты түрде тайға таңба басқандай етіп таңбалап, негізгі белгілерін дәл таныта алған деп айтуға келмейді. Атаудың номинациялық мәні тілдің заңдылықтары нәтижесінде орындалады, атау мен зат арасындағы байланыс ұғымдық түсініктер мен таным арқылы анықталады.
Әлем бейнесіне қойылған атау ұлттық таным мен ұлттық дәстүрге тікелей байланысты болады. Тілдің ұлттық сипатының негізі тірегіде осы. Кез келген атаудың ішкі мәнінде таным түсініктері жатады. Сөздің пайда болу кезеніне орай оның сипаты да өзгеріп отырады. Сондықтан да, бір буынды екі буынды сөздермен салыстырғанда, аналитикалық тәсілмен жасалған туынды атауларда, соның ішіндегі тұрақты тіркестерде ұлттық танымның сипаты айқын көрінеді. Жалпы мағынаның жіктелуінен жеке мағыналар, сол арқылы жеке номинация туындағанда, жалпының негізгі белгілік мәні жекеге көшеді де, атаудың номинативтік мағынасында сақталады. Атау заттың қасиеті мен белгісінің барлық мәнін ашпайды, негізігі ерекшелігін, ерекше белгісін айқындайды. Жеке мағыналы атаулар өздерінің негізгі, өзек мағыналары арқылы жүйеленіп, бір семантикалық өрісті құрайды. Мысалы, күн, жарық, шам, шырақ, шамшырақ, күн саулесі, жарық сауле, т.б. сияқты атаулар легі жарықтың түрлі сипаты мен деңгейін айқындап таңбалау үшін, жеке – жеке номинативті атауға ие болады. Бір семаның ғана күрделене дамуынан немесе денотаттың бір белгісінің ерекшеленуінен жаңа номинация туындайды. Әуелгі негізгі ұғымы жарыққа қатысты болып, бір денотат бойынша, яғни күн-жарық ұғымына уәжделе келіп, шам, шырақ, жарық, шырағдан, шамшырақ, сәуле, Сәуле, жарқырау т.б. сөздер тұлғалы жағынан өзгеріске түсіп жаңа денотаттық не сигнификаттық мағынаға ие болып, жеке атау ретінде қалыптасады. Демек, бір денотаттың әртүрлі белгісінің танылуы нәтижесінде ерекше мағыналы жаңа туынды сөз – жеке атау жасалады. Сонымен денотаттың бір белгісі ерекшеленіп, танымда ұғым қалыптастырса, тілде таңбаланып, жаңа атау жасала алады. Бұл екіншілік немесе үшіншілік туынды мағына болуы мүмкін. Оның семантикалық құрылымында архисеманың мағыналық сипаты шалғай өрісте болса да сақталады. Кез клген номинацияның табиғатында өзі атап тұрған болмыстың нақты маңызды белгісінің белгілену шарт. Осының негізінде атаудың уәжділігі анықталады. Атаудың негізгі мәнін айқындайтың ерекше белгі номинативтік белгі деп атайды. Номинативтік ерекше белгісі анықталмаған атау – сөз, лексема ретінде танылмайды. Номинациялық процесстің белгілі уақыт деңгейінде өтетіндігінде орай, тіл білімінде оны екі бөліп саралау дәстүрі бар. Оның алғашқысын біріншілік номинация, кейінгісін екіншілік номинация дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |