Бақылау сұрақтары: 1. Сөзжасамдық мағына – туынды мағына
2. Тіл біліміндегі атау теориясы, оның сөзжасаммен байланысы
3. Ұғым мен ой, атау және таңба арасындағы байланыс
4. Жаңа атау жаслуындағы ұлттық таным
Әдебиеттер: 1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.,1989
2. Оралбай Н., Қазақ тілінің сөзжасамы (оқулық) А., 2002
3. Салқынбай А.Б., Қазақ тілі сөзжасамы (оқу құралы) А.,2003
4. Қасым Б.Қ. Сөзжасам: семантика, уәждеме, (оқулық) А.,2003
5. Салқынбай А., Қазақ тілі сөзжасамы (оқу-әдістемелік кешені) А.,2007
6. Ибатов Ә., Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі, А.,1988
7. Аманкелдіқызы Т., Сөзжасамдық ұялар // Қазақ тілі мен әдебиеті.1996№7-8
8. Есімсейітов Б., Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектердің құрылысын синхронды тұрғыдан сипаттау. Шымкент.2003
9. Құрманәлиев К., Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларының ғылыми-теориялық негіздері, А., 2002
10. Оралбаева Н., Сөзжасам терминдері туралы // Хабаршы, 2000,№2
11. Исаев С., Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.А.
№7 лекция. Тақырыбы: Екіншілік мағына құрылымы
Лекцияның жоспары: Сөздің негізі және туынды сөз
Алғашқы ұғым және екіншілік мағына
Екіншілік ұғымның күрделілігі
Лекцияның мақсаты: Екіншілік мағына құрылымын түсіндіру
Лекцияның мазмұны: Сөзжасамдық мағына екіншілік туынды атаудың мағынасы. Сөзжасамдық мағына мен лексикалық және грамматикальіқ мағына арасында жақын байланыс, сабақтастық оар. Сөзжасамдық мағына тілдік бірлік ретінде танылып, жаңа атау ретінде лексикалық бірлік ретінде ұғынылып, лексикалық мәнге ие болады. Тек туынды сөздің гана емес, негіздің де, түбірдің де лексикалық мағынасы болады. Сөзжасамдық мағына кез келген негізде айқын болмайды, көптеген негіз сөздің мағынасы этимологиялық зерттеудің нәтижесінде ғана айқындалатыны шындық; ал түбір сөзде сөзжасамдық мағына болмайды. Сөзжасамдық мағыналы туынды сөз сөйлемде, мәтінде әртүрлі грамматикалық қолданысқа түсіп, грамматикалық категориялық мәнге ие бола алады. Сөзжасамдық мағыналардың бұлайша бір-бірімен ұштасуы, сабақтасуы тілдің жүйелі кұрылым болуымен байланысты.
Сөзжасам семантикасы айнала қоршаған заттармен құбылыстардың ерекше белгілері мен қасиеттерін таңбалау үшін, халықтық таным негізінде тілдік тәжірибеде лебізде қалыптасады. Ұғымда танылған денотаттың белгісі мен қасиетін таңбалау үшін, туынды сөздер жасаудың қажеттілігі болады. Туынды сөздердің мағынасы сөзжасам семантикасы деп аталады. Кез келген туынды сөздің сөзжасамдық семантикасы сөзжасамдық тұлғалардың негізгі және ауыспалы семасы арқылы уәжделе келіп, өзіндік ерекше семаға ие болады. Сөзжасамдық тұлғалардың мағынасынан сол тұлғалар арқылы жасалған туынды сөздің мағынасы ерекше болады. Сол себепті де екіншілік туынды мағына жасалады. Әйтсе де, сөзжасамдық тұлға мен сөзжасамдық мағына арасында ортақ сема мен өзек сема бірлігі, сабақтастығы сақталады.
Сөзжасам семантикасы атаудың номинативті белгісі арқылы анықталады. Номинативті белгі болмыстағы танылған зат не құбылыс белгілерінің, қасиеттерінің ерекше айқын сипаты. Сөзжасамдық мағына құрамындағы сөзжасамдық тұлғалардың нақты тура мағынасы арқылы да, ауыспалы мағынасы арқылы да жасала береді. Бұл халық танымымен, менталитетімен, психологиясымен тығыз байланысты.
Сөзжасам семантикасы екіншілік туынды атаудың семантикасы. Сөзжасамдық мағына мен лексикалық және грамматикалық мағына арасында жақын байланыс, сабақтастық бар. Сөзжасамдық мағына тілдік ретінде танылып, жаңа атау ретінде лексикалық бірлік ретінде ұғынылып, лексикалық мәнге ие болады. Лексикалық мағынасы болады. Кез келген негіздің сөзжасамдық мағынасы айқын болмайды, көптеген негіз сөздің мағынасы этимологиялық зерттеудің нәтижесінде айқындалатыны шындық; ал түбір сөздің сөзжасамдық семантикасы болмайды.
Біріншілік номинация тек тарихи аспектіден сөздердің этимологиялық шығу төркінін зерттеу барысында айқындалатын атаулардың ең көне мағыналық сипаты ретінде танылады. Қазіргі қазақ тілінде атаудың біріншілік номинациясы бір буынды түбірлердің мағыналық құрамында ғана сирек кездеседі. Архи тұлғалардың көрінісі мен архисемасын терең тарихи зерттеулер нәтижесінде мөлшерлеп пайымдауға болады.
Екіншілік номинация-әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер негізінде жасалатын атау. Екіншілік номинация арқылы жасалған атаудың мағынасында өзін туғызуға себеп болған түбірдің не негіздің мағынасы белгілі дәрежеде сақталады, әрі оның жасалуындағы негізгі заңдылық атаудың өзін тудыруға себеп болып тұрған тұлғаның мағынасына негізделуі болып саналады. Бұл мағыналық уәжділік кейін өзге жаңа номинативті атауларға беріледі де, олар бір семантикалық өрісте жатады. Осы сақталған мағыналық жүйе арқылы сөз дамуының тарихи желісін айқындауға болады.