Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар


Дауысты дыбыстардың сөзжасамдық қызметі



бет14/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Дауысты дыбыстардың сөзжасамдық қызметі
Тілдің дамуы барысында сөздік құрамның молайып, ұғымда танылған заттар менқ белгісін, сипатын, сапасын, касиетін айқындап таңбалауда дауыссыз дыбыстардың сөзжасамдық қалыбы сияқты дауысты дыбыстардың да сөзжасамдық қалыптары қалыптасқан. Дауысты дыбыстар кешені де жүйелі түрде дами отырып, сөзжасамға, ондағы номинация процесінің орындалуына қызмет етеді.
Дауысты дыбыстардың сәйкес дыбыстарға жіктелу процесінде сөздің лексикалық мағынасын өзіерте алу қасиеті түркологияда бұрыннан белгілі.
Айталық, Э.В.Севортян зерттеулерінде жуан және жіңішке, ашық және қысаң дауысты дыбыстардың түбір морфема семантикасына аз да болса өзгеріс енгізетіні жөнінде айтылады. Дауысты дыбыстардың сөз мағынасын өзгертуі не өзгеріс еңгізбеуі теориялық тұрғыдан ең түйінді мәселелердің бірінен саналады. Сингармониялық параллельдердің сөзжасамдық қызметінің болғаны туралы түркологияда айтылған тұжырымды ойлар бар (Г.Д.Санжеев, Б.Я.Владимирцев, Т.А.Бертагаев, Ж.Аралбаев, Б.Сағындықұлы т.б.)
Ежелгі түркілік кезеңде тілде жіңішке айтылатын дыбыстардың болмағаны, тек жуан дауысты дыбыстар ғана сөз мағынасын айқындағаны туралы ғылыми пікір түркологияда орныққан деп есептеуге болады. А, У, И дауыстылары тілде негізгі мағына айырушы қызмет атқара келе, тіл дамуы барысында жіңішке варианттарына жіктелген. Дамудың негізгі себебі дыбыстардың артикуляциялық-акустикалық дамуы ғана емес, сөзжасамдық қасиетімен де тығыз байланысты деп пайымдауға негіз бар. Олай болатын себебі дыбыстардың жіктелісі белгілі бір қажеттіліктен іске асатын құбылыс ретінде танылады да, ол қажеттілік адам танымының дамуы негізінде болмыстың қасиеті мен белгісінің танылуы таңбалану мүмкіндігі ретінде бағаланады.
Демек, дауысты дыбыстардың жінішке варианттарының пайда болуының негізгі бір себебі - жана атау жасау кажеттілігі болса керек. Дауысты дыбыстардың сәйкесуі аркылы мынадай сөзжасамдық қалыптар жасалған:
А - Е сөзжасамдык қалыбы. А(Е дыбыстарының сәйкестігі мен олардың сөзжасамдық қалыбы бірден болган құбылыс емес, алдымен, аллофондық сипатта қолданып, кейін фонемалық қасиет пеленген. Ал дыбыстардың аллофондық сипаты диалектілік ерекшелік ретінде кездеседі. Мұндай жағдайда ол дыбыстардың сәйкесуі емес, дыбыс алмасуы ретінде бағалануы керек.
Сөзжасамдық мағына туғызу қызметі жеке фонемалық қасиетке толық жеткенінің көрінісі. А(Е сөзжасамдық қалыбы арқылы екіншілік мағына алған туынды сөздер себепші негіздің мағынасына негізделіп, уәжделіп, бір нысанның қимылын, қозгалысын, сипатын, қасиетін т..б таңбалайды. Екіншілік мағыналы туынды сөз себепші негізбен антонимдік, синонимдік қатынаста болады. Танымның тілдік көрінісі ретінде зат пен құбылыс белгілерінің бірте-бірте анықталған бейнесін таңбалайды.
Мысалы: қал-кел, қайт-кет атаулары нысанның әртүрлі бағыттағы қозғалысын көрсету үшін жасалса, ат - ес (ім), тас-тес, азу-езу, атауларының мағынасы бір денотаттың әртурлі қозғалысы мен сол қозғалыстық атауын атау үшін қолданылады. Ашық-есік, аса-есе, қары-кәрі, ару-еру, тар-тер, бай-бен-би атаулары тұлғалық өзгеріс негізінде дами келе ерекше мағыналарға ис болған, тұлғалардың мағыналық жақындығы өзексема, ортақсема арқылы шалғай ерісте сақталған. Сондай-ақ, қай(сы бір) кей, қалыңдық-келін, жар-шерік (серік) атауларының туынды мағыналарынын жасалуын да осындай сөзжасамдық қалыптың негізінде жасалған деп есептеуге негіз бар.
А - Ә сөзжасамдық қалыбы. Біз Ә дыбысы А дыбысының жіңішке, ашық аллофоны ретінде пайда болып, бірте-бірте фонемалық мән иеленген деп памымдаймыз. Олай деуіміздің басты негізі қазақ тіліндегі ауа(әуе, ақ(әк, ақыру-әкіреңдеу, ақтау-әктеу т.б. сияқты атаулардың мағыналық жіктелуі.
А(Ә дыбыстарының сәйкесуі негізінде тілімізде көптеген жаңа атаулар жасалған: ақ-әк, ақтау-жтеу, бары-бәрі, аса-әсте, асыру-әсірелеу, бас тігу-бәс (бәстесу), ауа-әуе, алш-әлгі (өткен сәт мәнінде), апа-әпке (апеке сөзі арқылы), т.б.
А - Ы созжасамдық қалыбы. А-Ы дыбыстарының сәйкесуі түркі тілдерінде жиі кездеседі. Айталық, тува тілінде- тырт, ындығы, ында, хырын; қазақ тілінде — тарт, андағы, анда, қарын т.б. Мұндай дыбыс алмасуы жағдайында сөз мағынасы өзгеріссіз калады. Жоғарыда айтқанымыздай, дыбыстардың сәйкесуі тілдердің жіктелуінің, дамуының негізгі бір кайнар көзі болса керек. (Түбі бір түркі тілінің жіктеліп, бірнеше диалектілерге бөлінуінің себебі -дыбыстардың жіктелісімен да байланысты).
А(Ы дыбыстарының сәйкестігі арқылы тілімізде мынадай туынды атаулар жасалады: жарлау-жырлау, қарау (қарақ)-қырағы, сарыл-сырыл, маңқию-мыңқию, атып шығу-ытып шығу, жай-жый (антонимдік қатынастар, жалтыра-жылтыра, сартыл-сыртыл, тарс-тырс, қарсы-қырсығу, таң ету-тық ету, шақ ету-шық ету, қаңқ ету-қыңқ ету, ағу-ыгу, нақ-нық т.б.
А(Ы сөзжасамдык қалыбы арқылы жасалған туынды сөздердің себепші негізі ортақ болғандықтан, өзексемалары мен ортақ семаларындағы жақындық сақталады. Атаулардың номинативтік ерекше белгілері айқын, сондықтан әрбір атау ерекше ұғымды таңбалайды. Бұл ұғымдардың номинативтік белгілері бір-бірімен мәндес, ұқсас, сабақтас немесе қарама-қарсы мәнде болуы ықтимал. Сондықтан да туынды атаулар ссбепші негіздегі мәнмен синонимдес не антонимдес бола алады.
Е - I - Ы сөзжасамдык қалыбы. Е-І дыбыстарының сөзжасамдық қалыбы дыбыстардың сәйкесіп келу жағдайымен байланысты. Е-І-Ы дыбыстарының сәйкестігі көне жазба ескерткіштері тілінде аллофондык сипатта жиі кездеседі: егій-егіл-ійіл; егу-ійгі; т.б. Тілімізде Е(І(Ы сөзжасамдық қалыбы арқылы жасалған туынды атаулар кездеседі: иілу-еңкею, еру-іру, ынтығу-елігу, есілу-ысылу, ерік-ырық, ен-ін, ет(у)-ыту, т.б.
О - Ұ, Ү, У сөзжасамдық қалыбы. О(Ұ дыбыстары бір-бірімен генетикалық тектес байланыста болған кейінгі тіл дамуында сөзжасамдық туынды мағына жасауға да негіз болып өзіндік сөзжасамдық қалып қалыптастырған. Бұл сөзжасамдық қалып арқылы жасалған жаңа дериваттық мағына көбінесе синонимдік қатынаста келеді. Мысалы: Сом-сүм, солық-сұлық. Босау-бусату, бодан-бүтін, сор-сүр-сұр, қор-құр т.б.
О - Ө, Ө-Ү сөзжасамдық қалыбы. Тілімізде О(Ө сөзжасамдық қалыбы негізінде жасалған атаулар мол ұшырасады. Танымның өсуіне сәйкес бір денотатқа қатысты кей атаулардың тұлғалануы дауысты дыбыс жұптарыныц жіктеліп, ерекше мағына беруімен сабақтас болған.
О(Ө сөзжасамдық қалыбы арқылм синонимдік және антонимдік мағынадағы атаулар туындайды. Айталық, ор-ор сөздерінің екіншілік мағынасы о-е дыбыстарының сәйкесуі негізінде болған деп пайымдаймыз. Синонимдік мән иеленген атаулар:
Соғу-соғу, оң-оң (киімнің өңі), жол-жөн (жон-жосық), өкімет-үкімет, өкім-үкім, т.б.
Ұ - Ы сөзжасамдық қалыбы. Ұ-Ы сөзжасамдық қалыбы негізінде қалыптасқан атаулар: жұты-жытыру, тақұл-тақыл, түс-тыс, құшу-қысу, мұрын-мырыңдау, нұсқа-ныспы, т.б. Себепші негіздің ортақсема мен өзексемаларышалғай өрісте сақталады.
Ы - I сөзжасамдық қалыбы. Ы(І сөзжасамдық қалбы дыбыстардың генетикалық біртектілігі негізінде болатын құбылыс. Мынадай номинативті мағыалы атаулар жасала алады: ырықтау-ірікшеу, ызу-із, пысық-піс. ырың (ырың-жырың бұзылу семасы) – ірің ( дненің бұзылған жеріндегі сасық иісті сұйық) т.б.
О - Ы сөзжасамдық қалыбы. О-Ы сөзжасамдық қалыбы арқылы мынадай жаңа маңыналы туынды сөздер жасала алады. Мысалы: соқ-сық, тоқыл-тықыл, тоқылдақ-тықылдақ, олай-былай, қол-қыл, шоң-шың, орғу-ырғу, осқыру-ысқыру, т.б.
Сонымен иүйіндей келгенде тілдің мағыналық және тұлғалық даму жүйесінде фонетика-семантикалык сөзжасамның рөлі өте зор болған. Сөзжасамдық мағыналар антонимдік, синонимдік, көпмағыналылық сипатта болады.
Фонетика-семантикалық сөзжасамның казіргі қазақ әдеби тілінің дамуында да атқаратын ролі бар. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген көптеген туынды сөздердің екіншілік мағыналары - осы сөзжасамдық тәсілдің жемісі. Мысалы: өкімет-үкімет, өкім-үкім, ауа-әуе, ақ-әк, аса-есе, бақ-бау т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет