5. Бақылау сұрақтары:
1. Синтаксистік стилистика?
2.Сөз тіркестері және олардың түрлерінің стилистикалық сапалары?
3. Жай сөйлем стилистикасы?
6. Лекция тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.
«Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы,1974, 2005.
2. А. Жапбаров «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері»
Алматы, 1991.
3. Хасанова С., Жексембаева Ғ. «Қазақ тілінің стилистикасы» (жаттығулар жинағы)
Алматы, 1999.
4. М. Балақаев, М. Серғалиев «Қазақ тілінің мәдениеті» Алматы, 2004.
5. М. Балақаев «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» Алматы, 1965.
6. Н. Уәлиев «Сөз мәдениеті» Алматы, 1984.
7. Б. Адамбаев «Халық даналығы» Алматы, 1976.
8. Мұсабекова Ф. «Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы» Алматы, 1979.
9. Мұсабекова Ф. «Қазақ тілінің практикалық стилистикасы» Алматы, 1974.
№9
1. Лекция тақырыбы: Құрмалас сөйлемдердің стилистикасы
2. Лекцияның жоспары: 1. Синтаксистік синонимдер мен параллель құрылымдардың
стилистикалық мүмкіндіктері
2. Төл сөз, төлеу сөз, ортақ төл сөздердің стилистикалық
қызметі
3. Лекцияның мақсаты: Студенттерге құрмалас сөйлем стилистикасы жайында
түсінік беру.
4. Қысқаша теориялық мәлімет:
Құрмалас сөйлем-функциональдық стильдердің саласында кезедеседі, коммуникативтік және эстетикалық қызметімен стилистикалық мүмкіндіктерді тарату жиынтығын көрсетеді.
Құрмалас сөйлемдерді қолдану-кітаби стильдің айрықша белгісі. Ауызекі сөйлеу стилінде синтаксистік ерекшелік ретінде жақсыз толымсыз сөйлемдерді қолданудың стилистикалық мүмкіндіктері өте жиі байқалады (толымсыз, жақсыз сөйлемдерде сөйлем мүшелерінің түсіп қалуы ым-ишарат қимылдарымен толықтырылып отырады). Бұл экстралингвистикалық факторларға байланысты, ауызша пікірдің мазмұны құрмалас сөйлемдер қолдануды қажет етпейді, логика-грамматикалық байланыс жеке авторлық байланыспен бейнеленеді, шылаулардың түсіп қалуы интонациямен беріледі. Соған қарамастан жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдер ауызекі сөйлеу стилінде сирек болса да кезедеседі, кейде көркем әдебиет стилінің кейбір жанрларында, атап айтқанда, драматургия жанрында кездесіп отырады.
Құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас түрлері кітаби стильдерде кеңінен қолданылады. Зерттеушілер таза құрмалас салалас сөйлемдер сабақтаспен салыстырғанда сирек қолданылады деген пікір айтады.
Құрмалас сөйлемдер күрделі мағыналық және грамматикалық қарым-қатынасты беруге өте бейім болып келеді, бұл әсіресе ғылым тіліне тән.
Құрмалас сөйлемдер-көркемдік пен логикалық күштіліктің пәрменді құралы. Пікір білдірудің прагматикалық әлуеттілігін көрсетеді. Сөйлем күрделенген сайын адам ойының күрделенуі басым болып келеді. Сөйлемде ойлардың жаңашылдығы мен көркемдігіне көңіл бөлетін акценттік стилистикалық категориялар жатады.
Құрмалас сөйлемдерде анықтауыш қатынастағы және түсіндірмелі қатынастағы бағыныңқы сөйлемдер публицистикалық стильде өте жиі қолданылады.
Ғылыми стильде шартты және себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер көп қолданылады.
Ресми стильде анықтауыш қатынастағы шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің қолданылуы ғылыми стильден кейін тұрады. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер ресми стильдің заң саласына қатысты мәтінде жиі байқалады.
Синтаксис-ойлау формасының күрделі құрамы, сондықтан мәтінде құрамалс сөйлемдердің көп құрамды түрлері жиі кездеседі. Кейбір мәтіндерден жарты беттік, ширек беттік бір сөйлемді кездестіруге болады. Бұл ерекшелік, әрине, біріншіден, жеке функциональдық стильдердің өзіне тән синтаксистік ерекшеліктері, сөйлемдердің стильдердегі атқаратын қызметінің әлеуеттілігіне тікелей қатысты, екіншіден, бір беттік сөйлемдердің кездесуі авторлық ойлау формасының жеке стильдік мәнеріне де тікелей қатысты.
Құрмалас сөйлемдер барлық стильдерде, өзері қолданылатын стильдерде әр түрлі функция атқарады:
-сөйлемнің интонациялық-ырғақтық қарым-қатынасын реттейді;
-сөйлемдегі айтылатын ойдың қарама-қарсылығын күшейтуді мақсат етеді;
-сөйлемнің «қисынды жүйелілікке» құрылған типтерінен қызығушылық тудыра отырып, хабар беру үшін де қолданылады;
-жеке субъектінің көзқарасын береді;
-көркемдік-бейнелілікті суреттейді.
Құрмалас сөйлемдердің стильдерде көп кездесетін сипаты шаблон немесе тиянақты модельдердің қалыптасуы-әр стильдің еншісіндегі синтаксистік нормалар. .
Біздің басқаға хабарлайтын ойымыз жеке сөйлемдермен шектелмей, ұласа айтылған көптеген сөйлемдер қатарымен тиянақталып тұрады. Сондықтан сөйлем тізбектері бір- бірімен өз ара дұрыс байланыста болуға тиіс. Бұл – стилистика ғылымының басты талабының бірі. Егер сөйлемдер қатары дұрыс тізіліп әрі мағыналық, әрі синтаксистік сымбаттылығын сақтамаса, айтылған ойда көрік болмайды, кейде бұлдыр, түсініксіз болады:
Оның әйелге тән тартымды рең басына маңғаз келбеті жарасып-ақ тұр. Бірақ оған қарамастан Ольга Всеволодина ағынан жарылып аңқылдап, біздің сұрақтарымызға барынша зейін қойып, зердемізге толық жеткізгенше түсіндіруге тырысып бәйек болып – ақ отыр. Бұл мысалда әйелдің әсем келбетіне сұңғақ денесі жарасып тұр деу үшін толып жатқан артық сөз қолданылған. «Оған қарамастан» екі сөйлемді ұластырушы жалғаулық қызметіндегі сөздер. Бұл арада олардың екі сөйлемді байланыстыру қызметінде жұмсалуының реті жоқ. Әйел тартымты, әдемі еді, соған қарамастан бізбен жақсы сөйлесті дегенде, қандай олгика бар? Әйел ауру еді, соған қарамастан бізбен жақсы сөйлесті десе, оның жөні бір басқа. Онда оның – «дені сау», өзара дұрыс байланысқан салалас құрмалас сөйлем болғандағысы.
2. Біз жоғарыда Орхон ескерткіштеріне жататын Тоныкөкке арналған ескерткіштің тіліне біркелкі шолу жасадық. Осыған байланысты Тонькөк ескерткішін тек қазақ тілі материалы тұрғысынан қарауға болмайды. Мұндай ескерткіштер бүкіл түркі тілдеріне ортақ мұра. Бұл салада істелетін жұмыстар алда сан алуан.
Осында төрт сөйлем бар. Оның біріншісі мен екіншісі арасында, үшіншісі мен төртінші сөйлем арасында ешқандай байланыс жоқ., төртеуі төрт жаққа қарап тұр. Олардың басы зорлықпен бір жіппен байланып, қосақтала салынған сияқты. Оның үстіне текстегі жеке сөздер дұрыс қолданылмаған. Сондықтан автордың ойы дұрыс шықпаған. Оның айтайын дегені мынау : Біз жоғарыда Орхон ескерткішінің бірі Тонькөк ескерткіші тіліне біраз шолу жасадық. Соған қарағанда, ол ескерткіш тілінің материалдары тек қазақ тілі не емес, бүкіл түркі тілдеріне ортақ мұра екендігі аңғарылады.
Ойы анық, қаламының ебі бар адамның сөзінен сөз туып, сөйлеміне сөйлем ілесіп, ондағы сөздер қатары дұрыс тізіліп, олар әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтылады. Бұл – жазу, сөйлеу өнерінің басты шарты. Сол өнерге баулитын да – стилистика ғылымы. Сонымен қатар стилистика ғылымының ерекше көңіл бөлетін мәселесінің бірі – синтаксистік синонимдердің қолданылуы.
Тілге бай, сөзі жатық кісілер ана тілінің мүмкіншілігін молынан пайдаланады. Соның бірі-синонимдер. Мәндес сөздер, мәндес грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік тәсілдер өз орнында дұрыс қолданылса, тілге ерекше өң береді. Қазақ тілі синтаксисінің сондай мүмкіншілігін байқау үшін мысал келтірейік:
1. Істің мақсатын білдіру үшін, егер: Мен Алматыға оқуға келдім десек, осыны тағы қалай айтуға болады? Деген сұрақ туады. Осы сөйлемнің пысықтауышы «оқуға» дегеннің синонимдерін тауып, сол сөйлемді былай өзгертіп айтуға болады:
1. Мен Алматыға оқу мақсатымен келдім.
2. Мен Алматыға оқу үшін келдім.
3. Мен Алматыға оқығалы келдім.
4. Мен Алматыға оқиыншы деп келдім.
Осылардың мақсат пысықтауыштардың тұлғалары әр түрлі болғанмен, сөйлемнің негізгі мағыналары бірдей сияқты, бірақ стильдік өңі бірдей емес. Стилистика үшін осындай бірдей еместердің үлкен мәні бар. Егер бұл пысықтауыштардың сөйлемдерде білдіретін мағыналары барлық жерде біріне-бірі тепе-тең болса, онда олардың бәрі жапа-тармағай жиі қолданылмаған болар еді. Дұрысында, олардың ептеп болса да айырмашылықтары бар. Мысалы, «оқуға келдім», «оқу үшін келдім»-бір емес. Соңғыда мақсат баса айтылады. Сондықтан оларды қалай болса солай, бірінің орнына бірін қолдана алмаймыз. Абайдың Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін дегенін басқаша айтуға болмайды. Сол сияқты Келмеп пе едің жол тосып, жолығуға аулаққа (Абай) дегендердегі мақсат пысықтауышты басқа синониммен ауыстыра салуға болмайды. Оның себебі екі түрлі: біріншіден, бұл синтаксистік синонимдердің мағыналарында стильдік елеулі айырмашылық бар, екінші, мұндай синонимдердің бәрі бірдей кез келген етістікпен тіркесе бермейді.
Стилі жатық жазушылар сол синонимдерді жақсы біліп, көбінесе мағына дәлдігі үшін, кейде жазу стилін түрлендіру үшін де қолданады.
Стилистика мәндес синтаксистік құрылыстардың тиімділерін пайдалана білуді де үйретеді екен, ондай синтаксистік синоним қазақ тілінде мол.
Әдетте жазуы жатық, тілі бай стилистер тілде бардың бәрін жай қарапайым қалпында түсінбейді, оның өте нәзік мәнін, өзгелерге еленбейтін иненің жасуындай қылаң еткен стильдік қызметін шеберлерше түсінеді. Сөйтеді де тіл байлықтарын, әсіресе тілдің граматикалық мүмкіншіліктерін, жақсы біліп, керегіне жаратып отырады. Мысалы, тілге деген талабы, сезімі, білімі мол жазушы еш уақытта Ақ ат мінген қыз қойларды жамыратты, Ол белін арқанға буды демейді. Себебі: аттың түсі ақ болса да, қазақ «ақ ат» демейді, боз ат қай жерде дейді, әдетте қой жамырамайды, қозы жамырайды, белін арқанға бумайды, белін арқанмен буады. Не болмаса, қазіргі қазақ тілінде бірыңғай бірнеше сөйлем мүшелерін «және», «мен» жалғаулықтарымен байланыстырып айтқысы келген стилі жатық журналист еш уақытта «және» ні бұрын, мен (бен, пен) жалғаулығын соң жазбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |