Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар


Ахмет Ясауидің қыпшақ өлкесiндегi ізбасарлары



бет56/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
Ясауитану лекция А.Бейсенов (1)

2. Ахмет Ясауидің қыпшақ өлкесiндегi ізбасарлары. Қожа Ахмет Ясауидің атақ-даңқы тек Орта Азия өлкесiне ғана емес, қыпшақтар арасына да кеңінен танымал болған. Әзіреті Сұлтанның нұсқауымен тікелей барған шәкірттері де, шәкірттерінің шәкірттері де қыпшақтар арасында Ясауидің ілімін таратқан. Солардың бірі - Бираш сопы. Жоғарыда баяндалғаны сияқты Бираш Ясауидің нұсқауымен аталмыш өлкеге жіберілген. Бираш сопының iзбасары - Ешмехмет те 36 жыл шейх болған және «Шейх Баба» деген атпен қыпшақтар арасында танымал болған. Қыпшақтар арасында Ясауи жолын қуушылардың бiрi - атақты Шейх Хаятуллаћтың шәкiртi Ыдырыс та - Ясауи жолындағы дәруiш. Сондай-ақ Ыдырыс сопының орынбасары деп қазандық Қасым Шейхты айта аламыз. Ақ Еділдің жоғарғы жағында Ясауи шәкірттерінің тағы бірі - Қожа Әмір Келалдың қабірі бар.
3. Батыс түркi халықтары арасындағы Ясауидiң iзбасарлары. Аңыз бойынша Ахмет Ясауидің рухани әсері Анадолы, Балқан, Әзірбайжан қысқасы бүкіл батыс түркілеріне кеңінен мәлім болған. ¦лы бабамыздың тікелей жөн сілтеуімен, көптеген дәруіштері Рұм өңіріне ағылғанын аңыздардан білеміз.
Әулие Челебидің мәлімдеуі бойынша Аушар Баба, Пір Деде, Ақязылы, Қыдемлі Баба Сұлтан, Гейіклі (Киікті) Баба, Абдал Мұса, Хорос Деде сияқты аталған өлкеде Ясауи дәруіштерінің қабірі көптеп кездеседі.
Сонымен қатар аңыз бойынша Жин Осман, Шейх Нүсрет, Гажгаж (Гыжгыж) Деделер - Ахмет Ясауидің шәкірттері.
Әзiретi Ахмет Ясауидің Анадолыдағы мәшһүр жолын қуушысы – Қажы Бекташ Уәлi. Батыс түркiлерi арасындағы аңыз-әпсаналарға қарағанда Қажы Бекташ Уәлi Ясауи жолын қуушы - Лұқпан Перенден Хорасанда-ақ дәріс алған. Әпсана желiсiне қарағанда оған Анадолыға (Анатолия, Кiшi Азия) бару жүктелген, Қыршећирде (Сулуджа қараћөйүк) ол рухани софрасын жайған және көптеген дәруiштiң көңiл көзi ашылуына себепкер болған. Қажы Бекташ Уәлi – бүгiнгi Бекташилiк тариқатының құрушысы. Аталмыш түркi дәруiшiнiң атақты iзбасарлары - Таптұқ Әмре, Сары Салтұқ, Барақ Баба. Ал бүгiнгi өлеңдерi мен дүниетанымдары көпшiлiк қауымға мәшһүр Жүнiс Әмiре Таптұқ Әмренiң берекелi рухани софрасынан рухани нәрмен сусындаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет