Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет55/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
Ясауитану лекция А.Бейсенов (1)

Ә) Қосымша әдебиеттер

  1. Бегалинова К.К. Суфизм как религиозно-философская концепция мира и человека. Алматы, 1999

  2. Көпрүлү М.Ф. Қ.А.Ясауи танымы және тағлымы. Шымкент, 1999

  3. Тирмэнгэм Дж. Суфийские ордена в Исламе. М.,1989

  4. Мырзахметов М. Иасауи тағлымы. Түркістан, 1996

  5. Шах И. Суфизм. М, 1994

  6. Жандарбеков З. Түркістанның қысқаша тарихы. Түркістан, 2000.

  7. Нұртазина Н. Қазақ мәдениетi және Ислам.

  8. Түркiстан халықаралық энциклопедиясы. Алматы, 2000

  9. Түркістан тарихы мен мәдинеті. Түркістан, 2000

  10. Есім.Ғ. Суфизмге кіріспе/Сана болмысы/Саясат пен мадениет туралы ой. Алматы, 1998

  11. Жармұхамедұлы М. Қожа Ахмет Иасауи және Түркістан. Алматы, 1999

  12. Иасауи жолы журналы. Түркiстан, 2004

  13. Cebecioglu E. Tasavvuf Terimleri ve Deyimler Sözlüğü. Ankara, 1997

  14. Köprülü F. Türk edebiyatinda İlk Mutasavvıflar. İstanbul, 1993

  15. Mert H. Hoca Ahmet Yesevi. Ankara, 1999

  16. Eraslan K. Divan-i Hikmetten seçmeler. Ankara, 1983

  17. Eraydın S. Tasavvuf ve Tarikatlаr. İstanbul, 1981


13 тақырып


Қ. А. Ясауидің орынбасарлары мен жолын қуушылары

  1. 1. Атақты орынбасарлары

  2. 2. Ахмет Яссауидің қыпшақ өлкесiндегi ізбасарлары

  3. 3. Рұм өлкесiндегi iзбасарлары

1. Атақты орынбасарлары. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауидің дүниенің төрт бұрышынан келген 99 000 шәкірті болған екен. Ұлы бабамыздың рухани софрасынан нәр алған осы iзбасарлары көпшiлiктiң көңiлiне құдайдың нұрын септi, халықтың көңiл сарайын ашты, Хаққа алып баратын тура жолды көрсетiп бердi. Тарихи жазбалар мен халық аузындағы аңыз-әпсаналар бойынша Қожа Ахметтiң атақты орынбасарлары мыналар: Әмір Әли Хәкім, Хасан Бұлғани (Бұлғари), Имам Мерғази (Мәруази), Шейх Осман Мағриби.
Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ясауидiң Мирату-л-Құлуб деген шығармасын жинақтаған атақты орынбасары - Сопы Мұхаммед Данышменд Зернуки ұстазынан алған бiлiмiн отырарлықтарға насихаттаған және сол қалада дүниеден өткен.
Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Әзіреті Сұлтанның жолын басушы атақты iзбасары - әйгілі Арыстанбабтың ұлы Мансұр ата. Халық аңыздарына қарағанда Мансұр ата ұстазынан кейiн Ахметтiң қара шаңырағына иелiк еткен, одан кейін қара шаңырақ Тәж Қожаға өткен (Бұл атақты Зеңгі бабаның әкесі).
Түркі халқына ең танымал Ахмет Ясауидің үшінші ізбасары – Сүлеймен Хәкім ата Бақырғани екенi баршамызға аян. Әз Ахметтің жөн сілтеуімен ол Хорасан өлкесінде софрасын жайған және Хәкiм ата - «Ақырзаман кітабы», «хазіреті Мәриям кітабы» атты шығармалардың авторы.
Аңыздық мәлiметтерге қарағанда Хәкім ата аталмыш өлкеде көптеген дәруiштер жетiлдiрген. Орынбасарлары iшiндегi аты аңызға айналған атақтысы - Зеңгі баба. Зеңгі ата – Атын Орда хандарының мұсылман болуына себепкер болған ¦зын Хасан ата, Сейіт ата, Садыр ата және Бәдір атаның ұстазы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет