Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет134/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   147
Дайындық кезеңі (негізгі дайындық кезеңі) екі ірі сатыға бөлінеді : 1/ жалпы дайындық (немесе базалық) сатысы; 2/ арнайы дайындық сатысы.
Жалпы дайындық сатысы. Бұл сатыдағы негізгі міндеттер спортшылардың дене дайындығы деңгейін арттыру, нақтылы спорт түріндегі жоғары спорттық нәтижелер негізінде жатқан дене сапаларын жетілдіру, жаңа күрделі жарыстық бағдарламаларды үйрену болып табылады. Бұл сатының созылу ұзақтығы жылдық циклдағы жарыстық кезеңдердің санына байланысты және тәртіп бойынша 6-9 аптаны құрайды (жекелеген спорт түрлерінде 5-тен 10 аптаға дейін созылу түрлері кездеседі).
Бұл саты екі, жекелеген жағдайларда үш мезоциклдардан тұрады. Бірінші жаттықтыратын мезоцикл (ұзақтығы 2-3 микроцикл) алдындағы ауыспалы кезеңмен тығыз байланыста және көлемі жағынан жоғары жаттығу жүктемелерін орындауға дайындық болып табылады. Екінші базалық (жалпы) мезоцикл (созылу ұзақтығы 3-6 микроциклдер) бұл сатының негізгі міндеттерін шешуге бағытталған. Бұл мезоциклде негізгі сапаларды дамытатын және жаңа жарыстық бағдарламаларды меңгеруге мүмкіндік туғызатын қарқынды құралдардың жекелеген көлемімен бір бағыттағы жаттығу құралдарының жалпы көлемінің артуы жалғасады.
Арнайы дайындық сатысы. Бұл сатыда дене дайындығын жетілдіруге бағытталған жаттығу жүктемелерінің көлемі тұрақтанады, жаттығудың әдістік-тәсілдік құралдарын арттыру есебінен қарқындылық артады.
Жарыстық кезең (негізгі жарыстар кезеңі). Бұл кезеңнің негізгі міндеттері арнайы дайындалғандықтың жеткен деңгейін арттыру және жарыстарда жоғары спорттық нәтижелерге жету болып табылады. Бұл міндеттер жарыстық және соған жақын арнайы дайындық жаттығулары көмегімен іске асырылады.
Жарыстық кезеңдегі арнайы дайындық процесін ұйымдастыру көпшілік спорт түрлерінде жоғары дәрежелі спортшыларда 2-3-тен аспайтын басты сайыстардың күнтізбесіне сәйкес іске асырылады. Барлық басқа жарыстар жаттығу есебінде және коммерциялық сипатта болады; тәртіп бойынша оларға арнайы дайындық өткізілмейді. Бұл жарыстардың өзі негізгі жарыстарға дайындықтың маңызды звеноларына жатады.
Жарыстық кезеңді мына екі сатыға бөлу жиі жүргізіледі: 1/ ең ерте жарыстар сатысы, немесе спортшының жеке өзінің спорттық бапқа келуін дамыту; 2/ басты жарысқа тікелей дайындалу сатысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет