Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет142/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Ағымдағы есепке алу жаттығудың микро және мезоциклдарында, жекелеген жаттығу сабақтары процесінде үзіліссіз өткізіледі.
Оперативті есепке алу ағымдағы есепке алудың бір түрі болып табылады. Оперативті есепке алудың мәліметтері шұғылданушылардың сабақ өткізу кезіндегі жағдайларындағы, жаттығулардың мазмұны мен сипатындағы жағдайындағы өзгерістер туралы қажетті ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер бір сабақ барысындағы жаттығу процесін табысты басқару үшін қажет.
Спорт мектептеріндегі негізгі есепке алу құжаттарына сабақты есепке алу жорналы, жаттығу күнделігі, дәрежелі спортшыларды, қоғамдық дәрежедегі нұсқаушыларды, спорт түрлерінен төрешілерді есепке алу жорналдары спорт мектептерінің рекордтар кестесі, жарыс хаттамалары, шұғылданушылардың жеке карточкалары мен дәрігерлік-бақылау карталары жатады.
Сабақты есепке алу жорналы – басты есеп жүргізу құжатының бірі. Спорт мектептерінің барлық бөлімдері үшін оның формасы бірыңғай болуы тиіс. Спорт мектебінің әрбір оқушысы сабақтың өтілетін күні, уақыты және созылу ұзақтығы жазылатын жаттығу күнделігін жүргізуге міндетті. Онда оның мазмұны, жаттығу жүктемесінің мөлшерленуі, жарыстарда көрсеткен, спорттық нәтижелері, сонымен бірге күнделікте күн режімі, қалпына келтіру шараларының қалай сақталатыны жазылады. Күнделікке бақылау сынақтарының (тесттер) нәтижелері ендіріледі. Дәрігерлік бақылаудың мәліметтері жаттығу динамикасы туралы тұжырым жасауға және спортшы денсаулығына қолданылған жаттығу жүйесінің қалай әсер еткенін бағалауға мүмкіндік береді.
Спортшының күнделігінде келесі тараулар болуы тиіс: жаттығудың дербес жоспары, оқу-жаттығу процесінің мазмұны, жарыстарға қатысудағы нәтижелері, бақылау сынақтарының нәтижелері, дәрігерлік тексерудің мәліметтері мен белгілі бір уақыт кезеңіндегі жаттығулардың есебі.
Төменде, мысал ретінде, спортшы жаттығулары күнделігінің бір варианты ұсынылады.

Спортшы жаттығуының күнделігі


_________________________________________________________________________
(спортшының аты,жөні)
_________________________________________________________________________
(оқу тобы)
Бөлімі _________________________________________________________
(спорттық мамандануы)
Спорт мектебі __________________________________________________
(қала, аудан)
Жаттықтырушы _________________________________________________
(аты, жөні)





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет