Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Ең ерте жарыстар сатысы немесе спортшының жеке өзінің спорттық бапқа келуін дамыту



бет135/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   147
Ең ерте жарыстар сатысы немесе спортшының жеке өзінің спорттық бапқа келуін дамыту. 4-6 микроциклдарға созылатын ұзақтықтағы бұл сатыға дайындық деңгейін арттыру, спорттық бап деңгейіне келу және жарыстық жаттығуларды қолдану процесінде жаңа әдістік-тәсілдік дағдыларды жетілдіру міндеттері шешіледі. Бұл сатының соңында әдеттте басты іріктеу жарысы өткізіледі.
Басты жарысқа дайындық сатысы. Бұл сатыда мына міндеттер шешіледі:
басты іріктеу жарыстары мен республика чемпионаттарынан кейінгі жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру;
дене дайындығын және әдістік-тәсілдік дағдыларды одан әрі жетілдіру;
спортшылардың жағдайын реттеу және олардың өз жағдайын өзі реттеу есебінен олардың жоғары психикалық дайындығын сүйемелдеу және мүмкіндік жасау;
жарыстық қызметті жарысқа бейімдеу және дайындық деңгейін бақылаудың үлгісін жасау;
спорттық жетістік нәтижесінің максимальды мүмкіндігіне келтіруге барлық дайындық жақтарын (дене, әдістік, тәсілдік және психикалық) максимальды пайдалану үшін тиімді жағдайды қамтамасыз ету.
Бұл сатының созылу ұзақтығы 6-8 апта шегінде болады. Ол әдетте екі мезоциклдан тұрады. Олардың біреуі (үлкен жүктеме жыйынтығымен) жоғары спорттық жетістік деңгейін жағдай туғызады, ал екіншісі жарысқа қатысушылар құрамының спорттық тәртібі, ұйымдастыру, ара райы және басқа да қозғаушы күштердің ерекшеліктері есепке алынып спортшыны нақтылы жарысқа қатысуға жеткізу болып табылады.
Ауыспалы кезең. Бұл кезеңнің негізгі міндеттері спортшының өткен жылғы немесе макроциклдағы жаттығу және жарыстық жүктемеден кейінгі толық құнды демалысын қамтамасыз ету, сонымен бірге келесі макроциклдың басталуына спортшының үйлесімді дайындығын қамтамасыз ету үшін белгілі деңгейде жаттаққандығын сүйемелдеу болып табылады.
Мұнда ерекше назар толық құнды дене және әсіресе психикалық қалпына келуге аударылуы тиіс. Бұл міндеттер ауыспалы кезеңнің созылуы ұзақтығын, қолданылатын құралдар мен әдістердің құрамын, жүктемелердің динамикасын және т.б. анықтайды.
Ауыспалы кезеңнің созылу ұзақтығы әдетте 2-ден 5 аптаға дейін өзгеріп отырады және спортшының көп жылдық дайындық сатысына, жыл бойынша жаттығуды құру жүйесіне, жарыстық кезеңнің созылу ұзақтығына, негізгі жарыстардың күрделілігі мен жауапкершілігіне, спортшының жеке қабілеттеріне байланысты болады.
Ауыспалы кезеңдегі жаттығу жұмыс көлемі жыйынтығының төмендеуімен және шамалы жүктемемен сипатталады. Салыстырмалы түрде дайындық кезеңіне қарағанда жұмыс көлемі шамамен 3 есеге дейін қысқарады; апталық микроцикл барысында шұғылдану сабақтарының саны тәртіп бойынша 3-5 реттен аспайды; үлкен жүктемемен өткізілетін сабақтар жоспарланбайды және т.б. Ауыспалы кезеңнің негізгі мазмұнын белсенді демалыстың әртүрлі құралдары мен жалпы дайындық жаттығулары құрайды.
Ауыспалы кезеңнің соңында жүктеме біртіндеп арттырылады, белсенді демалыс құралдарының көлемі азаяды, жалпы дайындық жаттығуларының саны артады. Бұл кезектегі макроциклдың дайындық кезеңінің бірінші сатысына барынша жатық өтуіне мүмкіндік жасайды.
Ауыспалы кезеңді дұрыс құру кезінде спортшы өткен макроциклдан кейін тек күшін қалпына толық келтіріп қана қоймайды, дайындық кезеңінде белсенді жұмыс күніне бейімделеді, бірақ алдыңғы жылдардағы ұқсас кезеңіне қарағанда барынша жоғары дайындалғандық деңгейінде болады.
Кезеңдердің мазмұны мен созылу ұзақтығы және жекелеген макроцикл шегіндегі олардың дайындық сатыларын құрайтын көптеген қозғаушы күштермен анықталады. Олардың бірқатары спорт түрінің ерекшеліктеріне, яғни тиімді жарыстық құрылымымен, бір спорт түрінің жарыстық жүйесінде жинақталған спортшылардың дайындалғандық құрылымымен байланысқан; басқалары, көпжылдық дайындық сатыларымен, әртүрлі сапалар мен қабілеттердің қалыптасу заңдылықтарымен және т.б., үшіншілері дайындықты ұйымдастырумен (орталықтандырылған дайындық жағдайында немесе өз жерлерінде), ауа-райы жағдайымен (ыстық климат, орта таулық климат), материалдық-техникалық жағдайымен (тренажерлар, қондырғылар, құрал-саймандар, қалпына келтіру құралдары, арнайы тамақ және т.б.) байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет