Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет144/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147
Социологиялық әдістер спортпен шұғылданатын балалардың қызығушылығы туралы мәлімет алуға, ұзақ уақыт спортпен шұғылдануға және жоғары спорттық нәтижелерге мотивациясын қалыптастыру мен себеп-салдарының байланыстарын ашуға мүмкіндік береді.
Спорттық бағдарлау – белгілі бір спорт түрінде жасөспірім спортшыны мамандануға бағыттауды белгілеуге мүмкіндік туғызатын ұйымдастыру - әдістемелік жүйе.
Спорттық бағдарлау оның негізінде өзі үшін барынша сәйкес келетін спорттық қызметті таңдауға нақтылы адамның мүмкіндіктерін бағалаудан тұрады.
Әрбір шұғылданушы спортшы үшін спорттық қызмет түрін таңдау спорттық бағдарлаудың міндеті, ал спорт түрінің талабынан шығатын барынша жарамдысын іріктеп таңдап алу спорттық іріктеудің міндеті болып табылады.
Спорт түрлерінің әртүрлілігі жеке тұлғаның спорттық қызметтің бір түрінен шеберлікке жетуіне мүмкіндік аясын кеңейтеді. Жеке тұлғаның қасиеті мен сапалық ерекшеліктерін спорттың бір түрінен әлсіз көрсетуі спорттық қабілеттің жоқтығы болып саналмайды. Спорттық қызметтің бір түрінде аз бағаланатын белгілер спорттың басқа түрінде жоғары нәтижені қамтамасыз ететін қолайлы қозғаушы күш қызметін атқаруы мүмкін. Осыған байланысты, спорттық қабілеттерді болжалдау іріктеу жүйесі үшін тән жалпы ережеден туындайтын тек жеке түріне немесе спорт түрлерінің топтарына қолданыста ғана іске асыруға болады.
Қабілеттербұл нақтылы, ақиқат (объективті) жағдайға және белгілі бір қызметке қойылатын талапқа сәйкес келетін және оны табысты орындауды қамтамасыз ететін жеке тұлға сапаларының жиынтығы. Спортта жалпы қабілеттілік (білімді, біліктілікті, дағдыларды және әртүрлі қызметтегі өнімділікті салыстырмалы жеңіл меңгеруді қамтамасыз ететін), сонымен бірге арнайы қабілеттіліктер (нақтылы қызметте, спорт түрінде жоғары нәтижеге жету үшін қажетті) зор маңызға ие.
Спорттық қабілеттіліктер тұрақтылығымен, консервативтілігімен (кертартпалығымен) айырмаланатын тұқым қуалаушылық келешектігіне көбіне байланысты болады. Сондықтан, спорттық қабілеттілікті болжалдау кезінде бәрінен бұрын болашақ спорттық қызметтің табыстылығына себепші болатын аз өзгеретін белгілеріне назар аудару қажет. Шұғылданушылар ағзасына жоғары талаптар қою кезінде тұқым қуалаушылық себепші болатын белгілері барынша максимальды ашылатын болғандықтан, жасөспірім спортшы қызметін бағалау кезінде жоғары нәтижелер деңгейіне бағдар жасау қажет.
Консервативтік белгілерін зерттеумен қатар спорттық қабілетті болжалдау жаттығудың әсерінен елеулі өзгеруі мүмкін көрсеткіштерін ашуды шамалайды. Мұнда болжаудың дәлдік дәрежесін арттыру үшін көрсеткіштердің өсу қарқыны мен оның бастапқы деңгейін назарға алу керек. Жекелеген қызметтер мен сапалық ерекшеліктерінің дамуының гетерохрондылығына байланысты спортшылардың әртүрлі жас кезеңдерінде қабілеттіліктің көріну құрылымында белгілі айырмашылықтар орын алады. Әсіресе, бұл айырмашылықтар әдістік орындалу жағынан күрделі спорт түрлерінде байқалады, яғни оларда жоғары нәтижелерге балалық және жасөспірім шақта жетіп қояды және спортты жаңа бастағаннан Халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне дейінгі аралықтағы спортшының барлық дайындығы жас спортшының күрделі қалыптасу процесінің аясында өтеді.
Спорттық іріктеу балалық жастан басталып, Олимпиада ойындарына қатысу үшін Республика құрама командасы құрамында аяқталады.
Іріктеудің бірінші сатысында белгілі бір спорт түрімен шұғылдануға бағдар алу мақсатында 6-10 жастағы балалар контингентін жаппай тексеріп, қарап шығу қажет. Бұл балаларды жаппай тексерудің негізінде әртүрлі қалаларда және еліміздің ауылдық аудандарында ЭЕМ-ң жәрдемімен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне (БЖСМ) қозғалыс-қимылы дарынды балаларды тарту үшін автоматтандырылған ақпараттық-анықтама жүйесі өңделіп дайындалады.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің бастапқы дайындық топтарына қатысатын спорт түрі үшін белгіленген жасқа сәйкес балалар қабылданады.
Спорттық бағдарлаудың өлшем белгісі (критериі) тексеру қорытындысы мәліметтері, антропометриялық өлшеу және келешектік ұстаным жағынан олардың бағалануы болып табылады.
Белгілі бір спорт түрінен одан әрі мамандану үшін қажетті морфологиялық, қызметтік және психикалық сапаларын үйлестіретін балалардың дарынды үлгідегі түрлерін бірінші сатыда табу барлық уақытта орындала бермейтіні спорттық тәжірибеден мәлім. Жаңадан бастағандардың биологиялық дамуындағы елеулі жеке айырмашылық бұл міндетті іске асыруды қиындатады. Сондықтан, бұл іріктеу сатысындағы алынған мәліметтерді тек бағдар ретінде пайдаланған жөн.
13- кестеде балаларды жаппай тексеру және тестілеу кезінде, сонымен бірге спорт мектептерінің оқу-жаттығу топтарына жас спортшыларды іріктеу кезінде ескеру қажет болатын болжаудың елеулі белгілері келтірілген.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ) мен олимпиада ізбасарларын дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне (ОІДБЖСМ) жасөспірім спортшыларды жаппай іріктеуде ескеру қажет болжаудың елеулі белгілері.
13-кесте

Белгілері

Балаларды жаппай тексеру

Оқу-жаттығу топтарына іріктеу

1

2

3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет