Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Сауықтыру дене мәдениетінің ілімдік-әдістемелік негіздері



бет58/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   147
Сауықтыру дене мәдениетінің ілімдік-әдістемелік негіздері Сауықтыру жаттығуының спорттық жаттығудан елеулі айырмашылығы бар. Егер спорттық жаттығу таңдаған спорт түрі бойынша максимальды нәтижеге жету мақсатында дене жүктемелерін пайдалануды қарастырса, сауықтыру жаттығуы дене қабілеттері мен денсаулықтың деңгейін сүйемелдейді.
Сауықтыру дене мәдениетінің негізгі бағыты - ағзаның қызметтік (функционалдық) жағдайы мен дене дайындығын арттыру. Дегенмен, айтарлықтай сауықтыру әсерлілігіне жету үшін дене жаттығулары елеулі қуат жұмсаумен қатар жүруі және ұлпаларға оттегі жеткізуді қамтамасыз ететін, тыныс алу және қан айналу жүйелерінің айтарлықтай аэробты бағыты болуы тиіс.
Сауықтыру бағытындағы дене жаттығуларының әсерлілігі шұғылданушылардың мерзімділігімен және ұзақтығымен, қарқындылығымен және пайдаланылатын құралдардың сипатымен, жұмыс және демалыс режімімен айқындалады.
Сауықтыру бағытындағы дене мәдениеті сабағы адамға тек дұрыс әсер етуі үшін бірқатар мына әдістемелік ережелерді сақтауы қажет.
1. Жүктеменің қарқыны мен ұзақтығын біртіндеп өсіру. Бастапқы жаттыққанының төмендігіне байланысты толықтыру күніне жеткен деңгейі қатынасын 3 - 5% құрауы тиіс, ал жоғары көрсеткіштерге жеткеннен кейін – аз. Ағзаға күш түсірмей, керісінше оған бейімделуге мүмкіндік беріп жүктемені біртіндеп артыру, барынша ұзақ және күрделі тапсырмаларды мына келесі әдістермен орындап шығуға болады:

Шамамен бірінші сабақтарда оның тығыздығы шамамен 45-50% тең, ағзаның дене жаттығуларына төселуіне қарай сабақтың жалпы уақытының 70-75% жетуі мүмкін;

  • дене жаттығулары орындалатын сабақтың қарқындылығын арттыру;

  • әртүрлі бұлшық ет топтарына, барлық буындарға және ішкі органдарға әсер ету үшін жаттығуда пайдаланылатын құралдарды біртіндеп ұлғайту;

  • қозғалыстың амплитудасымен күрделілігін арттыру;

  • сабақты дұрыс құру. Көңіл күйі, ауа райы, шұғылданушылардың дайындық дәрежесіне байланысты қыздырынуды, сабақтың негізгі және қорытынды бөлімін арттыруға немесе азайтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет