Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет60/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   147
Бақылау сұрақтары:

  1. Дене тәрбиесінің мөлшерлі негізі мен мазмұны.

  2. Дене тәрбиесің сауықтыру және қолданбалы бағыттары.

  3. Жүктемені оның сипаттамасына, бағытына және мөлшеріне қарай қалыптастыру ерекшеліктері.

  4. Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне үйрету теориясының негіздері.



12 Лекция сабағының тақырыбы : Ерте және мектеп жасына дейінгі балалар дене шынықтыруының негіздері
Сабақтың мақсаты: Студенттерге мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың жас ерекшелігіне байланыс дамыуы мен дене тәрбиесі әдістемесінің жас ерекшелік негіздерін оқытып үйрету
Жоспары:
1.Ерте және мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің негіздері.
2. Дене тәрбиесі жүйесіндегі бастапқы жас буынның рөлі.
3. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың жасқа байланысты дамуы мен одан кейінгі іс-әрекетке дайындық дайындық шарттарының заңдылықтары арқылы айқындалатын дене тәрбиесі міндеттерінің ерекшеліктері жетіліп бөлінуі.


Лекция мәтіні: Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі топтарындағы жалпы дене дайындығы. Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі топтарындағы жалпы дене дайындығының типтік сипаттамасын білу мұғалімге дене тәрбиесінің көпшілік процесін әртүрлі жас ерекшелігі топтарындағы тиімділікті сақтап дұрыс ұйымдастыруға (оқушылардың міндетті сабағы жүйесін қосып) мүмкіндік береді, сонымен бірге дене тәрбиесінің міндетті түрдегі формаларын, ерікті түрдегілерімен сауатты үйлестіру дене тәрбиесінің жалғасатын кәсіптік және спорттық сала бағыттары үшін құнды база жасайды.


Мектеп жасына дейінгі жас – бала дүниеге келгеннен мектеп партасына отырғанға дейінгі, яғни адамның жеке тұлға болып қалыптасуының және жас бала ағзасы дамуының ең маңызды кезеңі. Бұл жастардағы балаларда мықты денсаулық, жүйелі ақыл-ой, өнегелілік және дене дамуының негізі қаланады. Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеу жүйесінде дене мәдениетіне тәрбиелеу аса ерекше маңызды орын алады.
Бұл кезеңде балалардың ағзасы тез өсіп, дамиды, дегенмен оның сыртқы ортаның қолайсыз ауа-райына, (климатына) төзімділігі әлі төмен болғандықтан тез ауырып қалады. Сондықтан, жоспардың бірінші күн тәртібіне денсаулыққа қамқорлық қойылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде қозғалысқа деген қажеттілік ерекше зор. Жақсы жоспарланып ұйымдастырылған қозғалыс режімі (күн тәртібі) баланың сезіну аясы мен көңіл-күйіне, жалпы барлық өмір сүру қызметіне оңды әсерін тигізеді. Біртіндеп негізгі өмірге қажетті қозғалыстар қалыптасады, өзара байланыс және қарым-қатынас ауқымы кеңейеді. Дене тәрбиесі баланың қоршаған Әлем танымын ашудың басты жолдарының бірі болып табылып, оның психикалық дамуына әсер етеді. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі дене тәрбие процесі дұрыс дәрежеде жүргізілсе , шын мәнінде тек дене ғана емес алдағы жылдарда ақыл-ой өрісі де жақсы дамиды. ТМД елдері мемлекеттерінің кеңес үкіметі жүйесі кезіндегі орасан зор жетістігі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің бірегей жүйесін терең зерттеп, бірегей бағдарламаны өңдеп, жасап шығарып, оны балалар мекемелерінде ата-аналармен бірге іске асыруында еді.
Бала-бақшалар мен яслилерде (1-3 жас) сәбилерді тәрбиелеу, оның ішінде дене тәрбиесі оларға қолайлы жағдайда жүргізіледі : біріншіден, балалар педагогтар мен медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болады; екіншіден, онда гигиеналық тазалығы, күн режімі, жекелеген әртүрлі формадағы дене жаттығулары сабақтары мен шынығу процедуралары қамтамасыз етіледі ; үшіншіден, балалар өз құрбы-құрдастарының ортасында болып, әлеуметтік сезіну санасы қалыптасады және жеке тұлғалық қабілеттері дамиды. Мектепке дейінгі мекемелерде атқарылатын жұмыстар “Балалар бақшасында тәрбиелеу” туралы бірегей мемлекеттік бағдарламасына сәйкес іске асырылып, онда дене жаттығулары сабағының ұйымдастыру формалары мен міндеттерін, мазмұнын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет