Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Қолданылатын құралдардың әртүрлілігі



бет59/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   147
2. Қолданылатын құралдардың әртүрлілігі. Дене жүктемелерінің сапасының әртүрлілігі үшін барлығы 7-12 жаттығу жеткілікті, бірақ олардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы болуы тиіс. Бұлшық еттің үлкен санын жұмысқа қосатын жан-жақты жаттығу құралдарының тиімді құралдарына жүгіру, шаңғымен жүру, суға жүзу, ырғақты гимнастика және т.б. жатады.
Сауықтыру жаттығуының мазмұнына төзімділікке арналған жаттығулар кіруі тиіс (тізе бүгіп отыру, белтемірде немесе гимнастикалық қабырғада тартылып тұрып аяқты көтеру, шалқалап жатып, денені көтеріп отыру және т.б.), омыртқа желісі, қол және аяқ буындары үшін, сонымен бірге дене қалпын ауыстыру жаттығулары (кеудені оңға, солға, алға және артқа төмен еңкейту).

  1. Сабақтың жүйелілігі. Дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану ағзаның барлығына дерлік органдары мен жүйелеріне пайдалы әсер етеді. Мысал ретінде, 19– кестеде дене жүктемесінің жүрек қан тамырлары жүйесіне тиімді әсері көрсетілген.



19-кесте
Жаттыққан және жаттықпаған адамдардың жүрек қан тамыры жағдайындағы айырмашылық.

Көрсеткіштері

Жаттыққан адамдікі

Жаттықпаған адамдікі

Анатомиялық параметрлері:

  • Жүректің салмағы

  • жүректің көлемі

  • жүректің капиллялары мен жіңішке қан тамырлары

Физиологиялық параметрлері:

  • тыныштықтағы тамыр соғу жиілігі

  • тыныштықтағы қанның екпінді көлемі.

  • Тыныштықтағы қанның минуттық көлемі

  • систола кезіндегі артериалық қысым

  • тыныштықта 1 тәуліктегі жүрек жұмысы

  • тыныштықтағы қан тамырынан қанның ағуы

  • тыныштықта жүрек бұлшық еттерінің оттегі пайдалануы

  • қан тамыры қоры

Қанның максимальды минуттық көлемі
Қан тамырларының жағдайы:
Мосқал жастағы қан тамырының созылғыштығы
Перифериядағы капиллярлар саны
Ауруға шалдыққыштық:

  • атеросклерозға

  • көкірек жабесі

  • миокорд инфаркті

  • гипертония

350-500 гр


900-1400мл

саны көп
мин. 60 реттен кем соғады


100мл

мин. 5 литрдан көп.

120-130мм дейінгі сынап бағаны


5000-10000м/кг
мин. 250 мл
мин 30 мл
үлкен
мин. 30-35 литр

иілгіш, икемді


саны көп
әлсіз


әлсіз
әлсіз
әлсіз

250-300гр


600-800мл

саны аз
мин. 70-90 рет ұрады


50-70 мл

мин. 3-5 литр

140-160мм сынып бағаны


10000-15000 м/кг


мин. 250 мл


мин. 30 мл


аз
мин. 20 литр

иілгіштігін жоғалтады


аз санды
көрінетіндей


көрінетіндей
көрінетіндей
көрінетіндей

Қартаю процесінің дамуын тежейтін ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік туғызатын тиімді құралы белсенді қозғалыс режімі болып табылады.


Сауықтыру мақсатында әртүрлі жастағы адамдар үшін қозғалыс белсенділігінің келесі апталық көлемі ұсынылады (Бүкілодақтық дене мәдениеті ғылыми зерттеу институты 1987ж):

  • мектепке дейінгілер - 21-28 сағат

  • мектеп оқушылары – 14-21 сағат

  • арнайы орта оқу орны оқушылары – 10-14 сағат

  • студенттер – 10-14 сағат

  • қызметкерлер – 6-10 сағат

Шетел зерттеулерінде (Н.Меллерович, В.Меллер, 1978ж) қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігінен іс жүзінде дені сау адамдарда пайда болатын ерте ауру белгілері және шағымдар саналып шығады.
Қозғалыс белсенділігі, дене жүктемелері бейімдеу-реттегіш механизмдерді (тетіктерді) жетілдіруге, жаттықтыруға әкелетін бір қатар күшті әсерлерді қозғайды:
1/ үнемдегіштік күшті әсері (жұмыстың оттегілік құнының төмендеуі, жүректің барынша үнемді қызметі);
2/ антигипосикалық күшті әсері (ұлпаларды қанмен жабдықтауды жақсарту, өкпе ауа тазартуының үлкен диапазоны, митахондрилер артуы және т.б.);
3/ стреске қарсы күшті әсері (гипоталамогипофизарлық жүйелер және т.б.);
4/ генореттеуіш күшті әсері (көптеген белоктардың синтезін күшейту, жылдамдату, жасуша гипертрофиясы және т.б.);
5/ психикалық қуаттандыру күшті әсері (ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің өсуі, жақсы сезімнің басым болуы және т.б.);
Бұл күшті әсерлер кешенінің барлығы ағзаның сенімділігін, тұрақтылығын арттырады және өмір сүру ұзақтығының артуына, тез қартаюдың алдын алуға мүмкіндік туғызады.
Қозғалыс белсенділігі әр адамдарда немесе бір адамда әртүрлі және кезеңдері жеке ерекшеліктеріне және денсаулық жағдайына, әлеуметтік жағдайына және өмір режіміне қарай түрленеді.
Барынша жоғары қозғалыс белсенділігінен аса төмен қозғалыс белсенділігіне ауысуда нашар жаттығудан және бұлшық еттердің әрекетсіздігінен немесе керісінше, артық жаттыққандықтан бұлшық ет гипертензиясына шалдығуы мүмкін.
Көпшілік мамандар дене жаттығуларымен оттегінің қатысуымен биохимиялық реакция кезінде, яғни аэробты режімдеу пайда болатын жұмысқа қажетті қуат күшінің тамырдың дұрыс соғуы сәтінде шұғылдануды ұсынады. Мұндай жаттығулар жүрек-қан тамыры қызметіндегі бұзылудың пайда болу қауіптілігін іс жүзінде жояды.
Физиологтардың мәліметі бойынша адамның денсаулық жағдайымен жасына қарай ЖСЖ мин. 100-ден 170-180 рет соғудан артатын жүктеме кезіндегі сауықтыру бағытындағы жаттығу барынша әсерлі болады екен.
Әрбір шұғылданушы берілген жүктемесінің қарқындылығына бақылау өткізу үшін өзінің төменгі және жоғарғы қан-тамыры соғуының, сонымен бірге өзі үшін ЖСЖ үйлесімді ауытқу шегін білуі тиіс.
Қан тамыры соғуының төменгі шегі мына формуламен анықталады:
220-шұғылданушының жасы • 0,6
Қан тамыры соғуының жоғарғы шегі мына формуламен анықталады:
220-шұғылданушының жасы • 0,7.
ЖСЖ ауытқушылығы өте дербес, дегенмен ЖСЖ минутына 120-130 рет соғуы шұғылдануды жаңа бастағандардың жаттығу зонасы (аймағы). Мосқал тартқан, денсаулығы әлсіреген немесе жүрек-қан тамыры жүйесінде ауытқушылығы бар адамдардың шұғылдану кезіндегі тамыр соғу жиілігі минутына 120 рет соғудан аспауы тиіс.
ЖСЖ минутына 130-140 рет соғуы кезіндегі жаттығу шұғылдануды жаңа бастағандар үшін жалпы төзімділікті және дайындығы барлар үшін төзімділікті сақтауды қамтамасыз етеді.
Аэробты мүмкіндік пен жалпы төзімділікті дамыту үшін максимальды жаттығу әсері ЖСЖ минутына 144-тен 156 рет соғуына дейінгі жаттығу кезінде байқалады.
Дене жаттығуларын пайдалану кезінде үйлесімді сауықтыру әсерімен қамтамасыз ететін шешуші жағдай ағзаның қызметтік мүмкіндіктеріне жүктеме мөлшерінің сәйкестігі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет