Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Оларға эстетикалық тәрбие беру үшін -



бет63/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   147
Оларға эстетикалық тәрбие беру үшін - эстетикалық сезім, талғам, сыртқы келбетіне, бейнесіне, қозғалысына және әрекет, қызметіне, қоршаған ортаға, табиғатқа қарап ажыратып, бағалай білуге тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгілерді тәрбиелеу ашық көрсетілген кешенділік әсерімен сипатталады. Күнделікті балалармен кез келген пікірлесу формасымен сұқпаттасқанда әртүрлі міндеттерді шешуді қамтамасыз етуге талаптану , яғни баланың ішкі дүниесіне бүтіндей әсер ету керек. Мысалы, қимыл-қозғалыс ойынында қандай да бір арнайы міндетті шешу қарастырылғанымен, оны балалардың денелерін дамыту үшін сабақты барынша пайдалы ұйымдастыру жолдарын қарастырып, белсенді және дәл ойынға кіретін қозғалыстың орындалуын қамтамасыз ету, ұйымшыл әрекет қимылдарға, ойын ережелеріне мойын ұсынуға, ойынның мазмұнын түсіндіріп, біліктілік ауқымы мен эстетикалық көріністерді кеңейту, сөзді таза айтуды үйрету қажет.
Дене тәрбиесінің құралдары Денешынықтыру жаттығулары мектепке дейінгі жастағылардың барлық жас ерекшелік топтарында қолданылады. “Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасының” “Дене мәдениетіне тәрбиелеу” бөлімінде барлық топтар үшін міндеттері және денешынықтыру жаттығуларының негізгі түрлері берілген. Емшектегі жастағы 2 айлық кезінен бастап сылбыр және сылбыр-белсенді жаттығулар үлкендердің жәрдемімен орындалып массаж жасау, ауа ваннасы, ал кешірек – еңбектеу, жүруге дайындық жаттығулары, сырғанау және доп лақтыру, сонымен бірге басқа да ойыншықтармен, “Алақан соғу ойыны” типтес ырғақты жаттығулармен үйлестіріледі.
Мектепке дейінгі 3-7 жасар балалар үшін мыналар қолданылады :
1/ Гимнастикалық жаттығулар мына түрде : а/ Негізгі қозғалыс әрекеттерін үйретуге арналған жаттығулар ; жүру және жүгірудің әр түрі оның ішінде жіңішке тар жолақпен ; түзу екпінмен келіп тереңге, ұзындыққа, биіктікке секіру; кішкене құм толтырылған қапшықты, допты бір және екі қолмен лақтыру; еңбектеу, гимнастикалық сатымен және қиялап қойылған жазықтықпен өрмелеу; би жаттығулары ; ә/ Әртүрлі құрал-заттармен және оларсыз жалпы дамыту жаттығулары, басында имитациялық, үлкен балалар (6-7 жас) топтарында абстракталы ; б/ Жұбымен сапқа тұрғызу, қайта тұрғызу, шеңберге, қысқа лекке (колонналарға) және қатарға (шеренгаға) ;
2/ Негізінен мазмұнға әртүрлі қозғалыс әрекеттерін пайдаланып құрылған қимыл-қозғалыс ойындары; мектепке дейінгі үлкен (6-7 жастағылар) балаларға - ойыншыларды командаларға бөлу (мысалы, “Барлығы өз жалауларына”) ;
3/ Спорттық көңіл көтеру - шанамен, шаңғымен, велосипедпен, самокатпен, мұз жолағымен сырғанау, ал үлкендер (6-7 жастағылар) конькимен сырғанау, жүзу, спорт ойындарының элементтері (стол теннисі, бадминтон). Өмірдің гигиеналық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған күн режіміндегі ұйқы, тамақтану, серуендеу, жас өскен сайын белсенді қызмет әрекетімен барынша қанығады. Күн режімінің бұзылмай сақталуы сыртқы өзгеріп отыратын жағдайларға жақсы бейімделуді, қамтамасыз етіп, мақсатты бағытталған өзін жақсы сезінуді қамтамасыз етеді. Табиғаттың табиғи күштері арнайы шынығу процедурасы ретінде пайдаланылады. Сол сияқты, дұрыс ұйымдастырылған сыртқы орта факторлары : таза ауа, тазартылған жарық бөлме ; режімге сәйкес және жыл мезгілдерінде таза ауада жүру, серуендеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет