Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет74/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   147
Бақылау сұрақтары:

1. Сабақ құрылымы мен сабақ бөлімдерінің мазмұнына қарай топтастырлуы


2. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау әдістері, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау әдістері, оқушылардың әс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау әдістері, оқушылар іс-әрекеттерің белсенділігің арттыру әдістері.
Сабақтағы жүктемелерді реттеу тәсілдері, үлгерімді тексеру мен бағалау түрлері. Дене шынықтыру сабағындағы мұғалімнің дайындығы.


16 Лекция сабағының тақырыбы: Дене шынықтыру сабақтарында дене сапаларын дамытудағы негізгі талаптар.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге дене шынықтыру сабақтарында дене сапаларын дамытудағы негізгі талаптарын оқытып үйрету.
Жоспары:

  1. Мектеп жасындағы балалардың дене сапаларын тәрбиелеу ерекшеліктері.

  2. Дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалыс қабілеттерін тәрбиелеудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері.

  3. Дене шынықтыру сабақтарында дене қасиеттерінің даму деңгейін бақылау

Лекция мәтіні: Мектеп жасындағы балалардың дене қозғалысы сапаларына жалпы сипаттама Қозғалыс әрекетін меңгеру тек дағдыны қалыптастыруға ғана емес дене жаттығуларын орындауға мүмкіндік туғызатын қажетгі күш, жылдамдық, төзімділік, шыдамдылық және буын қоспаларының қозғалмалылығы сияқты сапалық ерекшеліктерінің дамуына да байланысты. Талапқа сай заңцылықтарды жақсы білу мұғалімге дене жаттығуларының дұрыс жұмыс жүргізу қатынасын және сандық нәтижесін табуға, сонымен бірге әрбір сапалық ерекшеліктерін барынша ұтымды дамыту үшін жас ерекшелік шекарасын анықтап, сапалық ерекшелігін дамытуда кешенділіктің оптимальді шамасын орнатуға мүмкіндік береді.
Дене қозғалыс сапалары қозғалыс әрекетінің мына сапалық ерекшеліктерінен тұрады: күш, жылдамдық, төзімділік (шыдамдылық), әбжілдік және буын қоспаларының қозғалмалылығы.
"Қозғалыс" және "дене" сапалары терминінің екеуі де дене тәрбиесі туралы ғылымда тең дәрежеде, өйткені олар осы сапалық ерекшеліктерді анықтайтын әр түрлі қозғаушы күштерге назарды шоғырландырады (үйыстырады).
"Қозғалыс сапалары" термині орталық жүйке реттегіштері жүйесімен қозғалысты басқаруға тікелей байланысты. Егер қозғалыстың биомеханикалық сипаттамасын бөліп алып қараса, онда "дене сапалары" термині пайдаланылады. Қозғалыс әрекетінің сапалық ерекшеліктерін адам ерік, жігерін физиологиялық және психологиялық реттеу түрғысынан қарап, үшінші "психо-моторлық сапалар" термині қолданылады. Қозғалыс сапаларын өз алдына дербес мына топтарға бөлу қалыптасқан: жылдамдық сапасы, күш сапасы және т.б. Дегенмен, кейбір сапаларда психо-физиологиялық механизмдері үқсас тура келетіндері байқалады, сондықтан күштің, шапшандықтың, төзімділіктің, әбжілдіктің дербес сапалық ерекшеліктері ретінде барынша өнерлілігінің ақиқатгығы айқындалады (бәрінен бүрын бүл әбжілдікке тән). Әр түрлі сапалардың жалпы бөліктері (компоненттері) мен механизмдерінің көрінуін іздеу, олардың бөлшектерге бөлінуге (дифференциацияға), құрамын айқындауға әкеледі. Бұрын қарапайым болып саналған кейбір сапалар енді бірқатар барынша қарапайым және бір-біріне байланысы жоқ дербес сапаларға бөлініп кетеді. Қазіргі уақытта олардың аяқталған жіктелуін беру, әсіресе, әр түрлі сапалардың көріну механизміне барынша дәл сілтеме жасау мүмкін емес. Дегенмен, әрбір қозғалыс сапасы құрылымының күрделілігіне қарамастан бірнеше бөліктерді қосып алады. Олардың біреуі қозғалыс аппараты мен дененің ^үтіндей құрылысын, ал басқалары реттеуші жүйенің қызмет ерекшелігін бейнелейді. Мысалы, әбжіддік (қозғалыстың дәлдігін қоса) морфологиялық және биохимиялық бөліктерге қарағанда орталық жүйке жүйесінің әсер етуіне көп байланысты. Күш пен шапшавдықтың көрінуі елеулі мөлшерде морфологиялық бөліктерге, яғни бойына, салмағына, бұлшық еттердегі және бүтіндей ағзадағы биохимиялық және гистологиялық өзгерістерге тәуелді. Қозғалыс сапасын құрайтын бөліктердің ішінде жалпы және арнайы түрлерін айыру қажет. Жалпы бөліктері қозғалыс сапасының бірнешеуіне тән (мысалы, өжеттіктің жігерлілік сапасы немесе төзімділіктің әр түрлерінің көрінуіндегі шыдамдылық). Арнайы бөліктері қандай да бір сапаның өзгешелік, ерекшелігін қамтамасыз етеді. Жалпы бөліктердің бар болуының арқасында бір сапаның жаттығуын екіншісіне ауыстыруға болады. Тағы да назарда үстайтын нәрсе бір бөліктің дамуы екіншісінің тежелуіне әкеледі, сондықтан бір сапаның дамуы екіншісінің көрінуінің деңгейін төмендетуі мүмкін.
Қозғалыс сапаларының қарапайым және күрделі түрлерін айырған дұрыс. Күрделіге, мысалы, әбжілдік, дәлдік жатады. Бүлардың ішіндегі өте қажетті бөліктері психикалық сапа болып табылады (мысалы, дәлдік көзбен мөлшерлеу шамасы). Қозғалыс сапаларының қарапайымына және күрделісіне де өзгеше ерекшелік қасиеттері тән (баскетболшының әбжілдігі мен гимнасттың әбжілдігінің шама бірлігі бірдей емес).
Қозғалыс сапалары дене тәрбиесі жүйесінде дамиды. Кейде қозғалыс сапаларын тәрбиелеу туралы айтады, бірақ мұндағы педагогикада қолданылатын "тәрбиелеу" ұғымы адамның бүтіндей жаңа тұлға ретіндегі бейнесін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қызмет. Қозғалыс әрекеттерінің сапалық ерекшеліктері өзінің ең оңай қарапайым түрінде жаңа дүниеге келген сәбиде де болады және ол шартсыз рефлекстерде көрінеді. Сондықтан қозғалыс сапасына "дамыту" термині барынша дәл келеді, яғни ол барынша кең ұғымда ағзада жүретін, ал барынша тар ұғымда адам бойындағы сапаларды жақсарту, дамыту.
Қозғалыс сапаларын дамыту кезеңдермен жүреді. Басында бір сапаның дамуы дәл осы сәтте арнайы дамытылмаған басқа сапалардың қатар өсуімен жүреді. Одан әрі бір сапаның дамуы басқаларының дамуын тежеуі мүмкін ("Дене сапаларының диссоциациялануы" Н.В.Зимкин, 1956 ж., А.В.Коробков 1958 ж.).
Мұндай құбылыстың белгілі бір механизмі (тетігі) анаэробты және аэробты процестердің арасындағы антагонизм, яғни бірінің дамуы екіншісінің тежелуіне немесе керісінше болады. Қозғалыс сапаларының жас ерекшелігіне қарай дамуы әр түрлі уақыттағысымен (гетерохронностью) сипатталады. Мұның мәні әр түрлі қозғалыс сапалары өзінің барынша табиғи дамуына әр түрлі жаста жетеді (жылдамдық сапасы 13-15 жаста, күштік сапа 25-30 жаста және т.б.).
Қозғалыс сапаларының әр түрлі бағыттағы өзгеруі жыныстық жетілу кезеңінде ерекше көрінеді. Бұл кезеңде жылдамдық-күш сапасының даму қарқыны тез артады да, ал қозғалыс жүйелілігі, қозғалыс параметрлерін мөлшерлеудің (өлшеу) дамуы тоқтайды немесе біршама кері кетеді. Бүл қозу жүйке жүйесінің қозғалмалылығынан дем беретін жылдамдық-күш сапаларының көрінуінен және үйлестік мүмкіндіктерін тежейтін нейродинамиканың өзгеруімен байланысты. Ағзаның жас ерекшелік дамуындағы елеулі өзгерістершен сипатталатын кезеңдері ауыспалы (критический) немесе сезімталдық (сензитивті) деп аталады. Мұндай кезеңдерде арнайы жаттығу белгілі сапаларды дамыту үшін барынша жоғары әсер береді (З.И.Кузнецова, 1975 ж.)- Оқушылар мен студенттерге дене шынықтыру жаттығуларын меңгеру дәрежесі қозғалыс әрекетін меңгеру кезінде басты болып саналатын дене сапасының даму деңгейіне байланысты. Бұл мәселенің толық шешімін табу үшін адамның дене сапаларына сипаттама беріп кеткен дұрыс.
Дене сапалары дегеніміз адамның қозғалыс мүмкіндігін анықтайтын ағзаның қызмет ету жүйесі болып саналады. Дене сапаларын негізгі бес салаларға айырмалаймыз: күш, шапшаңдық, төзімділік, иілгіштік, әбжілдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет