Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет76/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   147
Шапшаңдыққа тәрбиелеу. Шапшаңдық адамның қозғалыс және қозғалыс реакциясының жылдамдық сипатын анықтайтын кешенді қызметтік қасиеті, яғни өте аз уақытта қозғалыс әрекетін орындауды қамтамасыз ететін сапа. Солай бола тұрса да, қозғалыс шапшандығын қозғалу жылдамдығымен шатастыруға болмайды. Мысалы, коньки тебушінің 400-500 м қашықтыққа сырғанау жылдамдығы спринтер-жүгірушіге қарағанда жоғары, дегенмен, спринтердің қозғалыс шапшандығы артық. Спорт білімі туралы ең соңғы жаңа зерттеулерде "шапшаңдық" терминінің орнына "жылдамдық қабілеті" ұғымы пайдаланылады. Жылдамдық қабілетінің қарапайым майда (элементарный) және кешенді көрсету түрлері айырмаланады. Қарапайым, майда түрі мыналарда көрінеді:

  • қозғалыс реакциясы уақытының латентінде (жасырын);

  • жеке спортшының қозғалыс жылдамдығында;

  • қозғалыс жиілігінде;

Бұл шапшаңдықтың көрінуі барынша автономиялық. Спортпен шұғылданбаған адамның қарапайым қозғалыс реакциясының уақыты 0,2-0,3 секунд аралығында, ал дәрежелі спортшыларда 0,1-0,2 секунд аралығында ауытқумен болады. Атап айтқанда, жаттығу жүйесінде реакция уақыты бар болғаны 0,1 секундқа жақсарады екен. Бұл жерде айтарлықтай рөлді тұқым қуалаушылық жүйе ойнайды. 100 метрге жүгіруде спортты жаңа бастағандар мен дәрежелі спортшылардың нәтижелері 0,1 секунд емес толық секундтармен айырмаланады. Бұл, әрине, кездейсоқтық емес. Ең жоғары жылдамдықпен орындалатын көптеген қозғалыстарда екі кезең айырмаланады: жылдамдықты арттыру кезеңі (үдеу алу кезеңі) және жылдамдықты бірқалыпты жағдайға келтіру кезеңі. Мүндағы бірінші кезең сөрілік үдеуді, екіншісі, ара-қашықтық жылдамдығын сипаттайды. Екі кезең де өзара қатынаста бір-біріне тәуелді емес, бірақ егер біріншісі қозғалыс реакциясы мен қозғалыс жиілігінің латентті уақытына сүйенсе, ал екіншісі қозғалыс жиілігінен (ырғағынан) басқа да жылдамдық ара қашықтығын құрайтындарына сүйенеді (мысалы, 100 метрге жүгіруде қозғалысты орындау тәсіліне, аяқтың ұзындығына, жерден серпілу күшіне). Әр түрлі үйлестіктегі шапшаңдықтың көріну түрі және басқа қозғалыс сапаларының жиынтығы және әдістік дағдыларымен әр түрлі спорт түрлеріндегі жатгығу және жарыстық шараларға арналған сипаттағы күрделі қозғалыс әрекеттеріндегі (актілерінда) жылдамдық қабілеттерінің кешенді көрінуін қамтамасыз етеді. Мүндай кешенді көрінуге ара-қашықтық жылдамдығының жоғары деңгейге жетуі, сонымен бірге жарыстық сайыста жоғары қозғалыс жылдамдығын орындап, сөреден шығарда тез жылдамдық ала білу қабілеті жатады (мысалы, суға жүзуде бұрылыстардағы жылдамдық, бокстағы әр түрлі соққылар, гимнастикадағы секірулер және т.б.). Жылдамдық қабілетінің негізгі алғышарттарының бірі жүйкелік жүмыс жүйесінің қозғалмалылығы (жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктеріндегі қоздыру және тоқтату қызметтерінің ағынын жетілдіруді түсіндіретін) және жүйке-бұлшық ет үйлесімділігідеңгейі, сонымен бірге бұлшық ет ұлпаларының ерекшеліктері (әр түрлі бұлшық ет талшықтарының арақатынасы, олардың созылғыштығы) болып табылады. Жылдамдық қабілеттері басқа дене сапаларының деңгейімен, әдістерді жетілдірумен, ерік-жігер сапалары деңгейімен және т.б. тығыз байланыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет