Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем Сабақтастық байланыс – тілдік түлғалардып бірінің екіншісіне түлғалык жағынан да, мағыналық жағынан да бағынышты қатынаста тұруы. Құрмалас сөйлемде ол көбінесе бірінші предикативтік сыңардың екінші предикативтік сыңарға бағынышты қатынасынан көрінеді. Қонақ келетін болғандықтан, бұл өлке биелерін де жылдағыдан ерте байлапты (Әуезов). Мұнда бағыныштылық қатынас бірінші предикативтік сыңар баяндауышының (келетін болғандықтан) тиянақсыздыгы арқылы (-ғандықтан), әрі предикативтік сыңарлар арасында іліктестік (себептес) мағыналық катынастың орын алуынан байқалып тұр.
Құрмалас сөйлемдер осы байланыс сипаттарының ерекшеліктеріне орай екі негізгі түрге бөлінеді: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас құрма-лас сөйлем.
Алайда құрмалас сөйлем құрамы тек екі предикативтік орталықтан құралмайды, үш немесе одан да көп предикативтік орталықтан құрала береді. Олардың предикатив сыңарларының байланысы да салаластық және сабақтастық байланыстарға негізделеді.
Алғашқы сөйлемнің барлық предикативтік сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғаларда тұрып, салаласа байланысса, екінші сөйлемде компоненттерінің баяндауыштары тиянақсыз түлғаларға аяқтальп, сабақтаса байланысқан. Ал үшіншісінде алғашқы компонентінің баяндауышы тиянақты, екіншісінікі тиянақсыз, соңғысы тиянақты болып, компоненттері салаласа да, сабақтаса да байланысып келген. Демек, бұл құрмалас сөйле.мдер предикативтік сыңарларының саны жағынан ғана ерекшеленбесе, олар байланыс түрінің сипатына қарай ерекше тип бола алмайды.
Құрмалас сөйлемнің қүрылымы оны күрайтын предикатив сыңарларының санына қарай аныкталады. Тілімізде ойлаудың табиғаты күрделене түсуіне байланысты соңғы кездері екі компонентгі құрмалас сөйлемдермен қатар көп компонентгі (сыңарлы) күрмалас сөйлемдердін қатары көбейе түсті. Күрделі қүрылымды кұрмалас сөйлемдердің оздерінін тұлғалық, мағыналык. қыр-сырлары бірдей емес, әркелкі. Сондықтан олардың өздерін іштей жүйелеп бір ізге түсіру кажет. Осы айтылған жайларға байланысты кұрмалас сөйлемдерді жіктегенде, алдымен қүры-лымдық жағын ескеріп, оларды екі компонентті кұрмалас сөйлемдер және көп компонентті кұрмалас сөйлемдер деп бөліп алған жөн сияқты. Ал олардың кұрылымдық-мағыналық типтері солардың өз ішінде саралануы тиіс. Екі компонентті кұрмалас сөйлемдер, жоғарыда айтылғандай, бұрыннан қалыптасқан принцип бойынша салалас және сабақтас кұрмалас болып бөлінеді. Көп компонентті кұрмалас сөйлемдер: көп компонентті (сыңарлы) салалас, көп бағыныңқылы сабақтас және аралас құрмалас болып үш топқа жіктеледі.