Тарихтың процестің заңдылығын ашу қоғам дамуының келешегін болжауға мүмкіндік бере-ді. Болашақты болжауға адам сонау антика за-манында – ақ ұмытылыс жасаған.
Кейін орта ғасырда, жаңа заманда да әр елдің данышпандары қоғам келешегін көз алдына елестетті. Мәселен, Шарль Фурье, Жан-Жак Руссо, Томазо Компонелла сияқты француз философтары өз шығармаларын адамзаттың болашақтағы бақытты өміріне арнады. Бірақ, қоғам дамуының шынайы заңдылықтарын толық меңгермей бұл ойшылдардың ой-пікір ұлттық деңгейде қалып қойды.
ХҮІ ғасырда өмір сүрген Хасан Сәбитұлы (Асан қайғы) өз шығармаларында өз елінің келешегін былай деп жырлайды.
Зар-заман ақындары да отаршылдық езгісінде қалған қазақ жұртының болашағы жөнінде өз шығармаларында үлкен күйінішпен жазады.
Тарихтың болжамдық функцияларын пайдалануға барынша тырысқан марксшыл ғалымдар қоғамның дамуын қоғамдық-экономикалық формация негізінде қарастыратын марксизм теориясы әлеуметтік болжаудың жолдарын анықтады.
Бекіту сұрақтары: 1. Әлеуметтік ес функциясының тарих ғылымындағы маңызы? 2. Тарих ғылымы функциясының түсінігі? 3. Ғылыми-танымдық функциясына сипаттама? 4. Тәрбиелік функцияға мысал келтіріңіз? 5. Саяси-идеологиялық функцияның адамзат тарихындағы рөлі қандай? Әдебиеттер. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия.- Астана: «Фолиант». 2000. Әлібек Т., Күзембайұлы А. Тарих пәнінің тәрбиелік функциясы. // Облыстық Ыбырай Алтынсарин педагогикалық оқуларының материалдары. І бөлім. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, 2008. Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу /Құрастырған Р.Нұрғалиев,- Алматы: Жалын. 1991.- 399б. Боллингброк Г.С. Письма об изучении и пользе истории-М., Ковальченко И.Д. Методы исторического исследования. М., 1978.- 57-60 б. Күзембайұлы А. Тарихтың әлеуметтік функциясы. // Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. Ғылыми-әдістемелік журнал. –Қостанай, 2008. -№1. -101 б.