А л енді тарихтану теориясының бір күрделі саласы тарих таным принциптері. Олар сан-алуан. Тәжірибесі аз, жас зерттеушілер оларды кейде ғылымның әдістерімен шатыстырады. Принциптерді дұрыс пайдалану объективті тарих жазудың айнымас кепілі. Бірақ әрбір тарихшылар мектебі, философиялық ағымдар өкілдері әртүрлі принциптерді пайдаланады.
Қандай тарихшы болмасын өз зерттеуінде болған оқиғаның шындығына жетуге тырысары анық. Объективті дерекпен тар-ихи дәйекті пайдалана отырып жазылған тарихи шығарма объек-тивті болуға тиісті. Деректері шындыққа жанаспаса, дәйектері жанама болса зерттеуші тарихи процестің шындығына жете алмайды.
Неміс тарихшысы Л. Ренке кез келген тарихи уақиғаларды қалпына келтірген кезде объективтілік принциптерін қатты ұстанудыңқажеттілігін ескертеді.. «Тарих жазғанда «... бұл қалай болып еді?»деген сұраққа жауап бергенде ғана зерттеуші өз мақсатына толық жете алады» деп жазды ол.
Дегенмен де сол заманда Герман елінде тарихшылардан объективтілік принципін қолдаушылар аз болды. Бұл елде бірігу, халық болып ұйысу, бір орталыққа бағынған мемлекет құру үрдістері басталып кеткен болатын. Сондықтан, бұл іске көп болып жұмылу қажеттілігі туды. Осы процестің идеологиялық жағын қамтамасыз ету тарихшылардың қасиетті міндеті еді. Г. Трейки«тарихшы саясаттан тыс тұра алмайды»,олар ғылымның барлық мүмкіндігін өз елінің қажетіне жаратуды керек деп, барлық тарихшыларды осы мақсатты орындауға шақырды. Кейін неміс тарихшыларының тәжірибесін кеңес ғалымдары да тиімді пайдаланып, объективтілік принципін партиялық, таптық көзқараспен ауыстырды
Осындай жағдай қазіргі кезде біздің елде де туып отыр. Қазақ тарихын эвроцентризм және марксизм тұжырымдарынан тазартып, ұлттық тарих жасау жолында ақиқат принципін пайдаланудың пайдасы тиері анық. Бүгінгі ұлттық мүдде объективтілік принципімен сәйкес келе бермейді. Мысалы, 1916 жылғы қазақ еліндегі ұлт-азаттық қозғалыстың тарихын объективті түрде ашуға бола ма? Қазіргі Ресей тарихшылары қазақ халқын еліне опасыздық жасады деп кінәлайды. Міне, осы тарихи фактының шындығы қайда? Егер Ресей қазақ халқын өз азаматымдеп танып, орысқа істеген жақсылығын «бұратана» деп есептеген халықтарға да жасаса, онда әлбетте қазақтарРесейді отаным деп таныр еді.
ХХ ғасырдың басында Батыс Европа философтары тарихтың объективтілігін мойындаудан бас тартты.. Ғылымда субъективтілік пен релятивизм кең етек жайды. Осы ғасырдың 70-жылдары постмодернизм ағымын ұстанған зерттеушілер тарихи процестер-дің таза шындығын анықтау мүмкін емес деген тұжырымға келді. Сондықтан тарих көркем әдебиеттің бір саласы деп таныл-ды. Тарихи шындық зерттеуші ырқына бағынбайды, оның шегіне жету мүмкін емес деп дәлелдеуге тырысты.
Дегенмен де осыған қарап тарихи зерттеулердің шындығы жоқ деген қорытындыға келуге болмайды. Л. Ренке«... тарихи уақиға қалай өрбісе, сол күйінде жазылуы керек»деп дәлелделі. Оның айтуынша тарих әлемі объективті фактілердің тізбегі екен. Тарихи шығарма жазу барысында зерттеуші өзінің жеке басының көзқарасынан арылуы керек. Яғни, автордың саяси, ұлттық, коорпоративтік мүдделері шығармаға әсер етпеуі керек. Тарихшы болған уақиғаны сынап-мінемей, ыждаһатты түрде, мұқият баяндауы керек. Өкінішке орай, Л. Ренке сияқты объективизм ұранын ұстаған тарихшылар өмірде тым аз кездеседі.
Тарихи объективизмнің жеңіске жетуі үшін бірнеше факторлардың әсер етуі мүмкін. Біріншіден, белгілі бір тарихи уақиғаны баяндау үшін деректер корпусы толық болуы қажет. Бірнешеғасыр бұрын болып өткен қоғамдық құбылысты шындыққа жақын етіп көрсету үшін деректердің бірнеше типін, әр алуан түрін кешенді түрде пайдаланған жөн. Бұл жөнінде немістің белгілі ғалымы Марк Блок «Тарихтың әрқилы куәлігі – шексіз. Әрбір адамның айтқан сөзі, жазғаны, қолымен жасағаны, қолы тиген жерінің бәрі ол туралы дерек беруі керек» - деп жазды (Апология истории или ремесло историка).
Міне, сондықтан да дерегі жоқ тарихи уақиға болмауы тиісті. Екіншіден, тек қана зерттеуші ғана емес, сонымен қатар қоғамның өзі тарихи шындықты білуге мүдделі. Оны бұрмалау, жете бағаламау немесе асыра мақтау ғылым үшін де, бүгінгі өмір үшін де қиянат екендігін естен шығармауымыз керек.