Тарихи шығармаларда табиғи орта сол жердің тұрғындарыны антропологиялық параметрлері-не, мінезінің, шаруашылығының түрмыс-тірші-лігінің қалып-тасуына әсер етеді деген ұғым бар Х11ғасырда өмір сүрген,Тильберилік Гервасий өзінің «Императорские досуги» шығармасындаеуропа халықтарының мінез-құлқы табиғат жағыдайына байланысты өзгереді дейді.Мысалы римдіктердің көңілсіздгі,гретердің тұрақсызды-ғы,африкалықтардың қулығы, галлдардың мейрімсіздігі,ағыл-шындар мен тевтондарды күштілігі мен денелілігі олар мекендейтін географиялық ортаға байланысты дейді.Мұн-дай ойды сол Х11ғасырда өмір сүрген Камбрейлік Гиральда,Фрейзингендік Оттон,араб ойшылы Ибн Халдун еңбектерінен да көреміз.Олардың пікірінше әр халықтың ерекшелігі сол елдің табғатына байланысты көрінеді.
Кейін келе, әсіресе, Х1Х ғасырдың орта шенінде тарихи шы-ғармаларда зерттеп отырған елдің географиялық жағыдайына аса көңіл аударыла бастады.Тарих ғылымында геотарих және тарихи география бағыттары пайда болды.Екіншісінің өзінің-тарихи-физикалық,тұрғындардың тарихи географисы,шаруа-шылықтың,саяси тарихи география болып бөлінді.Соңғысы ішкі, сыртқы шекараны,қалалармен қамалдардың орналас-уы,әскери жорықтардың жолдарын шайқастардың картасхе-масын зерттеді.Тарихи география негізінен адамның әрекеті нәтижесінде өзгерген кеңістіктерді зерттеді.
Геотарих
Ал енді геотарих негізінде кеңістік пен уақыт синтезіидеясы жатыр.Ғылымның бұл саласында француз ғалымдары үлкен же-тістіктерге жетті.П.Видаль де ла Блаш «Антропогеография».Оның негізгі мамандығы тарих.Бі-рақ тарих пен географияны байланыстыра отырып ол жаңа ғы-лымның негізін қала-ды.Жалпы Францияда география тарихтың бір саласы ,ал тарих филологияның бір саласы болып есептелді. Сондықтан ол елде тарихта ,географияда филолгиия факульте-тінде оқытылды.ХХ ғасырдағыЛ,Февр жәнеФ.Бродель сияқты француз тарихшылары тарихи процесстегі географиялық фак-торларға аса мән берді.
Шекара.
Геотарихтың негізгі мәселесі-шекара.Шекараның өзі «табиғи» және «тарихи» болып екіге бөлінеді.Көне заманда қалыптасып, уақыт өте келе талас тудырмайтын «табиғи шекара». Ол бірте –бірте тарихи шекараға айналады.Ал әкімшілік, мемлекеттік шекараның бегілі бір уақыт аралығында бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Осы жерде талас туады, осы жерде тәжрибелі геотарихшының ақыл кеңесі қажет.
Кеңес үкіметі ыдыраған кезде оның құрамындағы республи-калар өз тәуелсіздігін алды.Қазіргі уақытта олар өз алдына мемлекет болып отыр. Мемлекеттік шекара ХХғасырдың 20-ыншы жылдарында анықталып берілген бойынша сызылды.Ол кезде берлық орыс емес халықтар бір мемлекеттің аясында болатын ,сондықтан ұлттық мүдде ескерілмеді. Бүгінде Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қрабах,Өзбек-стан, Қырғызстан,Тәжікстан арасындағы жер таласы соның куәсі.