Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


Тарихи құбылыстың реконструкциясы



бет81/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Тарихи құбылыстың реконструкциясы.
Зерттеудің эмпирикалық деңгейі. Москвалық ғалым Иван Ковальченко зерттеудің негізгі бөліміндегі атқарылатын шаруаны екі кезеңге бөледі –эмпирикалықжәне теориялық. Бірінші эмпирикалықдеңгейде қордаланған деректер негізінде зерттеу объектісі танылады. Алдына қойылған мақсат айналасында ғылыми гипотеза жасалады, құбылыстардың тобы анықталады, жинақталған деректер негізінде деректер (фактілер) дәлелденеді. Сөйтіп тарихи процестің конструкциясы, жобасы, нобайы жасалады. Процесті құрайтын құбылыстар деректер арқылы дәлелденеді.

Тарихи құбылыстың мазмұны айқындалғаннан кейін, зерттеуші теориялық тұжырым жасауға мүмкіндік алады. Егер эмпирикалық деңгейде тарихи құбылыс анықталса, баяндалса, теориялық деңгейде оның мәні, мәнісі түсіндіріледі. Әлбетте, екі деңгейдің арасында Қытай қабырғасы жоқ. Көбіне екі деңгей бір-бірімен байланысып, қабысып жатады. Эмпирикалық деңгейде де теориялық тұжырымдар жасалып, ал керісінше теориялық деңгейде эмпирикалық материалдар пайдаланылып жатады. Бұл жердегі қауіп осы екі деңгейді бірдей ұстау қиыншылығы. Кейде зерттеуші эмпирикалық материалдардың шырмауынан шыға алмайды, керісінше аз ғана деректерді негізге алып теориялық тұжырымдар жасайтын ғалымдар артып жығылады.


Шындығына келгенде қазақ тарихының кейбір кезеңдері бойынша деректік материалдар аз болғандықтан логикалық, түйсіктік, абстрактылық әдістерді пайдаланып дәлелсіз, негізсіз тұжырымдар жасауға тура келеді.

Зерттеудің теориялық деңгейі.
Ғалымдар арасында ғылымның зерттеу нәтижесі қандай болу қажет деген сұрақ жөнінде осы күнге дейін талас жүріп жатыр. Кез-келген ғылымның нәтижесі құбылысты түсіндіру екендігі белгілі. Неміс ғалымы, жоғарыда аты аталған В.Дильтей тарихшы болған уақиғаны түсіндіре алмайды деген болатын.
ХХ ғасырдың басында тарихшы қоғамдағы құбылысты баяндап қана қоймай, оны түсіндіру қажет деген пікір қалыптасты. Тарихи құбылысты ғылыми түрде түсіндіру дегеніміз оны белгілі бір заңдылыққа бағындыру деп түсіндірді, К.Темпель. Ал У.Дрей атты екінші бір ғалым адамдардың қылығын рационалды мотивті түсіндірді. Тарихи құбылыстарды түсіндірудің бұдан басқа да бірнеше жолдары бар.
Жеке адамның әсерінен болатын объективті және субъективті себептерді казуалды (себеп-салдарлық) түсініктер деп атаймыз. Түсініктің келесі түрін генетикалық дейміз. Мұндайда құбылыстың тууын, пайда болуын түсіндіру. Тарихилық принцип негізінде жүргізіледі. Кейде қоғамдық жүйедегі структуралық талдау арқылы оқиғаны тудырған белгілер мен элементтер жүйесін олардың арасындағы байланысты байқаймыз.
Структуралық түсініктің бір тармағы функциональді деп аталады. Бұл бойынша сол жүйенің функционалдық рөлін анықтаймыз.
Қолда бар деректерді пайдалана отырып тарихшы алдымен гипотеза (теориялық схема) жасайды. Содан кейін зерттеуші оны түсініктермен теориялық негізде тексереді. Егер нәтиже шықпаса ескі гипотеза жаңамен ауыстырылады. Бұл процесс дұрыс нәтиже бергенше қайта-қайта жасалады. Алынған дұрыс нәтиже тарихи теория болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет