Тарихи зерттеулердегі теорияның орны. Адамзат тарихын объективті баяндау барысында теорияға артылар жүк өте ауыр. Қоғамдағы толып жатқан құбылыстардың ара байланысын, оның себептері мен салдарын, түсініктер мен заңдылықтарды тек қана теория арқылы дәлелдеуге мүмкіндік бар.
Тарихи теорияларда кездесетін деректер көбінесе түсінік ретінде кездеседі. Теорияның негізгі міндеті осындай дәйектер мен түсініктердің басын біріктіреді. Сондықтан теория жасау үшін зерттеушінің объект жөнінде терең білімі, деректердің толықтығы, шығармашылық қабілеті жоғары болуы қажет.
Зерттеу міндеттерін қоюда, дәйектерді сұрыптауда және процес-ті бағыттауда теорияның рөлі зор. Қарап отырғандай, теорияның өте маңызды әдіснамалық (методологиялық) функциясы (қызметі) бар екен. Әлбетте, тек қана дәйектерді пайдаланып теориялық тұжырым жасау қиын шаруа. Дедуктивті әдісті қолдана отыра теорияны кейбір фактыны түсіндіруге болады. Ал керісінше теорияны факты арқылы түсіндірудің реті жоқ. Философтар теорияны өте күрделі жүйе деп есептеп оны түгелдей дәлелдеуге, немесе оған қарсы шығуға болмайды дейді. Өйткені оны жақтайтын, ақтайтын немесе теріске шығаратын факты табуға болады. Кез-келген теория тек белгілі бір құбылысты түсіндіреді де, тіпті ұқсас болсада, екінші бір оқиғаны тануға мүмкіндік бермейді.
Қоғам тарихын толық түсіндіретін барлық тарихшылар қолдайтын бірыңғай аксиомалық теория жоқ. Тарихшылар көбіне әлеуметтану, антропология, психология ғылымдарындағы дайын теорияларды пайдалануға әдеттенген. Өздері өзіне қажет теорияны жасап алуға онша ықыласты емес. Мұндай жағдай жедел түрде түзетуді қажет етеді.
Тарихи теорияның екі түрлі деңгейі бар. Бірін фундаменталдық (іргелі), екіншісі жекеленген (частный) қоғамдық-экономикалық формация, өркениет, тарихи процестің циклдық даму сияқты теориялар іргелінің қатарына жатады. Ал тап күресі, қоғамдық қатынастар әлеуметтанудағы кейбір теориялар жекеленген (частный) болып есептеледі. Теория көптеген белгілердің жиынтығы болуы керек. Біріншіден,оның айқын, нақтылы объектісі болуы, екіншідендәйектердің толықтығы, оны түрлендіру және тексеру мүмкіндігі болуы қажет.
Неміс ғалымы Карл Раймунд Поппер (1902-) кез-келген теорияның авторы өз жасаған тұжырымды жоққа шығаруға тырысып көруі керек. Сонда ғана ол теорияның өміршеңдігіне көз жеткізеді. Зерттеу нәтижесі негізге алған теорияға тікелей байланысты. Құбылысты анықтау үшін дұрыс таңдалмаған теория жақсы нәтиже бермейді.