Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет9/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Ферна́н Броде́ль ( 1902 -1985) —белгілі француз тарихшысы.

  • Француз тарихнамасындағы «Анналдар мектебінің» көрнекті қайраткері.

  • Тарихи процессті зерттеу барысында эканомикалық және географиялық факторларды ескеру қажеттілігін дәлелдеп тарих әдіснамасына айтарлықтай жаңалық кіргізген.

  • 1948 жылдан бастап Француз тарихи зерттеулер Орталығын басқарды. 

  • Одан кейін оқытушылықпен айналысты.

  • Ең белгілі еңбегі 1979 жылы жарық көрген үш томдық «Материальная цивилизация, экономика и капитализм XV—XVIII вв.»,










Тарих әдіснамасы проблемасын зерттеу жөнінде Ресей ғалымдары да көп еңбек етті. ХІХ ғ. соңғы ширегінде А.С.Лаппо-Данилевский орыс тарихтану дәстүрінің теориялық негізін қалады. Оның екі томдық «Методология истории» - атты еңбегі осы күнге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Ол тарих теориясын Санкт-Петербург Университетінде арнайы пән ретінде оқыта бастады.







Нақ осы жылдары орыстың екінші бір ғалымы Н.И.Кареев 1850-1931 жылдары Санкт Петербург қаласындағы жоғарғы әйелдер курсында тарих теориясын жеке пән ретінде лекция оқыды. Оның «История: теория исторического знания (СПб, 1913)», «Историология: теория истрического процесса (Прага, 1915)»атты еңбектері дүйім жұртқа мәлім болып, орыс тарихнамасына кіргізілген үлкен үлес еді.







Өкінішке орай, кеңес заманында тарих теориясы жеке пән ретіндегі статусынан айрылып, марксистік-лениндік философиясының бір бөлігі болып қалды. Бұл жағдай ХХ ғасырдың 60-шы жалдарына дейін созылды.Бұл тақырыпқа ғалымдар кейін қайта оралды. Кеңес үкіметінің белгілі ғалымдары И.С.Конның еңбегі мен белгілі тарихшы А.И.Даниловтың «Вопросы истории» журналына жазылған хатынан кейін кеңес ғалымдары тарих ғылымының әдіснамасына көңіл аудара бастады. 1960-70 жылдары көптеген университеттерде әдіснама курстары оқытыла бастады, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді.Өткен ғасырдың 80 жылдарында тарих әдіснамасы бойынша ауыз тұшытарлық еңбектер жарық көріп, бұрын қалыптасып қалған концепцияларға өзгерістер енгізілді. Еуропада жарық көрген, тарих ғылымына біршама жақсылықтар әкелген Л.Февр,Ф.Бродель, Ж.Ле Гоффа, К.Ясперса, А.Тойнби және тағы басқалардың еңбектері орыс тіліне аударылып, орыс тілі арқылы қазақ оқырмандарына да белгілі болды.
Осы кездерде бұрын жабылып қалған әдіснама Орталықтары қайта жанданып, жаңа тарихнама мектептері пайда болды. 1989 жылы Ресей Ғы-лымдар Академиясының «Жалпы тарих институты» ғалымдары алғашқы рет әдіснамаға арнап ғылыми журнал шығара бастады. Ресей мемлекеттік гума-нитарлық университеті профессорлары жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын жазды. Кеңес одағының Томск, Ростов на-Дону сияқты алыстағы қалалар-ында да зерттеу Орталықтар пайда болды.




1970 жылдардан бастап Москва университетінің тарих факультетінде тарих әдіснамасы пәні оқу жоспарына енгізілді. Осы университетте 70-ші жылдардан бастап тарих әдіснамасының жаңа бір бағыты – тарихи зерттеулерде математи-калық әдістерді пайдалану мектебі негізін қалады. И.Д.Ковальченконың басшы-лығымен екі бөлімнен тұратын тарихи зерттеулер әдісіне байланысты моногра-фиялық еңбек жазылды.Иван Дмитриевич Ковальченко (1923 — 1995) Кеңес тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы,профессор.1952 жылы Москва мемлекеттік универ-ситетін бітірген.1955жылы кандидат-тық,1966 жылы докторлық диссерта-цияларын қорғаған.1969-1988 жылдары«История СССР»журналының бас ре-дакторы болып қызмет істеген. Тарих ғылымындағы «клиометрия мектебінің негізін қалаушы. КСРО ҒА тарихинституты жанындағы мате-атикалық әдістерді тарихи зерттеулерде пайдалану коммисиясының негізін қалап, соған басшылық жаса-ды.1978-1990 жылдары Халықаралық эканомикалық тарих Ассоциасының атқару комитетінің мүшесі,1982жылдан тең төрағасы,1982 жылдан Халықаралық квантитативті тарих комиссиясының тең төрағасы, 1972 жылы КСРО ҒА корреспондент-мүшесі,1987 жылдан сол академияның толық мүшесі болып сайланды.




Осы университеттің келесі бір ғалымы Н.Б.Селунская«Проблемы методологии истории» атты еңбегін шығарып, ол арнаулы курс ретінде оқытыла бастады
Негізгі еңбектері:







Орыстың белгілі тарихшысы Иванов Геннадий Михайлович 1929 жылы Примор өлкесіндегі Усурийскі қаласында туған. 1951жылы Томскі мем-лекеттік педагогикалық институттың тарих факультетін бітірген.Еңбек жолын Томскі университетінің философия кафедрасында оқытушылық қыз-меттен бастаған. Қалған ғұмырында осы институтта аға-оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. И.Г.Иванов өзінің ғылыми зерттеу тақырыбын тарих ғылымының әдістемелік мәселелеріне арнаған. Әсіресе, тарихи танымның ерекшеліктері оның деректемелік базасы, тарихи дәйектерді талдау және теория жасау мәселелерімен айналысты. Оның пікірінше тарихи таным дегеніміз адамзаттың өзін-өзі танудың ретроспективті түрі. Егер біз тарихи ескерткіштерді адамзат әрекетінің нәти-жесі десек, ол белгілі бір әлеуметтік және ақпараттық жағдайда пайда бола-ды. Бұл ескерткіш тарихшының қолына түскеннен кейін ол гносеологиялық функция атқарады. Сөйтіп әлгі ескерткіш тарихты танудың құралына айна-лады. Г.Г.Ивановтың «Исторический источник историческое познание», «Методологические проблемы исторического познания» атты еңбек-терінің студентке берер ақпараты мол.







Осы салада жемісті еңбек еткен екінші бір тарихшы Барг Михаил Абрамович 1915 жылы туып, 1991 жылы дүниеден озған. 1936 жылы Киев педагогика институтын бітірген. 1939 жылы Харковь университетінің тарих факультетін тәмамдайды. 1956 жылдан бастап алдымен Москва мемлекеттік педагоги-калық институтында кейін КСРО Ғылым Академиясының жалпы тарих институтында қызмет істеген. М.А. Барг тарих ғылымының докторы, профессор, тарих әдіснамасы маманы. Әсіресе «Категории и методы исторической науки», «Эпохи и идеи». Становление историзма» атты еңбектері тарих ғылымына қосылған үлкен үлес болып есептеле-ді.









Тарих ғылымыны анықтама беруге тырысқан келесі бір ғалым-Ерофеев Николай Александрович тарих ғылымының докторы, профессор, Ресей Ғылым Академиясы «Жалпы тарих» институтының аға ғылыми қызметкері, ағылшын тарихының маманы, 1976 жылы «Что такое история?» атты еңбегін жариялады. Төрт тараудан тұратын бұл кітабында ол тарихи зерттеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдері, тарих ғылымының әдіснамалық және филсофиялық проблемалары, тарих ғылымының қоғамдық ғылымдар арасындағыорны оның иделогиялық күрестегі пәрменді құрал екендігі жөнінде сөз қозғайды. Еңбек маркстік-лениндік методология тұрғысында жазылса да оны кейбір мағлұматтарын білгенінің зияны жоқ .

Өмірі қысқа,бірақ,сол ғұмырында үлкен ғылыми жаңалықтар ашып,іргелі еңбектер жазып үлгірген Полетаев Андрей Владимирович 1952 жылы Москва қаласында дүни-еге келген, осы қалада 2010 жылы дүниеден озды. Ресейдің белгілі экономист, әрі тарих-шы ғалымы. Ғылыми бағыты интеллекті тарихы мен білімнің әлеуметі. 90-жылдардағы АҚШ елінің экономикасын зерттеу барысында әлемдік экономиканың дамуындағы циклдық процесс тақырыбына қызығушылық танытады. Кейін И.М. Савельева екеуі тарихтың теориясы мен әр замандағы даму сипатына көңіл аударды. Соның нәтиже-сінде 700 жүз беттен тұратын өздерінің атақты «История и время» кітабын жазды. Бұл ғылымтанудағы салыстырмалы әдістерді пайдаланудың классикалық түрі, ғылымдағы жаңа бетбұрыс болды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның өзі құрған, басшылық жасаған «Тарихи теориялық зерттеулер гуманитарлық институтына» оның аты берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет