Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет12/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
Түсінігі
Күнделікті өмірде тарих сөзінің әртүрлі мағанасын кездестіреміз. Кейде біз рет ретімен өткен бір оқиғаны тарих дейміз. Мысалы біреу өз өмірбаянын айта келіп –менің тарихым осындай- деуі мүмкін.Немесе, адам кейде бір қы-зық жағыдайға тап болса,соны баяндай келе –мен сондай тарихқа кездестім- дейді.
Физика маманының есіне, тарих десе, алдымен Ньютонның, Эйнштейннің, Резерфордтің немесе Ландаудың есімі түседі, Ал философ Конфуции,Платоне,Кант сияқты белгілітұлғалар жөнінде ойлайды.Бұл заңды құбылыс.Өйткені әр нәрсенің, әр заттың,әр оқиғаның өз тарихы бар.Тарих кешенді ғылым.Оны шектеу мүмкін емес.
Қоғамдағы әр құбылыстың, оқиғаның, адамзат әрекетінің өз тарихы бар.Бүгінгі қолданыстағы ғылымдардың,мекемелер мен өн-діріс орындарың да өз тарихы бар. Сондықтан бұл тарих терминінің универсалды (әмбебап) түсінігі.
Орыс тілінде пайдаланылып жүрген история терминінің негізінде көне гректің тілінен аударғанда –зерттеу,тану, анықтау деген түсінік жатыр екен. О заманда болған оқиғаның анық-қанығын анықтауды тарих деп түсінген. Кейін келе оның түсінігі мүлде басқа мағанаға ие болды. Бүгінде тарих деп бүкіл әлемдегі әр кезеңде әр елде болған оқиғалардың тізбегін әрі жиынтығын айтамыз
Тіпті тарих терминінің өзінің де толып жатқан түсініктері бар. Ғылымға грек тілінен енген historia термині «Өткен, баяғыуақиғажөніндегі әңгіме» дегенді білдіреді екен. Кейбір білгіштер бұл сөзді гректікі емес, олар мұны ертедегі римдіктерден алған дейді. Қалай болғанда да «хиштория» сөзі гректер арқылы бүкіл Еуропа халықтарының сөз қорынан орын алды. Тіпті 1934 жылы неміс тарихшысы К.Койк деген осы сөздің тарихына байланысты арнаулы кітап та жазды («Хистория: История слова и его значений в античности и в романских языках»).
Орыс ғалымдары А.Л.Витухновский тарих сөзінің сегіз мағанасын, ал В.Гулыги алты мағынасына тоқталады. Атақты ғалымдар Полетаев және Савельева өздерінің «Тарих және уақыт» деген іргелі еңбегінде тарих түсінігіне толығынан тоқталады.
Қалай дегенмен де біздің ойымызша бұл пәннің дефинициясы «Тарих дегеніміз адамзат қоғамының жүріп өткен жолдарын және оның заңдылығын зерттейтін ғылым» деп аталуы қажет. Тарихты екі түрлі ұғымда қарастырамыз. Алғашқысы оқу орындарында оқытылатын пән де, келесісі – ғылым.
Тарих ғылымы қоғамның барлық жағын зерттейді. Сондықтан да ол әр салалы. Экономика, саясат, мәдениет, әскери, әлеуметтік, дін және де басқа қоғамдық құбылыстарды зерттеп, саралайтын тарихтың негізгі салалары бар. Бұдан басқа тарихтың арнаулы пәндері болып есептелетін археология, этнология, палеография, антропология, хронология, тарихи география, геральдика, нумизматика т.б.с.с. тарих ғылымының бір бөлшегі болып есептелінгенмен өзде-рінің объектісі, алдына қойған мақсаты мен міндеттер бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет