Аманжол Күзембайұлы.Введение в специальность историка. Учеб. пособ.КГПИ.Костнай.2010.199 с.263 с. Аманжол Күзембайұлы.Тарихтану теориясы. Оқу құралы. Қостанай. 2011.
Қосымша мәлімет. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография инсти-туты – Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясына қарасты ғылыми-зерттеу институты. Инстиутут 1945 жылы құрылған болатын. 1991 жылға дейін Тарих, археология және этно-графия институты деп аталып келді.
Археология институтыҚазақ ССР Министірлер Кабинетінің 1991 жылғы 28 тамызындағы қаулысы бойынша ашылды.Ашы-ла сала оған қазақтың көрнекті ғалымы Әлкей Хақанұлы Мар-ұлан аты берілді.
Археолгия қазақ тарих ғылымының бір саласы ретінде 1946 жылдан бастап көрне бастаған болатын.Сол жылы тарих инс-титутының археологи бөлімінің басшысы болып Ә.Х, Марғұлан тағайындалған болатын,1953 жылдан бастап бұл қызметті екінші бір қазақтың көрнекті ғалымы Кемел Ақышұлы атқарды.
Институт – көне материалдық және мәдени ескерткіштерді зерттеумен айнал-ысатын ғылым мекеме. Институт құрамында 5 экспедиция ұйымдастырылған:Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясы (жетекшісі К.М.Байпақов)Орталық Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі Құрманқұлов)
Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі К.А.Ақышев)
Батыс Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі З.Самашев)
Түркістан археология экспедициясы (жетекшісі Б.Смағұлов).
Институт мамандары халықар. конференцияларда баянда-малар жасап, Вашингтон, Париж, Токио, Сеул қалаларында дәрістер оқыды. 1987 жылы Алматыда көшпелі және отырықшы мәдениетінің өзара қатынасы мәселесі жөнінде Халықаралық симпозиум өтті.Институт мамандары ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы – мәдени қатынас жолы» атты халықар. бағдарламасын жасауға қатысты. Институт антропогенез, көшпенділер мәселелері, урбанизация, мәдениеттану, палеоэкономика бағытында зерттеулер жүргізуде.