Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет39/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

XXI ғасырдыңбасында Батыс тарихшылары тарихи фактіге қатты көңіл аударды. Тіпті, оған зор мән беріліп, ол «фетишке» айналды. Кез-келген тарихы оқиғаны қалпына келтіру барысында фактіге негізгі орын берілді. Сонымен, факті дегеніміз не? Фактітермині – латын тілінен аударғанда «жасалған», «істелген» деген ұғымды білдіреді. Бізге оның екі бірдей түсінігі белгілі. Бірі – өткен заманда болғанды білдірсе, екіншісі – болған оқиғаның шындығын, дұрыстығын, анықтығын куәләндіратын категория деп есептеледі. Тарихи зерттеудің тарихи романнан, әңгімеден айырмашылығы, онда әр оқиға фактілермен дәлелденген. Сондықтан тарихи шығарма, аңыз, ертегілермен тарихи әнгімелерден шындыққа көп жақын.
Фактілер тарихи деректерде кездеседі. Оны тапқаннан кейін шындығын анықтау қажет. Ол үшін фактіні талдау, сын елегінен өткізу тарихшының негізгі міндеті. Сонымен, факті дегеніміз – болған тарихи оқиға жөніндегі шынайы білім.
Факті – тарихи шығарманың құндылығын арттыратын, өткен оқиғаның объективті түрде баяндайтын негізгі құрал. Ал енді фактіні ескермей, тарихи пайымдау жасау оқиға жөнінде абстрактілі пікір қалыптастыру болып есептеледі.
Позитившілер тарихи қорытындылауға сенімсіздік білдіреді. Олардың ойынша, кез-келген пайымдау тарихшының субъективті көзқарасы екен. Тарихшының міндеті бірімен бірі себеп-салдарлы байланыста тізіліп жатқан фактілерді бір жүйеге келтіру, Яғни, олардың ойынша, тарихшы өз қызметін эмпиризммен шектеуі қажет, Олар фактілерді мадақтаумен, талдаумен, сараптаумен айналыспауы керек екен.
Уақыт өте келе позитившілердің бұл пікірінің қате екендігі белгілі болды. Факті тек ғылыми-зерттеу барысында пайдаланатын материал ғана емес, сонымен қатар, ол оның нәтижесі екендігі дәлелденді. Ғылыми факт пайымдаудың негізі. Ал, пайымдау дегеніміз – ой қорыту жөніндегі ой қорыту.
Ағылшынның белгілі ғалымы Эдвард Карр «Что такое история?» деген кітабында факт бізге дейін таза күйінде жетпейді, ол тек тарихшының санасындағы ой қорыту. Факт бізге тарихшы арқылы жетеді. Сондықтан да, фактінің мазмұны тарихшының біліміне, оның ұстанымына байланысты дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет