Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет38/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Тарихи оқиға түсінігі
Тарихи білім саласында оқиғаның екі түрлі түсінігі бар. Оларды шартты түрде реалды және конструктивті деп екіге бөлуге болады. Оқиғаның реалді түсінігі тарихщылар көп тараған түрі. Өткен заманда болып өткен ішкі құрылымы бар оқиғалардың көпшілігі деректерде көрініс тапқан. Сондықтан олар зерттеушілерге дайын «шикізат» болып есептеледі. Автордың міндеті осы дайын оқиғаны шынайы және қоспасыз қағазға түсіру.
Оқиғаның конструктивті түсінігі зерттеушінің өзіне байланысты. Ол әртүрлі деректерді пайдалана отыра болған оқиға жөнінде ойдан конструкция жасайды. Яғни кез-келген тарихи оқиға зерттеушінің ой-қортындысы нәтижесінде пайда болған тарихшының шығармасы.
Өкінішке қарай зерттеушінің өткен оқиғаға тікелей қатынасы жоқ Олар оқиғаны тек деректер арқылы таниды. Оқиғаның жан-жақты баяндалуы, оның көлемі мен ішкі құрылымы деректер корпусының толық болуы қажет. Әлем тарихы бойынша болған оқиғалардың барлығы бірдей толық баяндалды деп айту қиын. Зерттелген оқиғалардан, зерттелмеген оқиғалардың көлемі бірнеше рет көп.
ХІХ – ХХ ғасырлардың тарихшылары оқиға мен тарих факт түсініктері жөнінде ортақ пікір жоқ. Өткен замандағы болып өткендерді оқиға дейміз де фактіні оны нақтылайтын, дәлелдейтін категория ретінде қарастырған.

Тарихи факт түсінігі
Кез-келген ғылымның негізінде фактілер жатыр. Ал, біздің тарих ғылымында фактілерді табу, оны талдау, оған әртүрлі мағына беру зерттеу ісінің негізгі міндеті. Тарихи факт түсінігі жөнінде ғалымдар арасында осы күнге дейін қалыптасқан ортақ пікір жоқ. Ғалымдардың бір тобы тарихи фактіні зерттеу жұмысының «тірі клеткасы» деп жоғарғы баға берсе, екінші бір тобы тарихи факт зерттеушінің қолындағы өзінің түсінігінше пайдаланатын ой-пікір дейді. Бұдан тарихи факт зерттеуші қолындағы ойыншық екен деген ой тумаса керек. Бірінші топтағы ғалымдар тарихи фактіні сол күйінде пайдаланса, екіншілері оларды өзінше түрлендіріп, зерттеу барысында өз еркінше пайдаланады. Содан болар, ғылымның даму процесінде бір тарихи оқиға жөнінде әртүрлі парадигмалар қалыптасып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет