Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


Тарихи факінің ерекшеліктері



бет41/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Тарихи факінің ерекшеліктері.
Тарихи фактінің бірінші ерекшелігі оның күрделігінде кейбір қарапайым фактінің өзі-нің бірнеше қыры бар, бірнеше мағына бе-реді. Бір факті бірнеше тақырыпқа негіз болуы мүмкін. Зерттеушінің алдына қойған мақсатына байланысты әрбір фак-тінің ғылымға тигізер пайдасы сан қилы. Кейде бір факті бойынша, бір біріне қарама қайшы қортындылар жасауға бола-ды. Мысалы, ХVIII ғасырдың отызыншы жылдары Әбілқайыр хан бастаған қазақ атқа мінерлерінің Ресей патшалығымен келісім шарты Қазақ тарихының үлкен кезеңінің бетін ашты. Бұл тарихи факт. Дәл осы фактіні қазақ-орыс қатынас-тары, Ресейдің отаршылдық саясаты, қазақ-жоңғар соғыстары сияқты бірнеше тақырыптарды зерттеу үшін пайдалануға болады.
Тарихи фактінің екінші бір ерекшілігі оның басқа да фак-тілермен тығыз байланыстылығында. Оларды бір бірінен бөліп алып, жеке қарастыру зерттеушіге біршама қиындық туғызады. Оны әлеуметтік контекстен бөліп алған жағдайда өзінің мағынасынан айырылып қалуы мүмкін.
Үшінші ерекшілігі тарихи факті әр қилы, әр түрлі. Мазмұны жағынан олар экономикалық, саяси, идеологиялық болып бөлінеді. Фактінің ішкі құрылымына қарай қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Олардың мәндісі және мәнсізі болады. Әрине бұлыай бөлу салыстырмалы. Ғылымда әр фактінің өз орны бар. Бір мәчселені зерттегенде белгілі бір факті мәнді болуы мүмкін, ал келесі бір жағдайда әлгі факті онша рөл ойнамауы мүмкін. Мәселен тарихта Абылайханның туған жылы жөнінде пікір талас бар. Ханның өмірбаяның зерттегенде бұл өте мәнді факті, ал енді жалпы ХVIII ғасырдың тарихын зерттегенде бұл фактінің онша мәні жоқ. Кейбір фак-тілер тарихтағы жай ғана бір эпизодты баяндаса ал енді кейбірі үлкен бір тарихи процестің қыр-сырын ашады.


Кейбір тарихи фактілер өмірде болған объективті оқиға-лардың көрінісін бере алмайды. Тарих ғылымында орын алған толып жатқан аңызға айналған фактілер бар. Мәселен ХІХ-ХХ ғасырдағы Ресей және Кеңес отаршылдары Қазақ еліне про-гресс пен өркениет әкелді деген факті бар. Шын мәнінде бұл факті қазақ руханиятының керсінше дағдарысқа ұшырағанды-ғын көрсетеді немесе Кеңес өкіметі Қазақ халқына бақыт әкелді деген факті де осы күні аңызға айналып отыр.


Қорыта айтқанда, тарихи фактісіз ғылым жоқ. Тарихшы фактілерді табады, оны таңдайды, мұқият талдайды, сөйтіп өз керегіне жаратады. Тарихшының тірнектеп жинаған тарихи фактілері осы процестерді өткеннен кейін ғылымның мүддесіне қызмет істейді. Тарихи фактінің ғылымдағы рөлі зерттеушінің біліміне, біліктілігіне, ғылыми және саяси көзқарасына бай-ланысты. Тарихи фактіні танудың шегі жоқ, оны терең зерттеген сайын тарихшы шындыққа біртабан болса да жақын-дай береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет